1. Фонетика. Қазақ тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары. Дауысты дыбыстардың жасалуы: олардың сөйлеу мүшелерінің қызметіне, құлаққа естілуі тұлғасына қарай әр түрлі топтасуы. Фонетика



бет68/85
Дата19.06.2022
өлшемі253,68 Kb.
#146813
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85
Байланысты:
Гулжайнааа

Лексиканы игеру үшін грамматикалық, орфографиялық және стилистикамен байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Өйткені лексикалық ұғымдарды үйрену және оны қолдану аясын толық игеру үшін тілдің басқа салалармен байланыстырылмай, толық мәнге ие бола алмайды. Сондықтан оқулықта жаттығу жұмыстарын беру үстінде қай материал грамматиканың, орфографияның қай тақырыбымен байланысты екендігі айрықша ескеріліп, олардың жүйелі берілуіне көңіл аударған жөн.
1.Жүргізілетін жаттығу жұмыстарының бірінші тобы лексикалық жаттығу, яғни теориялық мәліметтері пысықталып, сөз қолданысқа үйретіп дағдыланады. Дұрысында, сөздіктермен танысу, олардың пайдалану жұмысы әрбір тиісті лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі керек. Мысалы, түсіндірме сөздікпен танысу, оларды пайдалану жұмысы әрбір тиісті лексикалық ұғымдармен бірге жүргізілуі тиіс. Сондай–ақ сөз мағыналарын өткенде (тура және ауыспалы мағына, көпмағыналық, омоним, синоним, антоним) қажет болады. Оқушылар сөздің лексикалық мағынасын сөздікте қалай түсіндірілетін немесе өздері мағынасын аша алмаған сөздердің мәнін ұғу үшін пайдаланады: көпмағыналы сөздердің, омоним сөздердің берілу тәртібін үйренеді.
Атап айтқанда, көпмағыналы сөздердің әртүрлі синонимі, әртүрлі антонимі болатыны түсіндіріліп, оған сай жаттығу жұмысын жасау – сөзді толық түсінуге, барлық мүмкіндігін ашып, ұғуға мүмкіндік береді.Мысалы, асау жылқы, асау өткел деген тіркестерде асау сөзіне бірде жуас, бірде оңай сөзі антоним бола алады ( жуас жылқы, оңай өткел). Ал синонимі де әртүрлі, айталық, бас білмеген жылқы, қиын өткел.
2.Ал лексикалық жаттығулардың екінші тобы тілдің басқа салаларымен байланыстырылып жүргізілетін синтетикалық жаттығулар болып табылады.
Бұл жаттығуда лексикалық тақырыптан алған білімін бұрын өткен граммтика орфография, стилистика тарауларының материалдарымен байланыстырып жаттығу. Мұның өзі оқушылардың лексикадан алған білімін жалпы тіл жүйесінде түсінуге, тіліміздегі орнын, қолданысын ұғынуға, содай – ақ өзге материалдарды еске түсіріп, қайталап отыруға мүмкіндік береді.
Ол үшін мына сияқты жұмыстар жүргізіледі.
1. Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапсыру. Мысалы:
а) Адам, өсімдік, жануар, алтын, су;
ә) Қызық, жазық, әдемі, үлкен, үш бұрышты;
б) Ойлану, жүгіру, сөйлеу, кебу.
Оқушылар үш топқа бөлінген сөздердің лексикалық мағынасын аша отырып, бірінші топтағы сөздердің зат атауы екенін, екінші топтағы сөздердің заттың белгісін, сынын білдіретін, үшінші топтағы сөздердің қимылды білдіретінін анықтап, зат есім, сын есім, етістікке жататынын түсіндіру тиіс. Сол сияқты лексикалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қолданылуына, шығу тегіне қарай ажырату да грамматикамен тығыз байланысты жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет