1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет67/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

52-53 Грамматикалық талдау , жаттығу түрлері. Фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік жаттығулар. Оларды жүргізу жолдары.
Грамматикалық талдау-сөздер арасындағы грамматикалық байланыстарды анықтау.
Грамматикалык, талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысгы жеке де, сондай-ақ ауызша да жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын окығандарына тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық формалардың астын сызады немесе олардың айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды т.б.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологаялық, синтаксситік емесе аралас талдау болып болінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.
Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріперінің астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын ажыратады.
Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, санын, қимылын көрсететін сөздерді, тапқызу, жазуша мәтіннен сондай сөздердің астын сызғызу, олардың сұрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар сойлем мүшелерінің қай сөз табы екендігін және олардың формасын (жекеше, копше, тәуелдік, септік, жағы, шағы) айырады.
Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады:
1. Сөздің бір формасын теріп жазады не астын сызып қояды, немесе қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып қоюға да болады (зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирек сызықпен, етістіктің астын екі сызып көрсетеді.) Осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетіледі. Оған түсті қарындаш қолданған қолайлы.
2. Берілген мәтіннен ең әуелі зат есімдерді, сонан кейін сын есімдерді т.с.с. теріп жазады.
3. Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын таблица бойынша айырып жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет