55.Грамматика сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдар.
Мұғалімнің оқыту процесіндегі міндеті- балалардың анық естіп,қабылдауы мен сөйлеу қабілетін дамыту.Көрнекі құралдарды пайдалану арқылы балалар өздері сөйлейді,жолдастарының сөйлегенін естітіп,қабылдайды.
Сабақтарында көрнекілікке қойылатын талап: оқушы немесе сөзді немесе оның бөлшектерін (әріптерді ,буындарды,морфемаларды,)анық көретін болуға тиіс, бірақ жазғанда бір әріптеп соң екінші әріпті қарап, ежелеп жазбай,естерінде тұтас сөз немесе буынды бірден жазып дағдыланулары керек. Бұл үшін көру және қолды қозғау көрнекілігі қажет.
Ендеше «көрнекілік» деген ұғым сөздерді анық айтуды да мәнерлеп оқуды да ,мысалдар іріктеуді де,тақтадағы ,таблицалардағы,дәптерлердегі жазуларды да қамтиды. Әдетте көрнекілік деп графикалық немесе көзге көрінетін құралдарды қолдануды түсінеді. Мұнда қажетті әріптер немесе тұлғалар,сөздер,сөйлемдер,басқа түспен жазылады яки асты сызылады.
Көрнекі құралдар ретінде қандай да болмасын грамматикалық және орфографиялық құбыластарды көрсететін схемалар да қолданылады.
Мұғалімдер көрнекі құралдарды өздері жасағанда мынадай талаптарды ескеру керек:
1.Таблицаларда грамматикалық материал шамадан тыс көп берілмеуі керек.
2. Оқулықтарда бар ережелер мен анықтамаларды ,сондай-ақ текстерді таблицаларда берудің қажеті жоқ.
3.Таблицаларда қажетті тұлғада берілген сөздерден басқа ,іріктеп алынған (түсіндірілетін тұлғаны анықтай түсінетін ) мысалдар беруге болады.
4. Таблицаның көмегімен үйретілетін сөз,буын ,морфема,әріп таблицада бөлініп,ұқсастары немесе ерекшеліктері басқа бір элеметпен салыстырала көрсетілуге тиіс.
5. Оқылып отырған грамматикалық немесе орфографиялық құбылыс таблица мазмұнында тасада қалып қоймау жағына мұқият назар аударған жөн.
6.Әріптерді,буындарды, морфемалар мен сөздерді графикалық жағынан бөліп көрсетудің көптеген тәсілдерін қолдана білуге болады.
Көрнекі құралдың пайдалы жағының бірі оқушылардың өздіктерін орындайтын жұмыстарын ұйымдастыруда.Көрнекіліктің бірі оқушылардың дәптері болып есептеледі.Көрнекі құралдарға магнитафон,грампластинка,оқу фильмдері,диафильмдер де жатады.Оқушылар пластинкаларға жазылғандарды зейін қойып тыңдап мұғалімнің басшылығымен қайталап айтады, жазады, тыныс белгілерін қояды,талдайды.Қосымша құралдар ретінде дидактикалық материалдар да пайдаланады. Оның ішінде әсіресе ,түрлі буындар,сөздер ,сөйлем дер жазылған карточкалар, конверттер, көп қолданылады.
56. Бастауыш мектепте сөздердің байланысымен сөз тіркесін меңгертуде мұғалім оқушылардың пікірлерін, сөздерін бұзбай , сабырлықпен тыңдауы , қате кеткен жерлерін жай сөзбен түзетуі , оқушылар сөздерді дұрыс қолданбаған кезде дұрыс түсіндіруі қажет . Мұғалім осындай амалдар арқылы оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып , өз ойын жасқанбай жеткізу біліктерін қалыптастырады. Бұл балалардың тілдік тұлғаларды орынды қолдануына олардың өзіндік заңдылықтарын жете меңгеруіне оң ықпалын тигізеді. Сөз тіркесін мектепте дамыта оқыту технологиясының міндеттерді шешуге тиімді болатыны, технологияның негізіне жазу теориясы алынумен байланысты деп анықталды. Жазудың өзі тілдің таңбалық болмысын түсіндіруге тірек болады. Сөз тіркесі синтаксисі туралы қажетті лингвистикалық ұғымдар жүйесін іріктеп, бастауыш сынып оқушыларына қазақ жазу принциптерін анықтау, сөздің сөз тіркесі құру процесі, сөз тіркесі мүшелерінің жазылуы, айтылуы туралы ережелерді үйрету арқылы дамыта оқыту қызметін ұйымдастыру көзделді. Қазақ жазуының теориялық концепциясына сүйеніп, бастауыш сыныпта «тізбек», «тізбектелу», «дыбыстар тізбегі», «буындар тізбегі», «түбір мен қосымшалар тізбегі» сияқты ұғымдарды енгізіп, олардың лингвистикалық түсініктерін меңгерту арқылы ғана тіл бірліктерінің тізбектелуі туралы түсінік қалыптастырады. Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы қатысымдық тұрғыдан меңгертуде қазақ тілінің салалары өзара бірлікте қарастырылады. Мысалы; сөздердін байланысыун менгерткен кезде оқушыларға кесте арқылы меңгертуге болады. Синтаксистік касса ойыны арқылы сөз тіркесін меңгертуге болады оқушылар сөйлемдер беріп солардын дұрыс жауабын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |