1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы



бет33/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

1 – бас; 2 – радиалды подшипниктің төлкесі; 3 – білік; 4 – айырғыш; 5 – бағыттаушы аппарат-тар; 6 – жұмысшы дөңгелек; 7 – тұлға; 8 – шнек; 9 – негіз.
3500 айн/мин жиілікпен айналатын центри-фуганың қалақшалары анағұрлым ауыр сұйықты периферияға дейін және одан әрі өткізгіш арна ар-қылы жоғары қарай сорапқа ығыстырады, ал ана-ғұрлым жеңіл сұйық (бу) шамамен ортада қалып қояды да өткізгіш арна және шығарушы арналар арқылы ұңғыға кері қайтады.
Модульдердің өзара және кіріс-модулінің қозғалтқышпен жалғануы – фланецті.
Қосылыстар (кіріс-модулінің қозғалтқыш-пен және кіріс-модулінің газайырғышпен қосылы-сынан басқа) резиналық сақинамен тығыздалады.
Секция модулі- білігінің өзара қосылысы, секция-модулінің кіріс-модулінің білігімен, кіріс-модулі білігінің қозғалтқыштың гидроқорғағышы-ның білігімен қосылысы шлицті муфталармен жалғанған.
Газайырғышының білігі, секция-модулі және кіріс-модулі өзара шлицті муфталар көмегімен қосылған.Тұлға ұзындығы бірдей (2, 3 және 5) барлық сорап топтарының секция-модулінің білігі ұзындығы бойынша жетілдірілген.
Қарапайым орындалған сораптың секция-модулі мен кіріс-модулінің білігін әдетте калибрленген коррозияға төзімді, беріктілігі жоғары 03Х14Н7В маркілі болаттан жасайды және шетінде «НЖ» деген маркілеу белгісі болады, ал коррозияға төзімділігі жоғары сораптар үшін калибр-ленген Н65Д29ЮТ-ИШ К-монель болаттан жасалынады және бір шетіне «М» деген маркілеу белгісі болады.
Қарапайым орындалған сораптар үшін жұмысшы дөңгелектер мен бағыттаушы аппараттар модифицирленген сұр шойыннан жасалады, ал коррозияға төзімді етіп орындалған сораптар үшін «нирезист» типті моди-фицирленген ЧН16Д7ГХШ шойынынан орындалады. Қарапайым орындал-ған сораптар үшін жұмысшы дөңгелектерді радиациялы-модифицирленген полиамидтен жасауға болады.
Модуль-басы (модуль-головка) бір жағынан кері клапанға жалғауға арналған ішкі конустық бұрандасы бар да, екінші жағынан секция-мо-дуліне екі қабырға мен резиналық сақинаны жалғауға арналған фланецті тұлғадан тұрады. Қабырғалар модуль-басқа болттар мен серіппелі шайбасы бар гайкамен бекітіледі. Резиналық сақина модуль-бас пен секция-модулі-нің жалғанған жерін саңылаусыздандырады.

5.3 - кесте – Секция-модулінің саты саны





сорап

көрсеткіштері

секция-модулінің саны

саты саны

Бергіштігі м3/тәу.

Арыны, м

Қуаты, кВт

Сораптың ПӘК %

Жалпы

№ 2

№ 3

№ 5

Жалпы

Секция-модулінде

№ 2

№ 3

№ 5

ЭЦНМ5-50-1300

50

1360

17,94

43

2

1

-

1

264

72

-

192

ЭЦНМК5-50-1300




1360

17,94




2

1

-

1

264

72

-

192

ЭЦНМ5-50-1700




1725

22,76




3

-

3

-

336

-

112

-

ЭЦНМ5-80-1200

80

1235

21,77

51,5

2

1

-

1

269

73

-

196

ЭЦНМК5-80-1200




1235

21,77




2

1

-

1

269

73

-

196

Ескерту. Секция нөмірі тұлға ұзындығын білдіреді, м.
Кабельді бекітетін белбеуше болат сымнан және оған бекітілетін болат жолақтан тұрады. 5.4-кестеде әртүрлі жабдықтарға кабельді бекітуге арналған белбеушелердің ұзындығы көрсетілген. Белбеушені тек бір рет қана қолдануға болады.

5.4-кесте - Бекіткіш белбеушелер



Жабдық

Белбеуше коды

Белбеуше ұзындығы, мм

Сорапты компрессорлы құбыр 60 және 48мм

ЭН-21/1

300

Сорапты компрессорлы құбыр 73мм

ЭН-21/2

350

Сорапты компрессорлы құбыр 89мм

ЭН-21/3

390

5, 5А және 6 тобының сорабы

ЭН-21/4

460

Батырмалы қозғалтқыштар электроқозғалтқыш пен гидроқорға-ғыштан тұрады (5.5−суретте келтірілген).
Қ алыпты және коррозияға төзімді етіп жасалынған ПЭД сериялы жетілдірілген, үш-фазалы асинхронды, қысқа тұйықталған, екі полюсті, климаттық орындалуы – В, орналасу категориясы 5-ке тең батырмалы қозғалтқыш жиілігі 50 Гц айнымалы токпен жұмыс істейді және де мұнай ұңғыларынан қабат сұйығын айдау үшін модульді орындалған батырмалы ортадан тепкіш сораптың жетегі ретінде қол-данылады.
Қозғалтқыштар температурасы 110ºС-ге дейінгі қабат сұйығы (мұнай мен ілеспе су-дың кез-келген мөлшерінде) ортасында жұ-мыс жасауға арналған және төмендегідей шарттар орындалғанда:

  • МООС шкаласы бойынша бөлшектер-дің салыстырмалы қаттылығы 5 балл механи-калық қоспалар – 0,5 г/л-ден көп емес үшін;

  • күкіртсутегі: қалыпты орындалған тү-рі үшін – 0,01 г/л-ден көп емес; коррозияға төзімдісі үшін – 1,25 г/л-ден көп емес;

  • еркін (бос) газ (көлемі бойынша) – 50%-дан көп емес. Қозғалтқыштың жұмысы аймағындағы гидростатикалық қысым 20 МПа-дан үлкен емес.

5.5−сурет - Бір секциялы электрқозғалт-қыш:
1 – қақпақ; 2 – бас; 3 – өкше; 4 – өкше асты; 5 – тығын; 6 – статор орамасы; 7 – төлке; 8 – ротор; 9 – статор; 10 – магнит; 11 – сүзгі (фильтр); 12 – колодка (негіз); 13 – ұшты кабель; 14 – сақина; 15 – тығыздаушы сақина; 16 – корпус; 17, 18 – тығын
5 және 5А тобы сорабының модуль-басында сорапты компрессорлы тегіс құбырлардың муфтасының жалғауға арналған бұрандасы болады.
6-шы топ сорабының модуль-басы екі түрде орындалады: 73 мм және 89 мм (ГОСТ 633-80) муфталы бұрандамен.
73 мм-лік бұрандалы модуль-бас номиналды бергіштігі 800 м³/тәу-ке дейінгі сораптар үшін, ал 89 мм-лік бұрандалы модуль-бас үшін 800 м³/тәу-тен жоғары.
Секция-модулі тұлға, білік, сатылар пакетінен (жұмысшы дөңгелек-тер мен бағыттаушы аппараттардан), жоғарғы подшипник, төменгі под-шипник, жоғарғы өстік тіректен, бастан, негізден, екі қабырға және рези-налық сақинадан тұрады. Секция-модулінің саты саны 5.3-кестеде көрсе-тілген.
Секция-модулі өзара, сонымен қатар бұрандалы қосылыстар және тұлға мен саты пакетінің арасындағы кеңістік резиналық сақина көмегімен саңылаусызданады.
Кіріс-модулі қабат сұйығын өткізуге арналған тесіктері бар тұлғадан, подшипникті төлке мен тордан, модуль білігін гидроқорғағыш білігімен қосуға арналған шлицті муфта және де білікті қорғағыш төлкелерден тұра-ды.
ПЭДУСК-125-117ДВ5 ТУ 16-652.029-86 қозғалтқышының шифрын-да келесі белгіленулер қабылданған: ПЭДУ – батырмалы электроқозғалт-қыш, жетілдірілген; С–секциялы (егер әріп болмаса, секциялы емес); К–коррозияға төзімді (егер әріп болмаса – қарапайым дегенді білдіреді); 125 – қуаты, кВт; 117 – корпус диаметрі, мм; Д – гидро-қорғағыштың жаңартылу шифры (егер әріп болмаса – негізгі түрі); В5 – климаттық орындалуы мен орналасу санаты (категориясы).
ЭДК45-117В электроқозғалтқышының шифрында келесі атаулар қабылданған: ЭД – электроқозғалтқыш; К – коррозияға төзімді (егер әріп жоқ болса – қарапайым дегенді білдіреді); 45 – қуаты, кВт; 117 – тұлға диаметрі, мм; В – жоғарғы секция (егер әріп болмаса, онда секциялы емес); С – ортаңғы секция; Н – төменгі секция;
ПК92Д гидроқорғағышы үшін келесілерді білдіреді: П – протектор;
К – коррозияға төзімді (егер әріп болмаса – қалыпты орындалған); 92 – корпус диаметрі, мм; Д – диафрагма мен жаңартылған (егер әріп болмаса – онда негізгі модель (түрі) барьерлі сұйықтықпен).
Қозғалтқыштың типі, номиналды параметрлері 5.5 - кестеде келтіріл-ген. Қозғалтқышты қосу, жұмысын басқару және оны апаттық режимдер-ден қорғау арнайы жинақталған құрылғылар арқылы жүзеге асырылады. Электроқозғалтқыштар кернеуі 30 кВ-тан кем емес МАПЭД майымен тол-тырылады.

5.5 - кесте - Қозғалтқыштың типі және номинальді параметрлері



Қозғалтқыш

Номиналды қуаты, кВт

Номиналды кернеу, В

Номиналды ток, A

ПЭДУ16-103В5; ПЭДУ16-103ДВ5;
ПЭДУК16-103В5; ПЭДУК16-103ДВ5

16

530

26

ПЭДУ22-103В5; ПЭДУ22-103ДВ5;
ПЭДУК22-103В5; ПЭДУК22-103ДВ5

22

700

27

ПЭДУ32-103В5; ПЭДУ32-103ДВ5;
ПЭДУК32-103В5; ПЭДУК32- 103ДВ5

32

1000

27,5


ТМС-3 термоманометриялық жүйе. ЭОТС-пен жабдықталған ұңғы-малардың кейбір технологиялық параметрлерін бақылауға және де батыр-малы агрегатты аномальді жұмыс режимі (электроқозғалтқыштың қызып кетуі немесе сораптың қабылдауындағы сұйықтың рұқсат етілетін қысы-мынан төмендеу) кезінде қорғауға арналған.
ТМС-3 жүйесі қысым мен температураны трансформациялап жиілік-ті манипулирленген электр дыбысына айналдырушы ұңғымалық айналды-рушыдан және қысым мен температура бойынша батырмалы электросорап-тың жұмыс режимін басқару құрылғысы мен дыбыс күшейткіш – қалып-тастырғыш қорек блогының қызметін атқарушы жер үсті құралынан тұра-ды.
Қысым мен температураны қалыптастыратын электроқозғалтқыш-тың төменгі бөлігіне орналастырылатын және оның статор орамасының нөлдік нүктесіне жалғанған саңылаусыз цилиндр тәрізді контейнер түрінде жасалған ШГС жинақталған құрылғысына орнатылатын жер үсті құралы сорапты қысым мен температура бойынша оның қосылуы және ажырауы-ның дыбысын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Байланыс желісі мен ПДТ электр қорегі ретінде батырмалы электро-қозғалтқыштың қорек желісі қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет