2. Денсаулық сақтау саласындағы зерттеулерді этикалық реттеу тәртібі мен принциптері. Клиникалық зерттеулерді этикалық бағалау принциптері.
Этикалық Комитет жүзеге асыратын этикалық сараптаманың, адамдардағы ғылыми зерттеулердің негізгі принциптері:
* тәуекелдерді бағалау және азайту;
* күтілетін пайданы бағалау,
* тәуекел мен пайданың арақатынасын талдау;
* ақпараттандырылған келісімді және оны алу процесін, сыналушыларды іріктеуді және оларды зерттеуге қатысуға ынталандыруды қарастыру
3. Субъект ретінде адамның қатысуымен медициналық зерттеулер жүргізудің этикалық принциптері. (Этикалық қағидалар-адам денсаулығы саласындағы қызметті адамгершілік жағынан орнықтыратын талаптардың жиынтығы.
Пациенттің таңдау құқығы (Autonomy) - науқас емді таңдауға немесе одан бас тартуға құқылы.
Науқас үшін пайда (Beneficence)- дәрігер тек науқастың мүддесі үшін әрекет етеді.
Басты принцип-зиян келтірмеу (Non-maleficence)медициналық ресурстарды әділ бөлу
Пациенттің қадір-қасиетін сақтау
Шынайы және адалдық (Truthfulness and honesty) пациенттің ақпараттандырылған келісімі.