Сөздік құрам, лексика – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрам ұлттың өзіне тән кәсібі мен қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін тұтас сипаттайды. Ұлттың рухани және материалдық мәдениеті неғұрлым бай болса, оны жеткізіп, суреттейтін сөздер де соншалықты көп әрі күрделі болады. Негізінде ұлт тіліндегі барлық сөздер реестрге тіркеліп, түсіндірме сөздікке енеді. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Осы тұрғыдан Сөздік құрамдағы сөздер жалпыхалықтық (негізгі сөздік қорға енетіндер) және жалпыхалықтық емес (пассив қолданыстағы) лексика болып екіге бөлінеді. Тілдің сөздік құрамының ең басты әрі тұрақты бөлшегі – негізгі сөздік қор. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады. Сөздік құрамыдағы бірліктер ұдайы өзгеріске ұшырап, қоғамдағы түрлі әлеум. жағдайларға байланысты кей сөздер қолданыстан шығып отырған. толығып, дамып, жаңарып отырады.
9. Сөздің көпмағыналылығы. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық жұп. Зат есімдердің сөзжасамы. Дара мағыналы және көп мағыналы сөздер. Сөздің мағынасының пайда болу тәсілдері.
Тілдің даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге андағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда, тілдің дамуы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден бір бөлігі-сөздің көп мағыналылығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы (полисемия) деп аталады.
Әр сөзжасамдық ұялар сандық құрамы жағынан түрліше. Сондықтан сөзжасамдық ұяның көлемі, құрамы туралы сөз қозғағанда, әр сөзжасамдық ұя туралы жеке түрде сөз болуы керек.
Сөзжасамдық ұя мүшелерінің негізгілерінің бірі сөзжасамдық тізбек.
Сөзжасамдық орыс тіл білімінде зеттеле бастағаннан бері оның құрамында сөзжасамдық тізбек те зерттеле, таныла бастады. Сөзжасамдық ұя теориясының негізін қалаушы А.Н. Тиханов болғандықтан, ғылымның сөзжасамдық тізбекке берген анықтамасын келтірген дұрыс, ол: Сөзжасамдық жұп-сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтаксистік қатысы. Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы.
Достарыңызбен бөлісу: |