а) НГН-1 түріндегі штогы бар салынбайтын сорап;
б) НГН-2 түріндегі ұстағышы бар салынбайтын сорап;
1 - айдау клапандары; 2 - цилиндр; 3 - плунжер; 4 - ұзартқыш- құбырлар; 5 - сору клапандары; 6 - конус ершігі; 7 - ұстағыш шток;
8 - екінші айдау клапаны; 9 - ұстағыш; 10 - клапанды ұстауға арналған ұшы;
в) НГВ-1 түріндегі салынатын сорап;
1 - штанга; 2 - СКҚ; 3- отырғызу конусы; 4 - тіректі құлып;
5 - цилиндр; 6- плунжер; 7- бағыттаушы құбыр
НГН-2 типті сорапты (4.5-сурет, б) – екі айдау клапаны бар. Бұл зиянды кеңістік көлемін елеулі азайтады және газдалған сұйықты айдап шығару кезінде толу коэффициентін көбейтеді. Осы сораптарда сору клапанын (5) жіберіп отырғызу және шығару үшін штокты ұстайтын арнайы ұстағыш (9) болады. Плунжерді штангамен түсіргеннен кейін және штанганы бұру арқылы сору клапанын конусқа отырғызудан кейін, ұстағыш штоктан ажыратылады да, плунжер цилиндр ұзындығының әр түрлі шамалы жүрісті қайтымды-үдемелі қозғалыс жасай алады. Сорапты жөндеу үшін көтерудің алдында ұстағышпен конустың штогын ұстау қажет. Бұл плунжерді шегіне жеткенге дейін отырғызып, штанганы сағат тілімен бұрау арқылы іске асады. Егер конусты ұстау операциясы сәтсіз болса, онда сорап құбырын сұйықпен бірге көтеруге тура келеді, бұл ағымды жөндеу бригадасының жұмысын қиындатады.
Салынатын НГВ-1 сораптарында плунжердің жоғарғы және төменгі бөлігінде орналасқан бір немесе екі клапаны болады.
Салынбайтын сораптарда – цилиндр ұңғымаға плунжерсіз сорапты компрессорлық құбырмен түсіріледі. Плунжер сорапты штанга арқылы жеке түсіріледі.Плунжер цилиндрге плунжерге ілінген сору клапанымен бірге енгізіледі. Плунжерді цилиндр сорабына құбырлар арқылы еш зақымсыз жеткізу үшін, құбырдың ішкі диаметрі плунжердің сыртқы диаметрінен (6 мм шамасында) үлкен болуы керек. Салынбайтын сорапты алмастыру немесе жөндеу кезінде жоғары шығару үшін, алдымен соңында плунжер ілінген штангаларды, содан кейін сорап цилиндрі ілінген сорап құбырларын шығару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |