Байланысты: азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Кабель. Батырмалы сорап қондырғысының электроқозғалтқышына электр энергиясын жеткізу үшін негізгі қорек кабелінен тұратын және электроқозғалтқышқа кабельдік желінің саңылаусыз жалғануын қамтамасыз ететін кабельді енгізу муфтасы бар ұзартқыш кабельдік желі арқылы іске асырылады.
Арналуына байланысты кабельдік желілерге мыналар кіреді:
негізгі кабель ретінде – КПБК, КТЭБК, КФСБК маркілі дөңгелек кабель мен КПБП, КТЭБ, КФСБ маркілі жалпақ кабельдер;
ұзартқыш ретінде – КПБП немесе КФСБ маркілі жалпақ кабельдер.
Кабельді енгізу муфтасы – дөңгелек типті. Полиэтиленді КПБК және КПБП маркілі кабельдер, қоршаған ортаның температурасы + 90 °С-қа дейін. КПБК және КПБП кабельдері ток өткізгіш мыс сымнан жасалған. Сырты екі қабат, беріктілігі жоғары полиэтиленмен оқшауланған және өзара бұралып байланысқан (КПБК кабелінде) немесе бір жазықтыққа жатқызылып (КПБП) жасалған (сонымен қатар жастық пен қорғаны болады).
КТЭБК және КТЭБ кабельдері термоэласто-қабаттан жасалады. Бұл кабельдер қоршаған орта температурасы + 110 °С болған кезде пайдалануға арналған. КФСБК және КФСБ кабельдері фторлық қабатпен оқшауланған және де қоршаған орта температурасы + 160 °С болған кезде қолдануға арналған. Бұдан басқа кабельдің көптеген түрі бар.
ЭОТС-ты ұңғымаға тағайындау бұрғылау кезінде енгізу, механика-лық өндіруге ауыстыру есептері арқылы МГӨБ әдісінде қабылданған тиім-ділік пен қарқындылық (ТУ бойынша) ЭОТС-ты пайдалануды қадағалау барысында жасалады.
Есептер МГӨБ-ның қолда бар төмендегідей барлық ақпарат негізінде шешіледі:
берілген ұңғыманың өнімділік коэффициенті (ұңғыманы гидродинамикалық зерттеу нәтижелері бойынша);
инклинометрия мәліметтері;
газ факторы;
қысым: - қабат қысымы және қанығу қысымы;
өндірілетін өнімнің сулануы;
шығарылатын бөлшектердің концентрациясы.
Бұл ақпараттардың дұрыстығын мұнай өндіру цехының бас геологы өз жауапкершілігіне алады.
Таңдау үрдісі кезінде МГӨБ-мен қабылданған әдісті жетекшілікке алу қажет. Бұл кезде газайырғышы жоқ қондырғылар үшін сораптың қа-былдауындағы еркін газдың құрамы 25 %-дан аспауы керек. Егер сораптан механикалық қоспалар немесе тұз шөгінділері айтарлықтай білінсе, онда ЭОТС-ты шламұстағышсыз түсіруге тыйым салынады.
Таңдау нәтижесінде белгілі болғаны:
есептік тәуліктік шығым (дебит);
сорап арыны;
пайдалану тізбегінің минимальді ішкі диаметрі;
түсіру тереңдігі;
есептік динамикалық деңгей;
ЭОТС көтергіші участогы мен түсіру аймағындағы жинау қисығының максимальді қарқыны.
Пайдаланудың ерекше жағдайлары:
көтергіш аймағындағы сұйықтың жоғары температурасы;
сораптың қабылдауындағы еркін газдың есептік пайыздық құрамы;
механикалық қоспалар мен тұздың құрамы;
айдалатын сұйықтағы көмірқышқыл газы мен күкіртсутегінің бо-луы паспорт-формулярға енгізіледі.
Қондырғыны ұңғымаға түсіруге дайындау:
жинақталған ОТЭС желісінің нөмірі мен типі пайдалану паспор-тына енгізіледі. Паспорт барлық монтаж жұмыстарынан бастап жөндеу ба-засына дейін ЭОТС-пен бірге болады;
қозғалтқыш, сорап, гидроқорғағыш, кері клапан, кабельдік желі ТУ бойынша бекітілген толық циклды сынақтан өтуі қажет;
қыс мезгілінде ұңғымаға жөнелтілуге дайын тұрған қозғалтқыш пен гидроқорғағыш ғимарат ішінде сақталуы керек, ал сораптың жұмысшы сатылары қатпайтын маймен майлануы керек.
ЭОТС-ты монтаждау:
ЭОТС-ты ұңғымаға жеткізу тек қана желілерді бекіткіші бар, барлық керекті құралдармен жабдықталған арнайы көлік құралымен жүзе-ге асырылады;
ЭОТС-ты тиеу-түсіру жұмыстары ТКРС (ұңғыманы ағымдағы күр-делі жөндеу) бригадасымен монтаждаушы бригаданың бірігуі және қон-дырғыны жеткізуші арнайы техниканың жүк көтергіш құрылғыларын қол-дану арқылы орындалуы қажет. ЭОТС желілерін түсіру ТКРС бригада-сының қабылдаушы көпіршелерінің аймағын мұнай өнімдері мен құмнан тазартудан кейін жүзеге асырылады. Ал кабельді барабан автоорамамен түсіріледі.
ЭОТС-ты ұңғымаға түсіру, саңылаусыздандыру және сынамалы қосу. ЭОТС-ты түсіру ағымдағы жөндеу бригадасы мен ұңғыманы жөндеу гра-фигіне сәйкес жүзеге асырылады.
Түсіру жұмыстары аяқталысымен бригада сальникті енгізгішті саңы-лаусыздандырғанға дейінгі және кейінгі оқшаулау кедергісін өлшейді (5 МОм-нан аз емес).
Кабель қорғағышының бос жатқан ұшын сағалық арматураның төменгі фланеціне гайкамен бекітеді де, сағадан басқару бекеті немесе клемма қорабына дейін кабель төсейді. Пайдалану паспортына түсірілген СКҚ саны, көтергіш тереңдігі және кабель ұзындығы енгізіледі.
Сынамалы қосу кезінде жүзеге асырылатын жұмыстар:
40 кг/см²-қа тең қысымға дейін ЭОТС-пен жұмыс істейтін лифтті қысымға сынайды;
сағалық арматураның саңылаусыздығы мен құбыр сыртындағы кері клапанның жұмысы тексеріледі;