1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Грамматиканың зерттеу объектісі. Сөздің тұлғалық ерекшеліктері. Жалаң сөздер. Түбір сөздер. Негізгі түбір. Туынды сөздер. Түбірлес сөздер. Күрделі сөздер



бет18/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

15. Грамматиканың зерттеу объектісі. Сөздің тұлғалық ерекшеліктері. Жалаң сөздер. Түбір сөздер. Негізгі түбір. Туынды сөздер. Түбірлес сөздер. Күрделі сөздер.
Грамматика –(гр. Әріп,жазу) тіл білімінің сөз таптарын, сөздердің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін сала. Грамматиканыңның екі саласы бар морфология және синтаксис
Морфоллогия –дербес сөздердіңтграмматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының саласы. Қазақ тіліндегі сөздер морфемалық тұрғыдан жалаң және күрделі болып бөлінеді. Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер. Күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған сөздер.
Түбір сөздер –әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.
Негізгі түбір–сөздің өзі. Мыс:оқу. Туынды түбір негізгі түбірге жұрнақ жалғанғанда пайда болады. Мыс: оқу+шы.
Түбірлес сөздер –бір түбір арқылы жасалған туынды сөздер.
Синтаксис –сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым.


16. Қосымша.Жұрнақ.Жалғау.Түрлері
Қосымша– түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема. Мағыналық, тұлғалық дербестігі, арнаулы лексикалық мағынасы жоқ. Сөздерден бөлек, жеке қолданыста болмайды, түбір сөзге тіркесіп қана қолданылады. Қосымшалар түбірге белгілі бір грамматикалық категорияларға тән заңдылықтар бойынша жалғанады. Түбір сөзбен дыбыстық, әуездік жағынан үйлесіп тұрады. Бір қосымша әр түрлі түбірге жалғанғанмен, түрлі мағына бермейді. Мысалы, кел-ді, тұр-ды, айт-ты, кет-ті; ауыл-ға, жер-ге, ат-қа, т.б. Қазақ тілінде мағыналық және қолданыс ерекшеліктеріне қарай жұрнақ және жалғау болып бөлінеді.
Жұрнақ – жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:
1.сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;
2.сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.
Бір сөзден әр түрлі жұрнақ арқылы туынды сөздержасалады. М: біл-ім,біл-дір
Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет