1. Физиологияның ғылым ретінде жалпы сипаттамасы


Зат алмасудың маңызы, оның негізгі кезеңдері. Анаболизм және катаболизм. Зат алмасудың пластикалық ролі



бет71/124
Дата14.12.2022
өлшемі258,44 Kb.
#162696
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124
Байланысты:
Физио сессия шпор 132новый (копия)
алеуметтану, techspec 8576771 22656151, techspec 8574640 22652487, Физио рк №3
86. Зат алмасудың маңызы, оның негізгі кезеңдері. Анаболизм және катаболизм. Зат алмасудың пластикалық ролі.
Жалпы организмнің зат алмасуы оның тіршілігіне аса маңызды үрдістердің бірі. Зат алмасуы үш кезеңнен тұрады: ағзаға түсу (тыныс алу және тамақтану), метаболизм (анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссмиляция) және де ағзадан соңғы өнімдердің бөлінуі. Катаболизм-органикалық молекулалардың соңғы өнімдерге дейінгі ыдырау процесі. Органикалық заттардың айналуының соңғы өнімдері – СО2, су, және несепнәр. Катаболизм процестеріне ас қорыту кезінде де, жасушалардың құрылымдық - функционалдық компоненттерінің ыдырауы кезінде де пайда болатын метаболиттер қосылады. Катаболизм реакциялары энергияның бөлінуімен (экзергониялық реакциялар) жүреді. Анаболизм-құрылыс блоктары күрделі макромолекулаларға қосылғанда биосинтетикалық процестерді біріктіреді. Анаболикалық реакцияларда катаболизм кезінде босатылатын энергия (эндергониялық реакциялар) қолданылады. Метаболизм қарқындылығы. Метаболизмнің қарқындылығына: бұлшық ет жұмысы, жуырдағы тамақ ішу, қоршаған ортаның жоғары және төмен температурасы; бойы, салмағы және дене бетінің ауданы, жынысы, эмоциялық жағдайы; жасы; дене температурасы; қалқанша безінің йод бар гормондары және адреналин әсер етеді. Химиялық заттар тотығу әсерінен потенциалдық энергия пайда болады. Содан кейін ол кинетикалық энергия, соңында жылуға айналады. Энергияның барлығы организмнің өімр сүруіне, жүріп-тұруына, жасушада жаңа заттар түйзілуіне, организмнің қызметтеріне жұмсалынады. Организмнің метаболизмі үшін сырттан түсетін витаминдер, минералды заттар, белоктар мен су келіп түсуі қажет. Тіршіліктің негізгі көзі – тамақ, соның себебінен тамақтын сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттары мен арақатынасы дененің мұқтаждығын қамтамасыз етеді. Ағзаға келіп түметін тағамдардың калориясы әртүрлі. Калорияның сандық коэфиценді де организм үшін ең маңызды. Соның ішіндегі ақуыз уытты болып табылады. Жалпы зат алмасу, тамақтын асқазанға келіп түсуінен бастау алады. Асқазанда қорытылып, олар енеге сіңіріле бастайды. Жасушаларда анаболизм және катаболизм процесстрі басталып, сыртқа шығарғыш ағзалар арқылы қажетсіз өнімдерді сыртқа шығарады. Бұл үрдіс – жалпы зат алмасу болып табылады. Ал Аралық алмасу (жасуша ішінде болатын) болса – химиялық процесс болып есептеледі. Оны биохимия саласы зерттейді. Ал физиология болса, қоректік, су мен минералды заттардың жалпы алмасуын,реттелу мәселелерін қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   124




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет