78.Босану үйіне 22 жастағы Ф.түсті, жүктілік мерзімі 38-39 апта. Бойы 150 см, салмағы — 58 кг. Жамбас өлшемдері: 22-24-26-16,5 см, іш айналымы - 103см, жатыр түбі биіктігі 40 см. Ұрық тігінен орналасқан, басымен келіп тұр, жүрек соғуы анық, ырғақты, 140 рет/мин. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжамды диагнозды көрсетіңіз: Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәреже.
Жүктілік 38-39 апта. Жәй жалпақ жамбас.
Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас II дәреже. Ірі ұрық.+
Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас I дәреже. Қағанақ суының көп болуы.
Жүктілік 39-40 апта. Ірі ұрық.
79.Екінші рет аяғы ауыр 35 жастағы әйел қағанақ суының кеткеніне шағымданып перзентханаға түсті. Жүктілік мерзімі 36 апта. Алғашқы жүктілігінде 4 жыл бұрын қалыпты орналасқан плацента мерзімінен бұрын ажырағандықтан корпоральды кесарь тілігі жасалған. Бұл екінші жүктілігі. Жағдайы қанағаттанарлық. Толғақ жоқ. Іштегі нәрестенің жүрек қағысы анық, ырғақты, минутына 136 соккы. Нәрестенің болжамды салмағы 3200,0 г. Жыныстық жолдарынан ашық түсті қағанақ суы кетуде. Қандай тәсілді қолданған дұрыс: толғақ басталғанға дейін бақылау
80.26 жастағы әйел 34 апталық жүктілікпен ІІ деңгейлік босану үйіне қағанақ суының кетуіне шағымданып келді. Бірінші жүктілігі корпоральды кесар тілігімен аяқталған. Тыртық маңы пальпацияда ауырсынбайды. Ұрық ұзына бойы орналасқан, басы жамбас кіреберісінде. Жыныс жолдарынан ақшыл қағанақ су ағуда. Қандай жолмен босандырған қауіпсіз болады? 24 сағат ішінде күту
81.Қайта босанушы 26 жаста, жүктіліктің 39 аптасы, мерзімінде босану әрекеті басталғаннан 3 сағаттан кейін келіп түсті. Қағанақ қабы бүтін. Тексеру кезінде аяқ ісіктері анықталды, АҚҚ 145/90 мм сынап бағанысымен. Іш көлемі 96 см., жатыр түбінің биіктігі -38 см., Ұрық тігінен орналасқан, кіші жамбас кіреберісіне орналасқан. Сыртқы акушерлік зерттеуде: кіндік аймағында жергілікті ауырсыну анықталады. Жатыр тонусы жоғары, тығыз, ұрықтың жүрек қағысы нашар естіледі. Жыныс жолдарында қанды бөліністер. акушерканың іс - әрекеті қандай: Босануды күшейтуді бастау
82.25 жастағы әйелде, жүктіліктің III триместрінде кенеттен іштің төменгі жағы күрт ауырып, жыныс жолдарынан қан кетті, жатырдың гипертонусы мен ауырсынуы пайда болды, іштегі нәресте қозғалмайды. Зертханалық зерттеулер: қанның жалпы талдамасы анемияның орташа дәрежесі, лейкоцитоз, тромбоцитопения, ЭТЖ жоғарлауы. Коагулограмма: АЧТВ-21,0 ПВ-25,0 сек, Пи-150%, фибриноген-1,8 г / л, Антитромбин III-61,0 ВСК-2мин. Қан тобы және резус фактор O (I) бірінші Rh жынысы. Пациентте қандай патологиялық жағдай байқалады: антифосфолипид синдромы
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауына күмәндану+
83.Тыныс алу жолдарының шырышты қабықшаларына әлсіз бронхолитикалық, жансыздандырғыш және қабынуға қарсы әсер көрсетеді: Шеткерлікке әсер ететін жөтелді басатын дәрілер
84.53 жастағы науқаста жиі болып тұратын бас ауруы, ыстық леп сезінуі анықталды. Анамнезінде гипертониялық ауру. Соңғы менструация 2 жыл бұрын болған. АҚҚ 150/80 мм с. б.. Гинекологиялық тексеріс кезінде патология анықталмады. Сіздің диагнозыңыз: Пременопауза
Постменопауза
Нейроциркуляторлы дистония
Климактериялық синдром+
Артериялық гипотония
85.Бірінші босанушы әйелде жүктілік мерзімі 38 апта, босану әрекетінің басталғаннан кейін 3 сағаттан соң күшену басталды. Объективті: ұрықтың жүрек соғысы айқын, ретті, минутына 136 рет. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы бүтін, қағанақ қуығын жарғанда-мөлдір су төгілді. нәресте басы кіші сегментпен кіреберіс жазықтығында, төбе жігі сол жақ қиғаш өлшемге сәйкес қондырылған, нәрестенің кіші еңбегі оң жақта, алдына қараған. Сегізкөз мүйісі қол жетімсіз. Экзостоздар жоқ. Ұсынылған диагноздардың қай жагдайға сәйкес: Мерзімі жеткен жүктілік. І босану кезеңі. Жылдам босану.
Мерзімі жеткен жүктілік. II босану кезеңі. Жылдам босану.+
Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі. Тез арада босану.
Мерзімі жеткен жүктілік. II босану кезеңі. Үйлесімсіз босану әрекеті.