1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет19/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа
Г.Ж.Тұрдалиева b1661, ytzh ne ms metodichka 20211, Engl 10,11
Түрлері
Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі -з формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к, -қ формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.Біртекті нәрселердің жиынтығын, белгілі бір адамдар тобын (мектеп-тер, үй-лер, жас-тар);Сын есім мен есімшені субстантивтендіреді (жақсы-ларды, ақылды-ларды, оқыған-дарды);Сан есімге, мезгіл үстеуге жалғанып, болжалдау, шамалау, мелшерлеуді білдіреді (жасы отыз-дарда, са-ғат үш-терде, былтыр-лар);Бір нәрсенің жалпыға бірдей ортақтығын, меншіктеуші адамның көптігін білдіреді (жалғыз қыз-дарың, Сапар әке-лерің, мектеп-терің). Көптік жалғау бірыңғай мүшенің соңғысына ғана жалғанады. Көптік мағына Көптік жалғауның қатысынсыз лексикассыз, морфологиясыз, синтаксистік тәсілдер арқылы берілетін сөздер де бар (түз, ұн, құрт-құмырсқа, мәдениет, феодапизм, ақыл, достық, бала-шаға, кәрі-жас, жолдас-жора, ыдыс-аяқ). Көптік ұғымның сөз тіркесінен аңғарылатын тұстары аз емес. Мысалы, онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркәсіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам.
Тәуелдік-заттың біреуге н-е бір нәрсеге тәуелді екенін білдіреді.
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
Тәуелдік жалғауының 3 жағы ж-е 3 жақтың өзіне тән жалғаулары бар:



Жекеше түрі:



Көпше түрі:

І- жақ-м;-ім;-ым

І-мыз;-міз;-ымыз;-іміз

ІІ-жақ-ң;-ің;-ың;

ІІ-дарыңыз;-теріңіз;-ларыңыз;-леріңіз
-ыңыз;-іңің;-ңыз

ІІІ-жақ-сы;-сі;-ы;-і

ІІІ--сы;-сі;-ы;-і

Септік жалғау
сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.



Жай септеу

Тәуелді септеу

А.Үй
І.үйдің
Б.үйге
Т.үйді
Ж.үйде
Ш.үйден
К.үймен

А.Үйім
І.үйнің
Б.үйіме
Т.үйімді
Ж.үйімде
Ш.үйнен
К.үйммен

Жіктік жалғауЖіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.


Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.
Қазақ тіліндегі сөздер төмендегідей төрт топқа бөлініп, төрт үлгі бойынша жіктеледі:
Бірінші топ
Бірінші топқа отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері, есімшелер, зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, есімдіктер, үстеулер жатады;
Үлгілер:
а) тұр, жүр.
Жекеше Көпше
1-жақ тұр-мын, жүр-мін тұр-мыз, жүр-міз
2-жақ тұр-сың, жүр-сің тұр-сыңдар, жүр-сіңдер
тұр-сыз, жүр-сіз тұр-сыздар, жүр-сіздер
3-жақ тұр, жүр тұр, жүр
Жекеше Көпше
ә) Есімшелер: барған, келген; баратын, келетін; барар, келер;
бармақ(шы), келмек(ші).
Жекеше Көпше
1-жақ барған-мын, келген-мін барған-мыз, келген-біз
2-жақ барған-сың, келген-сің барған-сыңдар, келген-сіңдер
барған-сыз, келген-сіз барған-сыздар, келген-сіздер
3-жақ барған, келген барған, келген
б) Зат есімдер:оқушы, мұғалім т. б.
Жекеше Көпше
1-жақ оқушы-мын, мұғалім-мін оқушы(лар)-мыз, мұғалім(дер)-біз
2-жақ оқушы-сың, мұғалім-сің оқушы(лар)-сыңдар, мұғалім(дер)-сіңдер
оқушы-сыз, мұғалім-сіз оқушы(лар)-сыздар, мұғалім(дер)-сіздер
3-жақ оқушы, мұғалім оқушы(лар), мұғалім(дер)
в) Сын есімдер: аласа, үлкен т. б.
Жекеше Көпше
1-жақ аласа-мын, үлкен-мі аласа-мыз, үлкен-біз
2-жақ аласа-сың, үлкен-сің аласа-сыңдар, үлкен-сіңдер
аласа-сыз, үлкен-сіз аласа-сыздар, үлкен-сіздер
3-жақ аласа, үлкен аласа, үлкен
г) Сан есімдер: оныншы, үшінші т. б.
Жекеше Көпше
1-жақ оныншы-мын, үшінші-мін оныншы-мыз, үшінші-міз
2-жақ оныншы-сың, үшінші-сің оныншы-сыңдар, үшінші-сіңдер
оныншы-сыз, үшінші-сіз оныншы-сыздар, үшінші-сіздер
3-жақ оныншы, үшінші оныншы, үшінші
ғ) Есімдіктер: қалай, кім т. б.
Жекеше Көпше
1-жақ қалай-мын, кім-мін қалай-мыз, кім-біз
2-жақ қалай-сың, кім-сің қалай-сыңдар, кім(дер)-сіңдер
қалай-сыз, кім-сіз қалай-сыздар, кім(дер)-сіздер
3-жақ қалай, кім қалай, кім(дер)
д) Үстеу: бірге
Жекеше Көпше
1-жақ бірге-мін бірге-міз
2-жақ бірге-сің бірге-сіңдер
бірге-сіз бірге-сіздер
3-жақ бірге бірге
Екінші топ
Екінші топқа -а, -е, -й (бара, келе, сөйлей) формалы және -п, -ып, -іп (қарап, айтып, келіп) формалары көсемшелер жатады; олар екінші үлгі бойынша жіктеледі.

Үшінші топ


Үшінші топқа етістіктің жедел өткен шақ формасы (бар-ды, кел-ді), мен шартты рай формасы (барса, келсе) жатады; бұлар үшінші үлгі бойынша жіктеледі.

Төртінші топ


Төртінші топқа етістіктің бұйрық рай формасы (бар, кел) жатады да, төртінші үлгі бойынша жіктеледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет