1. Философия пәні. Философияның негізгі мәселесі



бет3/30
Дата28.11.2023
өлшемі348,58 Kb.
#193785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
1. Философия п ні. Философияны негізгі м селесі

Мәдениет философиясы — мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. “Мәдениет философиясы” терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт “мәдениет туралы ғылымдар” мен “табиғат туралы ғылымдарды” ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда “дәуір мәдениеті”, “этнос мәдениеті”, “ұлттық мәдениет”, “христиандық мәдениет”, “мұсылмандық шығыс мәдениеті”, тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі; Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік. Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі. Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі. Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте-бірте құндылықтарға айналды. Құндылықтар шындықты реттейді, оған мән, мағына, маңыз береді. Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам-тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет