1. Ғылыми зерттеулер саласындағы ұлттық және халықаралық құқық негіздері


Грант берушілердің отандық және шетелдік қорларының гранттарын іздеу және тарту



бет14/99
Дата15.05.2022
өлшемі87,95 Kb.
#143399
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   99
Байланысты:
АлиАкжанМенеджмент

16. Грант берушілердің отандық және шетелдік қорларының гранттарын іздеу және тарту
2-тарау. Гранттарды тарту тәртібі 7. Жобаларды дайындау, бағалау, алдын ала іріктеу жөніндегі іс-шараларды атқарушы агенттіктер жүзеге асырады.
8. Уәкілетті орган жобаларды іріктеу, бағалау және іске асыруды мониторингілеу жөніндегі жұмыстарға әдістемелік басшылықты, үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ гранттарды тарту мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен донорларға жүгінеді.
9. Уәкілетті орган гранттар беру мәселелері бойынша донорлармен келіссөздер процесін жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен донорлар арасындағы қаржылық және техникалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімдерді дайындау, келісу және оған қол қою жөніндегі жұмысты белгіленген тәртіппен жүргізеді.
12. Уәкілетті орган өтінімді қарауға қабылдау үшін:
1) мәлімделген жобалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының индикативтік жоспарында көрсетілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкестігі;
2) уәкілетті органның талаптарына сәйкес жоба бойынша жобаның және құжаттаманың қисынды негіздемесінің болуы;
3) жергілікті атқарушы орган өтінім берген жағдайда тиісті орталық атқарушы органның салалық қорытындысының болуы;
4) Атқарушы Агенттік тиісті кезеңге бірнеше өтінім берген жағдайда, мәлімделген жобаларды басымдылығы бойынша саралау.
14. Уәкілетті орган мәлімделген жобаларды іріктеуді және бағалауды жүргізеді, оның негізінде донорлардың қарауына жіберу үшін тиісті кезеңге арналған басым жобалардың тізімін қалыптастырады, ал байланысты гранттар жағдайында - республикалық бюджет комиссиясына (бұдан әрі - Бюджет комиссиясы).
16. Байланысты грантты беруге арналған өтінімді бюджет комиссиясы мақұлдаған кезде уәкілетті орган донорға тиісті сұрау салуды жібереді.
17. Жобаны донор мақұлдаған жағдайда уәкілетті орган грант туралы келісімді дайындау және келісу жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажеттігі туралы Атқарушы Агенттікке хабарлайды.
18. Байланысты гранттарды тарту грант сомасы мен республикалық бюджеттен қоса қаржыландырудың қажетті көлемі көрсетіле отырып, грант туралы әрбір жеке келісім бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет