1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы



бет29/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді
Кристалдар мен кристаллография туралы түсінік Геология және пайдалы қазбалар кен оындарын барлау, №2 Практикалық жұмыс., Дип.-Жетібай-кен-орнында-мұнайды-жинау-жүйесі
Сорап клапандары (4.7 және 4.8-суреттер).
Салыстырмалы түрде сораптардың тез тоттанатын бөлшектерінің бірі клапан. Сұйық бағанының әсерімен ұзақ мерзім бойына ершікке шариктің үздіксіз соққылауы әсерінен беткі бөлігі ұрылып, сорап клапанының саңылаусыздығы бұзылады. Әсіресе клапанның ауыр шарттағы жұмыс шарттары абразивті құм аралас сұйықты айдау кезінде және коррозиялық орта пайда болған уақытта түзіледі.
Әрбір салынатын және салынбайтын сораптың жоғарғы жағындағы алмастырғыштың таңбасы ұрылады, онда 1- дайындаушы зауыттың тауарлы белгісі, 2-сораптың зауыттық номері, 3-сорап шифры, шартты диаметрі, плундердің мүмкіндік жүріс ұзындығы, 4-сораптың шыққан жылы жазылады.
Одан бөлек, әрбір сораптың жоғарғы бөлігіндегі қаптамасында сорап шифры жазылады, мысалы, НГН2-43-4200-II-П-120. Бұл, 2-типтегі салынбайтын сорап, диаметрі 43 мм, плунжердің ең үлкен жүрісі 4200 мм, ІІ-топтағы пескобрей (П) түріндегі орнықтырылған плунжері бар, сынау қысымы 120 атмосфера (12 МПа).
Содан бөлек барлық сораптар, барлық техникалық мәліметтерімен жабдықталады.


4.7-сурет - Клапан сағалары:


а - НГН-1 (43, 55 және 68 мм) сорабына арналған айдау клапандары;
б - НГН-1 (43, 55 және 68 мм) сорабына арналған сору клапандары;
1 - клапан клеткасы; 2 - шарик; 3 – клапан ершігі; 4 - ниппель немесе ниппель-конус



4.8 - сурет - Сору клапанының штогын ұстағышы бар НГН-2 сорабының төменгі айдау клапандары:


1 - клапан клеткасы; 2 - шарик; 3 – клапан ершігі; 4 - ұстағыш корпусы; 5 – ұстағыш


4.4 Мұнай өндіруге арналған штангалы винтті сорапты қондыр-ғылар

4.4.1 Қондырғының құрылысы және ерекшеліктері

Мұнайды өндіруге арналған штангалы сорапты қондырғылардың бір түрі болып, жер бетіндегі жетекті винтті штангалы сорапты қондырғылар (ВШСҚ) табылады (4.9-сурет).


Терең мұнай ұңғымаларынан мұнай өндіруге арналған ВШСҚ мұнай кәсіпшілік нарығында 80-жылдардың басында АҚШ және Францияда пайда болды. Қазіргі кезде берілісі 0,5-тен 1000 м3/тәу және қысымы 6 ÷ 30МПа аралығында болатын ВСШҚ көптеген түрлері жасалған.


4.9 - сурет - Мұнай өндіруге арналған штангалы винтті сорапты
қондырғының ұңғыма сағасында орналасуының жалпы көрінісі

ВСШҚ жеткілікті кеңінен таралуының себебі мұнай өндірудің басқа механикалық әдістерімен салыстырғанда, олардың техника-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары болуы.
ШҰСҚ-мен салыстырғанда:

  • жетегінің құрылысының қарапайымдылығы мен салмағының аздығы;

  • қондырғы жетегін орнату үшін фундаменттің қажет еместігі;

  • тасымалдау, құрастыру және газданған сұйықты айдау мүмкіндігі;

  • ұңғымалы сорапты клапандардың болмауы.

Электр жетекті винтті сораптармен салыстырғанда:

  • сорап құрылысының қарапайымдылығы (шарнирлі қосылыстардың қосу муфталарының, радиалды және остік подшипниктердің болмауы);

  • жетекші электр қозғалтқыштың жер бетінде болуы (оның құнының төмен болуы, гидроқорғаудың және ұзын кабель болмауына байланысты).

ВСШҚ пайдаланудың қолайлы облысы жоғары тұтқырлы, газ құрамы және механикалық қоспалар жеткілікті жоғары, тік ұңғымалар болып табылады. ВСШҚ 3÷ 100 м3/тәу беріліс және ағыны 1000÷1500м тереңдіктегі ұңғымаларда қолданады. Бірақ, ВСШҚ кейбір түрлері одан да көп көлемде сұйық өндіру мүмкіндігіне ие болады.
ВСШҚ жер бетіндегі және ұңғыма жабдықтарының құрамынан тұрады.
Жер бетіндегі жабдықтар ұңғымада құбыр басында орнатылады және жетекші электрқозғалтқыштың энергиясын айналатын штанг тізбегінің механикалық энергиясына айналдырып беруге арналған.
Жер бетіндегі жабдықтар:

  • қабаттық сұйықты шығаруға арналған үш жақты құбыр (тройник);

  • жетекші бас;

  • жетекші қозғалтқышты бекітуге арналған рама;

  • трансмиссия;

  • жетекші қозғалтқыш, басқару құрылғысымен;

  • шынықтырылған штокты ұстауға арналған құрылғы.


Жетекші бас штанг тізбегіне айналу моментін беруге, штанг салма-ғынан осьтік күштерді және сораптың жұмыс органдарынан гидравлика-лық күштерді қабылдауға және ұңғыма сағасын саңылаусыздандыру үшін арналған.
Құрылысы жағынан жетекші бас флянецті немесе резбалы қосылыс-пен үш жақты құбырда (тройникте) орнатылған. Остік күшті қабылдайтын тіректі подшипник ретінде конусты немесе сфера тәрізді роликті подшип-никтер қолданылады.
Айналатын жетекші білікті және сағалық штокты саңылаусыздан-дыру үшін нығыздағыш сақина және орамды сальникті құрылғы қолданы-лады.
Жетекші қозғалтқыш тоқтағаннан кейін, штанг тізбегінің кері айна-луын болдырмау үшін тежегіш құрылғысымен жабдықталады.



4.10 - сурет - Штангалы винтті сораптың технологиялық схемасы:
1 - Ұңғыма сағасы.
2 - Төрт жақты құбыр. 3 - Задвижка ЗМ65*21.
4 - Катушка.
5 - Винтті сорап.
6 - Шарикті кран.
7 - Сынама алатын кран.
8 - Винт.
9 - Манометр МПУ.
10 - Обойма.
11 - Сорапты-компрессорлы
құбыр.
12- Муфта.
13- Анкер.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет