1.3 Мұнай өндіру әдістерін таңдау
Мұнай өндіру әдісін таңдау - негізінен игерілетін кешеннің геология-лық сипаттамасына байланысты, мұнай және газдың физика-химиялық құрамы бойынша анықталады. Оларға біріншіден қабаттың жату тереңдігі, қабат қысымы мен температурасы, игеру кешенінің гидродина-микалық сипаттамасы, қабат жағдайындағы мұнайдың тұтқырлығы және т.б. жата-ды.
Мұнай және мұнайгаз ұңғымаларынан сұйықты өндіру әдісін таңдау – алдағы уақытта оларды тиімді пайдаланудың негізі болып табылады. Ол болатын себептердің жиынтығына тәуелді болады, бірақ негізгі нәтиже факторы экономикалық жағынан тиімді болуы қажет.
Бірдей өнім беріп тұрған ұңғымаларды сорапты жабдықтардың әр-түрлі жұмыс режимімен қамтамасыз етуге болады. Олардың ішінде көпші-лігі әрбір нақты жеке ұңғыма үшін тиімді облыста болады. Осыған байла-нысты сорап жабдығы мен режимін таңдауға байланысты есептердің ше-шімі ұңғыма өнімін жоғарылатуға алып келеді.
Ұңғыманы пайдалану кезіндегі маңызды жұмыстардың бірі, күрделі қаржы салымы мен пайдалану шығындары көлемінің аз болып, мұнайды өндірудің тиімділігін қамтамасыз ететін сорап қондырғысын таңдауға бай-ланысты ғылыми негіздер болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты ұңғыманы механикалық пайдалану кезін-де ұңғыманың техника-технологиялық сипаттамасы мен оларды пайдала-нудың кәсіпшілік-геологиялық шарттарын талдау нәтижелері негізінде ұңғыма ішілік және жер бетіндегі жабдықтарын таңдау болып табылады.
Мұнай ұңғымаларына сорап қондырғыларын компьютерлік бағдар-ламаларды қолданып таңдау кезінде, таңдауды жылдамдатып қана қоймай-ды, сонымен бірге қолмен есептеулер кезіндегі кездесетін көптеген қыс-қартуларға байланысты оның дәлдігін жоғарылатады.
Сондықтан, мұнай өндіруде фонтанды әдісті пайдалану ең тиімді әдістердің бірі болып табылады, және де сұйықты жоғарыға шығаруда қо-сымша энергия шығынын қажет етпейді, яғни қабаттың энергия қоры қол-данылады.
Ұңғыманың А.П. Крылов бойынша фонтандау шарты көтергіш құ-бырдың тиімді жұмыс режимімен бағаланады. Ал бұл шарттың бұзылуы ұңғыма сағасына газсұйық қоспасының келуін аздап тоқтатады. Көтергіш құбырдың жұмыс шартының бұзылуы (тиімді газ факторының төмендеуі, түптегі қысымның азаюы, ұңғыма өнімінің сулану мөлшерінің жоғарылауы және т.б.) оның өнімділігінің азайып, толықтай тоқтауына алып келеді.
Осыған орай игеру жобаларын құрастыру кезінде жобалық ұңғыма-лардың жұмыс параметрлері (Q, pпл, pc, d, L) бойынша игеру жұмысының жолдарын қарастыруымыз керек.
Негізі ұңғыма өнімінің сулану дәрежесі белгілі мәнге жеткенде, қа-бат қысымы және қабаттан келетін газдың көлемі төмендегенде, қабат энергиясы берілген режим кезінде ұңғыманың фонтандау процесін қамта-масыз ете алмайды. Сонымен ұңғыманың фонтандауы тоқтайды. Сұйықты көтеру үшін жоғарыдан белгілі мөлшерде қосымша энергия қажет болады немесе фонтанды ұңғыманы өндірудің механикалық әдісіне ауыстыруы-мыз қажет болады.
Мұнай кен орнының игеру көрсеткіштерін талдай отырып, өндіру ұңғымаларының саны өскенімен, ұңғыма өнімінің сулану мөлшері жоға-рылап, өткен жылдармен салыстырғанда өнім беруінің азаюы байқалса, онда фонтандау шартының нашарлап, оларды біртіндеп механикалық өнді-ру әдісіне ауыстыру қажет болады.
Мұнай ұңғымаларына сорап қондырғыларын таңдау дегеніміз, қабат-тағы сұйықты ұңғыма арқылы өндіру кезінде берілген тиімді жұмыс режим көрсеткіштерін (берілісі, арыны, қуаты және т.б.) қамтамасыз ететін қон-дырғылардың типтік өлшемдерін анықтау болып табылады. Қарапайым түрмен түсіндіретін болсақ, таңдау дегеніміз, «мұнай қабаты – ұңғыма – сорапты қондырғы» байланыс жүйесінің негізгі жұмыс көрсеткіштерін анықтау және осы көрсеткіштердің тиімді байланыстарын таңдау. Тиім-ділік әртүрлі критериялар бойынша келуі мүмкін, бірақта олардың соңғы нәтижесі өндірілген әрбір тонна мұнайдың өзіндік құнын төмендетуге ба-ғытталады. Осыған байланысты сорап жабдығы мен режимін таңдауға байланысты есептердің шешімі ұңғыма өнімін жоғарылатуға алып келеді.
Егерде, таңдалған сорапты қондырғының қуаты ұңғыма өнімін ай-дауға қажетті шамадан аз болса, онда ұңғыма жобаланған өнім көлемін бе-ре алмайды. Екінші жағынан, егер таңдалған сорапты қондырғының қуаты жобаланған шамадан көп болса, онда қабаттан алынатын сұйықтың көлемі жобадан көп болады да, ол сұйықты алу режимінің бұзылуына алып келуі мүмкін.
Осы мәселелерде ескере отырып, мұнай ұңғымасына сораптарды таң-дау кезінде мәндерді енгізу және есептеу уақытын қысқарту үшін таңдау әдістемесіне кейбір қосымшалар мен қысқартуларды қолдануды қажет етеді.
Іс-тәжірибе көрсеткендей, ұңғыма жабдықтарын дұрыс, нақты таң-дау көптеген көрсеткіштерге талдау жасау нәтижесінде болады.
Ұңғымадағы сұйықты көтеру процесінің энергия сыйымдылығы пай-далы әсер коэффициентіне (ПӘК) тәуелді болады, ол өндірудің әртүрлі әдістерінде әртүрлі мәнге ие болады.
Ұңғымаға қызмет көрсету мен жөндеудің құны өндіру әдісіне тікелей байланысты болады. Бірақта барлығы олай емес, мысалы газлифтілі ұңғы-маны жөндеу құны салыстырмалы түрде аз болады, дегенмен бұл жүйенің ПӘК-і белгілі тау-кен-геологиялық шартында өте төмен болуы мүмкін.
Осыған орай мұнай-газ ұңғымаларын пайдалану әдісін таңдауда не-гізгі ережелер келесі жағдайлармен анықталады.
1. Ұңғыманы пайдалану кезінде сұйықты жоғары көтерудің әрбір әді-сінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Таңдаудың негізі ұң-ғыманы пайдалану уақытының барлық кезеңінде шығынды салыстырмалы азайту арқылы болжанған өнімді алу болып табылады.
2. Әртүрлі әдіспен ұңғыманы пайдаланудың көрсеткіштерін өзара са-лыстырып, содан кейін оған экономикалық тұрғыда бағалау қажет.
3. Әдісті таңдау кезінде қызмет көрсететін маманның қажетті білік-тілігін ескеру қажет.
4. Пайдалану әдісін таңдау кезінде техникалық, технологиялық және т.б. жағдайларға байланысты өзгерістер мен шектеулер болған жағдайда есептеулерді кезеңді түрде қайта жүргізу керек.
Пайдалану әдістерін таңдауға негіз болатын механикалық әдіспен өндіруде қолданылатын үш технология бойынша таңдалатын көрсеткіш-терді қарастыралық:
1) штангалы тереңдік сорап;
2) штангалы винттік сорап;
3) батырмалы ортадан тепкіш электрлісорап.
Нәтижелері 1.1-кестеде көрсетілген. Айта кету керек, алынған мәлі-меттер Ресей, Қазақстан және АҚШ елдерінде ұңғымаларда пайдаланылып жатқан әдістерді талдау нәтижесінде алынған. Басқа кен орындарында бұл көрсеткіштер басқаша болуы мүмкін. Бірақта талдауға қажетті әдістемелер бойынша біріншіден, қолданылатын жабдықтардың техникалық мүмкін-діктері мен олардың өлшемдерінің әртүрлілігін ескеру қажет.
Мұнай өндіру әдістерін таңдауға байланысты есептерді тиімді шешу анықталған мәліметтер бар болған жағдайда мүмкін болады, олардың не-гізгі бөлігі кез-келген пайдалану әдісінің техника-экономикалық есептерін шешуге, ал қалған мәндер тек олардың кейбір мәндерін есептеуге арнал-ған. Мұнай өндіру әдістерін таңдауда негізінен техникалық, технология-лық, пайдаланушы, экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштер қарастыры-лады.
1.1- кесте - Пайдалану әдістерінің технологиялық және экономика-лық тиімділіктерін бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |