1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика


Лексика туралы түсінік . Лексикология және оның салалары. Сөздік қор мен сөздік құрам.негізгі сөздік қордың белгілерію сөздік құрамның дамуы



бет8/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

8. Лексика туралы түсінік . Лексикология және оның салалары. Сөздік қор мен сөздік құрам.негізгі сөздік қордың белгілерію сөздік құрамның дамуы.
Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.
Лексика (гр. lexicos – сөздік) тіл ғылымында сөздік немесе сөздік құрам деп аталады.
Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген ұғымды береді.
Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.
Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа түрғыдан қарастырады.
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.
Лексикология және оның салалары.
Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да, құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке алып, түрлі сөздіктер жасауды да, тілдегі тұрақты сөз тіркестерін де, говорлар мен жергілікті диалектілерді де, зат немесе қүбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық аттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де қарастырады.
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз.
Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
6. Терминогия – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
Сөздік қор, тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы. Сөздік құрамға тілде бұрыннан қалыптасқан, сондай-ақ кейін пайда болған барлық сөздер енсе, сөздік қорға ең қажетті ұғым-түсініктерді қамтыған, сол тілде сөйлейтіндердің бәріне түсінікті сөздер ғана кіреді. Сөздік құрамға қарағанда сөздік қордағы сөздердің көлемі шағын болады. Қазақ тілінің сөздік қорында түркі тілдеріне ортақ, бір буынды және көп мағыналы байырғы сөздер бар. Негізгі сөздік қорға қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан байырғы төл сөздері енеді: туыстық атаулары (ата, құда, нағашы); мал (сиыр, түйе, құлын); хайуанат (қасқыр, түлкі, қоян); ағаш (қарағай, емен, тобылғы); киіз үй (шаңырақ, кереге, уық); заттың сапалық, сындық атаулары (жақсы, қатты, жылы), т.б. Ежелден тілге әбден сіңісіп, жалпыхалықтық сипат алған кірме сөздер де (кітап, ғылым, намаз) сөздік қорға жатады. Сөздік қордың басты белгісі – тұрақтылық, онда жалпыхалықтық сипат басым келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет