1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы



бет8/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау, №2 Практикалық жұмыс., Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі
Фонтанды арматура:
Қысымы бойынша фонтанды ұңғымаларда келесі стандарттар қабыл-данған: арматуралар: 7, 14, 21, 35, 70 және 105 МПа жұмыс қысымына есептелген, оның ішінде 7, 14, 21 және 35 МПа қысымға арналған арма-туралар екі есе жұмыс қысымына сыналады, ал 70 және 105 МПа қысым-дық арматуралар жарты қысымға сыналады.
Фонтанды арматуралар екі элементтен тұрады: құбыр басынан және фонтанды шыршадан.
Фонтанды арматуралар:

  • фонтанды құбырдың бір немесе екі тізбегін жалғау үшін;

  • фонтанды құбыр мен шегендеуші құбыр аралығын бақылау және саңылаусыздандыру үшін;

  • ұңғыманы меңгеру, пайдалану және жөндеудің технологиялық операцияларын жүргізу үшін;

  • ұңғыма өнімін лақтыру құбырларымен өлшегіш құбырларға жіберу үшін;

  • ұңғыма жұмысының режимін және тереңге зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арналған.




2.6-сурет - Біртізбекті көтергішке арналған төртжақты фонтанды ар-матура
1 – манометр; 2 –үш жүрісті жапқыш; 3 – буфер; 4, 9 – ысырма-лар; 5 – шыршаның төрт жақты құбыры; 6 – ауыспалы катушка; 7 – ауыспалы втулка; 8 – құбыр басының төрт жақты құбыры; 10 –штуцер; 11 – тізбек фланецы; 12 –буфер.
Фонтанды арматуралар құрылысы мен мықтылығына байланысты келесі топтарға бөлінеді:

  • қысымы бойынша – 7 МПа-дан 105 МПа дейін;

  • құбыр бағанының өткізгіш қимасының өлшеміне байланысты–50÷100мм;

  • фонтанды шыршаның құрылысы бойынша - төрт және үш жақты;

  • ұңғымаға түсірілетін құбыр тізбегінің санына байланысты – бір тізбекті және екі тізбекті;

  • бекіткіш қондырғылардың түріне байланысты – ысырмалы және бұрандалы.



2.7- сурет - Фонтанды арматуралардың типтік схемасы:
а,б – үш жақты арматуралар; в,г – төрт жақты арматуралар.
1 - манометр; 2 - манометрге арналған бекіткіш қондырғы; 3 – манометрге арналған флянец; 4 – бекіткіш қондырғы; 5 - үш жақты құбыр; 6 – дроссель; 7-құбыр басының ауыстырғышы; 8 – флянецті жалғағыш; 9 – құбыр басы; 10-фонтанды шырша.
Құбыр басы кондуктор және пайдалану құбырларының ұштарын бі-ріктіру үшін және құбыраралық кеңістікті саңылаусыздандырып, тізбек басын және фонтанды шыршаны көтеруге, тірек қызметіне арналған.
Фонтанды арматуралардың шифрлары келесі түрде болады:
- АФТ-65Кр-140, үш жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы 65мм, бұрандалы, 14 МПа жұмыс қысымына арналған;
- АФК-50Кр-210 – төрт жақты фонтанды арматура, өткізгіш қимасы 50 мм, бұрандалы, 21 МПа жұмыс қысымына арналған.
Фонтанды арматураның салмағы 3 тонна, биіктігі 4 м, ені 3,3 м.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет