Шаперондар – жаңадан түзілген нәруыздардың дұрыс фолдингін қамтамасыз етеді, рефолдингті бақылап отырады, нәруыздардың жасушаішілік тасымалдануына қатысады.
15.Ақуыздар.Ақуыздардың жіктелуі,қызметі,қасиеттері.
Нəруыздар (протеиндер, поли-пептидтер) –амин қышқылдарынан тұратын жоғарымолекулалық органикалық қосылыстар. Нәруыз синтезі кезінде көп жағдайда 20 стандарттық амин қышқылдары қолданылады.
Нəруыздардың жіктелуі:
молекулаларының пішіні бойынша (глобулярлы және фибриллярлы) молекулалық массасы бойынша (төменмолекулалық, жоғарымолекулалық және т.б.) химиялық құрамы бойынша (нәруыз емес бөлігінің болуы немесе болмауы) атқаратын қызметі бойынша (транспорттық, қорғаныштық және т.б.) жасушада орналасуы бойынша (ядролық, цитоплазмалық, лизосомалық және т.б.) Глобулярлық нәруыздардың құрылымы тығыз болады (миоглобин және гемоглобиндер) Фибриллярлы (құрылымы керілген жіпше тәрізді болады), оларға коллаген (беріктік), эластин (резинатәрізді қасиет) және кератин) жатады.
Нəруыздардың қасиеттері
Денатурация–нәруыз молекуласының табиғи құрылымының өзгеруі. Денатурация факторлары: сусыздану, рН ортаның өзгеруі,температура, сәулелену, атмосфералық қысымның өзгеруі, ауыр металл тұздарының әсері, органикалық еріткіштердің әсері.
Ренатурация–нәруыз құрылымының қалпына келуі, бұл молекуланың бірінші реттік құрылымы бұзылмаған кезде және ортаның қалыпты жағдайы қалпына келген кезде жүзеге асады.
Лигандалар – нәруыз құрылымына әсер етеді: үшіншілік құрылымды өзгертеді және тұрақтандырады. Глобулаларды қосады, нәруыз суббірліктерінің қозғалғыштығын қамтмасыз етеді.
Шаперондар – жаңадан түзілген нәруыздардың дұрыс фолдингін қамтамасыз етеді, рефолдингті бақылап отырады, нәруыздардың жасушаішілік тасымалдануына қатысады.
Нәруыздардың қызметтері
Қызметі
Түсіндірмесі және мысалдар
Катализдік қызмет
Жасушалардағы биохимиялық реакцияларды жеделдететін ақуыздар - ферменттер қамтамасыз етеді,
мысалы: трипсин пептидтік байланысты бұзады
Ақуыздар заттардың (молекулалардың) жасуша мембраналары мен органеллалардың
мембраналары арқылы тасымалдануына, сондай-ақ заттардың жасушалар, ұлпалар,
мүшелер арасында тасымалдануына қатысады
Қорғаныштық қызметі
Иммундық жүйе иммуноглобулиндердің синтезін қамтамасыз етеді, бұл бөгде
молекулаларды, вирустық бөлшектерді, бактерияларды тануға және байланыстыруға
ықпал етеді, нәтижесінде оларды бейтараптайды.
Жиырылу қызметі
Кейбір ақуыздар жасушаларға не жиырылу, не қозғалу қабілетін береді, актин мен
миозин - бұл қаңқа бұлшықеттерінің жиырылуына қатысатын фибриллярлы ақуыздар,
цитоскелет ақуыздарының арқасында митоз кезінде хромосомалар алшақтайды.
Құрылымдық қызметі
Тіндерде белгілі бір жолмен орналасқан ақуыздар оларға форма береді, тірек жасайды,
тіннің механикалық қасиеттерін анықтайды, фибриллярлы белоктар, атап айтқанда
дәнекер тіндегі коллаген (шеміршек пен сіңірдің құрамдас бөлігі), шаштағы
тырнақтардағы, терілердегі кератин, қан тамырлары қабырғасындағы эластин.
Реттеу қызметі
Кейбір ақуыздар мен полипептидтер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын
сақтауға қатысады. Сондай-ақ, ДНҚ-мен байланысатын реттеуші ақуыздар гендерден
ақпараттарды оқуды реттей алады. Бірқатар гормондар белоктармен немесе
полипептидтермен ұсынылған, мысалы гипофиз безінің гормондары, ұйқы безі, кейбір
гормондар аминқышқылдарының туындылары. ДНҚ-мен байланысатын ақуыздардың
мысалы ретінде гистондарды айтуға болады.
Қоректендіру қызметі
Бұл қызметі ұрықтың тамақтану көзі болып табылатын резервтік белоктар деп атайды
(жұмыртқа ақуыздары (овалбуминдер). Сүттің негізгі ақуызы (казеин). Ақуыздар энергия
көзі ретінде де қолданыла алады, бірақ басқа көздер (көмірсулар мен майлар) болған кезде
ғана) 1 г ақуыздың ыдырауы нәтижесінде 17,6 кДж энергия бөлінеді.
16.Ақуыздардың кеңістіктегі ұйымдасу деңгейлері.
Бірінші реттік құрылым: амин қышқылдары қалдықтарының бірізділігі. пептидтік байланыс (-СО-NH-)- айналу мүмкін емес
Екінші реттік құрылым: нәруыздың кеңістіктік ұйымдастырылу деңгейі төмен α- ширатпа пептидтік тізбегін қаңқасы ширатылып, амин қышқылдарының радикалдары сыртқа қарай бағытталған болады. βқұрылым пептидтік тізбектігінің қаңқасы зигзаг тәрізді конфигурация түзеді.
Үшінші реттік құрылым - нәруыздық глобуланың түзілуі. Амин қышқылдары радикалдарының арасындағы байланыстар :
дисульфидті,ионды,сутектік, гидрофобты
Төртінші реттік құрылым бірнеше суббірліктен тұрады.
17.Генетикалық гомеостаздың бұзылуы.Адам потологиясында көрініс беруі.
Генетикалық гомеостаз - генетикалық материалдың тұрақтылығы. Генетикалық гомеостаз организмнің генетикалық жекелігін анықтайды және сол түрдің барлық биологиялық ақпараты болатын гендердің теңгерілген жүйесін ұстап тұруға бағытталған. Генетикалық гомеостаз бұзылысының нәтижесі мутациялар (гендік, хромосомалық, геномдық) болып табылады.
Генетика тұрғысынан қарастыратын болсақ гомеостаз-тұқым қуалаушылық арқылы анықталатын фенотип компоненті болып табылады.Орта факторларымен тұқым қуалаушылық арқылы анықталатын ағзаның реакция формаларының әрекеттесуі нәтижесінде адамның тіршілік статусының әртүрлі күйлері қалыптасады:дененің сау болуы не аурудығ дамуы.
Реакция нормасы негізінде ішкі ортаның барлық компоненттерінің гомеостазы сақталған кезде ағзаның дені сау болады.Гомеостаздың бір компонентінің бұзылуы(дисгомеостаз)аурудың дамуына алып келеді.Дисгомеостазсебептері болып орта факторларының әсерлерінің күшеюі,не ағзаның туа біткен реакция нормасының мүмкіншілігінің шектелуі саналады.
Ағза гомеостазының бірнеше компоненттері белгілі:нерв жүйесі гомеостазы;эндокриндік гомеостаз;билхимиялық гомеостаз;физикалық-химиялық гомеостаз;иммунологиялық гомеостаз;генетикалық гомеостаз т.б