1 ҰҢҒымамен мұнай және газ өндіру технология-сы


Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғылар (ШҰСҚ)



бет25/35
Дата29.10.2022
өлшемі3,08 Mb.
#155563
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
азіргі уа ытта ы м анай ж не газ нерк сібінде, о ай м най нді

4.3.3 Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғылар (ШҰСҚ)

Штангалы ұңғымалы сорапты қондырғылар (ШҰСҚ) - мұнай өндіру саласындағы ең кең таралған сорапты қондырғылар. Сораптың кең тара-луы аз және орташа шығынды ұңғымаларды пайдалануда сәйкесті қарапа-йымдылығына және ыңғайлылығына негізделген.
ШҰСҚ жетектен (тербегіш-қондырғы), сағалық жабдықтан, сорапты штангы тізбегінен, СКҚ тізбегінен, ұңғымалы сораптан және қосымша жер асты жабдықтарынан тұрады [11].
Жетек қозғалтқыш энергиясын ілгері-кейінді қозғалатын сорапты штангы тізбегіне механикалық энергияға айналдырып беру үшін арналған. Жетек ретінде тербегіш-қондырғы төрт звеномен бірге (теңгергіш, шатун, кривошип және қозғалмайтын тірек) редуктор білігінің айналу қозғалысын теңгергіш басының ілгері-кейінді қозғалысына айналдырады.
Сорапты штангы тізбегі (4.3-сурет) бір-бірімен резьбалы қосылыспен қосылған жеке штангалардан тұратын серіппе түрінде дайындалады, және механикалық энергияны жетектен ұңғыма сорабына береді.

4.3-сурет - Сорапты штангы және жалғағыш муфта




Ұңғыма сорабы қозғалатын штанганың механикалық энергиясын ай-далатын қабат сұйығының механикалық энергиясына айналдырады.
С КҚ тізбегі айдалатын қабат сұйығын жер бетіне көтеруге арналған канал ретінде қызмет атқарады жә-не ұңғыма сорабының цилиндрін ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
СКҚ тізбегінің төменгі бөлі-гін шектейтін якорь, қабаттық сұ-йықтан ұңғыма сорабына келетін газ және құмды бөліп тұратын газ және құм якорлары, кейбір жағдай-ларда клапан - ажыратқыштар.
Сағалық жабдықтар СКҚ тіз-бегінің ішкі кеңістігін және оның мұнай кәсіпшілік коллектормен байланысын саңылаусыздандырып тұрады (4.4-сурет).

4.4-сурет - Штангалы сорапты қондырғы сағасының жабдықталуы:



1 - тізбекті фланец,
2 - планшайба,
3 - СКҚ,
4- тіректі муфта,
5 – үш жақты құбыр,
6 – сальник корпусы,
7– жылтыратылған шток,
8 – сальник сағасы,
9 - саль­никті толтырғыш.

Қосымша жер асты жабдықтары әр ұңғымалардың ерекшеліктеріне байланысты орнатылады, оларға төмендегілер жатады:
ШҰСҚ принципиалды ерекшеліктері - орындаушы механизм (сорап) және жетек (тербегіш-қондырғы) арасында ұзын механикалық байланыс-тың болуы. Орындаушы механизмге энергия осы механикалық байланыс-пен беріледі. Берілген байланыс диаметрі бойынша СКҚ ішкі өлшемдеріне байланысты шектелген, яғни оның диаметрі үлкейген сайын салмағы да өседі. Штангы тізбегінің үлкен ұзындығы және сәйкесті кіші диаметрі со-рапқа берілетін қуатты азайтады.
ШСҚ пайдалы қуаты аз тереңдікте 28 кВт және орташа тереңдікте 23кВт. ШҰСҚ-ны қолданудың тиімді облысы 100÷120 м3/тәу беріліспен және 1500÷1800 м тереңдікте түсірумен шектелген.
ШҰСҚ жинақ түрінде келмейді, ұңғымада жекелеген түйіндермен жинақталады.
Зауытқа тапсырыс беретін негізгі бөлшектер: ұңғыма сорабы, штан-галар, тербегіш-қондырғы, құбырлар (СКҚ), сағалық жабдықтар.
ШҰС ұзын цилиндр, шарикті клапан және ұзын жүрісті плунжерлі сорап түрінде жасалады. Плунжер жоғары көтерілгенде ол цилиндр қабырғасымен және штангы арасындағы сұйықты айдайды, ал плунжер астындағы кеңістікте ұңғымадан сору клапаны арқылы сұйық ағып толады. Плунжер төмен түскенде сораптың айдау клапаны арқылы сұйық жоғары қарай көтеріледі, яғни бұл сорап − дифференциалды.
СКҚ тізбегіне бекітілу әдісі бойынша сораптар салынбайтын (құ-бырлы) және салынатын болып бөлінеді (4.5-сурет).

4.5-сурет - Штангалы ұңғымалы сораптардың принципиальды схема-сы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет