1. Физиология пәнінің мазмұны мен маңызы



бет45/51
Дата12.10.2023
өлшемі189,93 Kb.
#184901
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51
Байланысты:
сессия ажжф

75.Қарындағы ас қорытылу

Қарынның орыны көкеттің астында, құрсақ қуысының сол жақ жоғарғы жағында орналасқан ас қорытуға қатысатын ас қорту мүшесінің бірі. Қарын- іші қуыс бірыңғай салалы бұлшық етті мүше. Қарын жоғардан өңешпен жалғасып, төменгі жағы он екі елі ішекпен жалғасады. Қарынның көлемін ішіндегі қатпарлы шырышты қабықша үлкейтеді. Қарын қабырғасын құрайтын бірыңғай салалы бұшық еттер үш қабат болып орналасады. Сырытқы қабаты – ұзын, ортаңғы қабаты - сақиналы, ішкі қабаты - қиғаш орналасқан.


Қарынның шырышты қабатында көптеген бездер болады, олар қарын сөлін бөлу қызметін атқарады. Қарынның ұлтабар және өңешпен жалғасқан жері сақина тәрізді бұлшық еттерден тұрады.
Қарындағы ас қоймалжыңы қарын сөлінің әсерімен ас қортылады. Қарын сөлінің құрамында түрлі заттар болады. Олар: органикалық заттар, тұздар, су және тұз қышқылынан тұрады. 0,3% - 0,5%- тұз қышқылы, 98%- су қалған бөлігін органикалық заттар құрайды. Әдетте қарын сөлінің ph реакциасы қышқылдық ортаны көрсетеді. Қарын сөлінің құрамында майларды ыдырататын липаза,сүт казейнін қорытатын химозин, нәруызды қорытатын пепсинсияқты ферменттер болады.
Пепсин ферменті қышқылды жағыдайда активті қызмет атқарады, әдетте рН реакция 1,5-2,5-ті көрсетеді. Қарында тағам құрамындағы барлық белоктар түбегейлі ыдырайды, сонымен қатар қарындағы тұз қышқылының көмегімен аспен бірге түскен түрлі бактериялардыда қортып жібереді. Біз бұдан қарын тек ас қортуға ғана қатынасып қоймай ағза үшін қорғаныстық қызмет атқара алады.
Қарын сөліндегі липаза кіші молокулалы майларды ғана қортып, май қышұылы мен глицеринге дейін ыдыратады.
Бұл ферменттың жұмыс жасауы үшін тұз қышқылықылының көмегімен майларды ыдыратуы керек. Қарынның ішінде ас 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.
Әдетте үлкен адмдардың қарыны тік, нәрестелердің қарыны көлденең орналасады. Балалардың жас шамасына қарай қарынның көлемі мен пішіні өзгеріп отырады. Бала туылғаннан 1,5 жасына дейін қарын дөңгелек пішінді, 2-3 жасында қарын алмұрт пішінді, 7 жастан кейін үлкен адамдардікіндей болады.
Қарындағы астың қорытылуы негізінен құрамындағы ферменттердің көмегі арқылы қорытылып отырады. Бірақ ас толығымен қорытылып кетпейді, тек белгілі мөлшері ғана қорытылып отырады. Қарын астың ең ұзақ сақталатын орыны болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет