1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Зат есім. Зат есімнің сипаты. Зат есімнің лексикалық грамматикалық топтары



бет20/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

17.Зат есім. Зат есімнің сипаты. Зат есімнің лексикалық грамматикалық топтары.
Зат есім-заттың, құбылыстың атын білдіреді. Кім? Не? деген сұраққа жауап береді.

Кім? Деген сұрақ

Не? Деген сұрақ

Грамматикалық сұраққа жауап беретін зат есімдерге жалпы адам атаулары жатады

Әдетте адамнан өзге барлық жан жануарлардың және күллі заттар мен нәрселердің атауларына қойылады



Тұлғасына қарай

Негізгі
Бөлшектеуге келмейтін түбір з.е. М/лы:у,ат,ант,бата

Туынды
З.е және басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған з.е. М/лы: білім, достық



Құрамына қарай

Дара
Бір ғана түбірден тұрады.М/лы:от, ара, қант, оқушы

Күрделі
Кемінде екі сөзден тұрады.М/лы: кемпірқосақ, ата ана



Жалпылай немесе жекелей атауына қарай

Жалпы
Біртектес заттардың жалпы атауы. М/лы: кісі, өзен

Жалқы
Біртектес заттардың өз ішіндегі жеке атауы. М/лы: Асан,Ертіс



Мағынасына қарай

Деректі
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат пен құбылыс атауы. М/лы: ағаш, қалам, су, домбыра

Дерексіз
Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың атауы. М/лы: арман,сана,қуаныш



Зат есім жасайтын жұрнақтар

-Еке,-ке, -қа,-а,-е

Жәке(Жамбыл), Әпеке(әпке), Исеке(Иса)



Атай, әкей,шешей

-тай

Ағатай, апатай

-жан

Ағажан, атажан, Абайжан

-қан,-кен,-қай,-кей,-ан,-ң

Балақан, бұзауқан

-шақ, -шек

Құлыншақ, інішек

-шық,-шік

Қапшық, төбешік



Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар

-Шы,-ші

Қойшы,күйші

-Шылық,-шілік

Шаруашылық,кеңшілік

-Лық,-лік,-дық,-дік,-тық,-тік

Балалық, адалдық, жолдастық

-Кер,-гер

Айлакер,саудагер

-Кеш,-стан,-паз,-қой,-қор,-хана

Шайхана, кітапхана,арбакеш



Етістіктен зат есім жсайтын жұрнақтар

-м, -ым, -ім

Байлам,күзем,қысым

-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе

Ұрма,көрме,сүзбе,кеспе

-қы,-кі,-ғы,-гі

Шалғы,тепкі,бұрғы

-с,-ыс,-іс

Талас,айтыс

-қ,-к,-ык,-ік,-ақ-ек

Тарақ,күрек,қызық

-ыш,-іш

Қуаныш, таяныш, өкініш

-н,-ын,-ін

Боран, жуын, түйін



Сабау,жамау, көсеу

-Ынды,- інді

Шайынды, үйінді

-Ғыш,-гіш,-қыш,-кіш

Сүзгіш,сыпырғыш



Зат есімнің сөйлемдегі қызметі

Бастауыш

З.е сөйлемде атау септігінде тұрып, баст.болады.Кейде кім? Не?сұрақтары тәуелденіп қойыла береді

Жел күшейе түсті. Әкем үйге келді.

Анықтауыш

З.е ілік септ.тұрып және өзінен кейінгі сөзді айқындап,анықт. болады

Алтын(аныкт) сағат сыйлаған екен

Толықтауыш

З.е атау мен ілік септ.басқа септіктер тұлғасында тұрып, толықт. Болады.

Ертегімен ұрпағынды естелікке үйрет

Пысықтауыш

З.е барыс, жатыс, шығыс, көмектес септ-де келіп немесе көмекші есіммен септеулік шылаумен тіркесіп, пысықтауыш болады.

Көлеңкеде атам отыр

Баяндауыш

З.е жіктеліп келіп н/е атау септігінде тұрып сөйлемде баяндауыш болады.

Бала-артта қалған із, байлық-қолдағы мұз


18. Сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін), дәмін және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табын айтамыз.
Сын есімнің табиғи қызметі зат есімге анықтауыш мүше болу. Ол зат есімге тіркесіп анықтауыш қызметін атқарғанда ешқандай өзгеріске үшырамайды: анықталатын зат есім көптік, септік, тәуелдік формаларының қайсысында қолданылса да, сын есім . еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп, семіз шық (мақал).
Сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болып қызмет атқарады. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ.М.).
Сын есімдер сөйлем ішінде етістіктерден болған мүшелердің алдында (бұрын) тұрса, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Жақсы студент жақсы оқиды.
Сын есімге күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен т.б.) тіркесе алады. Мысалы: өте жақсы, аса биік, тым ащы, тіпті жалқау, керемет жүйрік, орасан зор.
Егер екі я онан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады. Мысалы: Ермeк оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ.М.).
Сын есімдер семантикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрауларға жауап береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет