1. Ғылыми зерттеулер саласындағы ұлттық және халықаралық құқық негіздері


Қаржыландыру көздері бойынша ғылыми және зерттеу бағдарламалары



бет15/99
Дата15.05.2022
өлшемі87,95 Kb.
#143399
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99
Байланысты:
АлиАкжанМенеджмент

17. Қаржыландыру көздері бойынша ғылыми және зерттеу бағдарламалары.
Іргелі және басым қолданбалы зерттеулерді дамыту, ғылыми әлеуетті сақтау және дамыту үшін республикалық бюджет қаражатын бөлу көзделеді. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламалық-нысаналы қағидаттың негізінде жүзеге асырылады. Басым ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырыс бағдарламалық - нысаналы қағидатқа сәйкес конкурстық негізде тиісінше аттестаттаудан не аккредиттеуден өткен мемлекеттік және мемлекеттік емес ғылыми мекемелерде орналастырылуы мүмкін. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру: іргелі ғылыми зерттеулер; басым қолданбалы ғылыми зерттеулер; республиканың ұлттық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігінің мүдделеріне жауап беретін зерттеулердің стратегиялық бағыттары; ғылымды, техника мен технологияны дамытудың басым бағыттары бойынша Мемлекеттік мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар; Халықаралық бағдарламалар шеңберінде зерттеулер жүргізу үшін жүзеге асырылады. Мемлекет мемлекеттік ғылыми инфрақұрылымды дамытуды және бірегей ғылыми-техникалық объектілерді сақтауды жүзеге асырады және ғылыми ұйымдар үшін ғылыми жабдықтар сатып алуды субсидиялай алады. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ұсынылатын бағдарламалар мен ғылыми зерттеулер нәтижелеріне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық сараптама міндетті түрде жүргізіле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет