1. География ғылымында алғаш рет 19 ғасырда салыстыру әдісін қолданған ғалым?



Дата29.12.2022
өлшемі25,13 Kb.
#164860
Байланысты:
1. Ãåîãðàôèÿ ?ûëûìûíäà àë?àø ðåò 19 ?àñûðäà ñàëûñòûðó ?ä³ñ³í ?îë


1.География ғылымында алғаш рет 19 ғасырда салыстыру әдісін қолданған ғалым? 
А.Гумбольт
2.Салыстырмалы жертану туралы идеялар атты әйгілі еңбектің авторы кім? 
К.Риттер
3.Бір уақыт кезеңі бойынша салыстыру әдісі?
Синхронды
4.Әртүрлі уақыт кезеңі бойынша салыстыру әдісі?
Диахронды
5.Рангтерге жіктеу әдісі не үшін қажет деп ойлайсың? 
Топтастыру
6. Деректерді талдау үшін қолданылатын математикалық және статистикалық әдістердің жиынтығы? 
Сандық
7.Үдерістер мен құбылыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттеуде қолданылатын әдіс? 
Тренд
8. Өзгермелі жүйелердегі кіріс пен шығыс арасындағы тәуелділіктерді есептеу арқылы талдау жасауға, болжауға мүмкіндік беретін әдіс? 
Теңгерім
9. Аумақты географиялық жағыдаларының біртектілігі бойынша кеңістіктік жіктеу? 
Географиялық аудандастыру
10. Белгілі бір аумақтағы қоршаған орта мен қоғамдық элементтердің өзара байланысқан кеңістіктік үйлесімі? 
Аумақтық жүйе
11. Жер бетіндегі белгілі бір құбылыстың, объектілердің немесе ұқсас жағдайлардың, белгілі бір ағзалар қауымдастығының таралу аумағы; 
Ареал
12. План мен сызба бетіндегі ирек, иілген сызықтар бойымен қашықтықты анықтайтын құрал; 
Курвиметр
13.Түрлі бағдарлама мен техникалық құралдар көмегімен жасалатын сандық карта? 
Электронды карта
14. Картада объектінің ауданын өлшейтін құрал ;
Планиметр
15. Түрлі геометриялық фигуралар жиынтығынан тұратын бейне;
Векторлық
16. Пиксельдердің жиынтығынан тұратын бейне? 
Растрлық
17. Картография мен география өзара байланысу нәтижесінде қалыптасқан жаңа ғылым саласы; 
Геоинформатика
18. ГАЖ дегеніміз-.......... 
Бағдарлама мен ақпараттардың жиынтығы
19. ГАЖ бағдарламалары; 
ARC/INFO
20. Жергілікті компьютерлік жүйе; 
Интернет
21.Біртұтас телекоммуникациялық ақпарат жүйесіне қосылуымен сипатталатын ГАЖ; 
ГЛОБ ГАЖ
22. Жер бедері пішіндері мен элементтері сипатталған карта?
Геоморфологиялық
23. Су объектілер туралы мәліметтер жинақталған карта? 
Гидрологиялық
24. Биіктік көрсеткіштері бар карта? 
Топографиялық
25. Абсолюттік статистикалық мәліметтерді әкімшілік бөліну бірліктері бойынша картограмма түрінде көрсету?
Картодиаграмма әдісі
26. Адамзат қоғамы өзінің өмір сүруіне қажетті әлемдегі бүкіл материалдық-энергетикалық, ақпараттық және әртүрлі табиғат байлықтары мен табиғат құбылыстарының жиынтығын өз қажетіне қолдану мүмкіншілігі бұл - ...?
Табиғатты пайдалану
27. Адамның өмірлік маңызды экологиялық мүддесінің, яғни қолайлы табиғи орта жағдайында өмір сүру құқығының қорғалуы қалай аталады?
Экологиялық қауіпсіздік
28. Орман ресурстары ... ресурстардың маңызды түрі болып табылады.
Биологиялық
29. Экологияның негізгі заңдарын кім түсіндірді?
Б.Коммонер
30. ... – экологиялық жағынан таза ортаны сақтау және табиғат ресурстарын қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жоғары иерархиялық деңгейдегі географиялық жүйелердің экологиялық ерекшеліктерін зерттейді.
Геоэкология
31. Аумақтардың тиімсіз пайдаланылуы әсерінен тұтас өсімдік жамылғысынан айырылуы бұл?
Шөлейттену
32. Экологиялық инновация түрлерін белсенді пайдалана алатын таза технологиялар секторына жатпайды?
Халықтың экологиялық қауіпсіздігі
33. Біртұтас жүйе ретіндегі ғаламдық экономикалық кеңістіктегі үдерістер мен құбылыстарды, даму тенденцияларын талдап, болжамдар жасау бұл?
Геоэкономиканың мақсаты
34. Геоэкономиканың зерттеу салаларына қайсысы жатпайды?
Білім мен мәдениет
35. Ғалым әлемдік экономикалық кеңістікті нешеге бөледі?
3
36. Қазіргі дүниенің ғаламдық орталықтары?
АҚШ, Еуропалық Одақ және Жапония
37. ... – айналымға жаңа ақшаларды шығару арқылы массасын ұлғайту.
Эмиссия
38. Кімнің моделі бойынша жартылай периферия немесе өтпелі аймақтарға Балқан түбегі елдері, Португалия, Ирландия, Оңтүстік-Шығыс Азия , ТМД мемлекеттері енеді?
И.Валлерстайн
39. Шаруашылықты орналастыру факторларына не жатпайды?
Ғылым
40. ... – аумақтағы шаруашылық саласын орналастыруға ықпал ететін мүмкіндіктер мен шектеулердің жиынтығы.
Аумақтық фактор
41. Теңіз жағалауындағы орнын тиімді пайдаланып жатқан елдер?
Қытай, Сингапур, Корея Респубикасы, Нидерланд және т.б.
42. Кибернетика терминін ғылымға француз физигі Ампер қай жылы енгізді?
1830
43. Кибернетиканың негізгі қағидаларын 1948 жылы кім тұжырымдады?
Норберт Винер
44. ... – әртүрлі жүйелерде ақпаратты басқару мен беру үдерістерінің жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Кибернетика
45. Дамушы елдердің негізгі мәселерлерінің бірі?
Ауылшаруашылығы мен отын және шикізат
46. Аграрлы-шикізатты елдер қатарына жатпайтын елдер;
Ресей, Қазақстан,Тайланд
47. Жаңа индустриялық елдердің негізгі даму үлгісі?
Азиялық үлгі, Латынамерикалық үлгі
48. Көп бөлікті модельдер нешеге орталыққа бөлінеді?
10-ға бөлінеді
49. Батыс Еуропадағы жоғары дамыған аудандар?
Лондон, Италия, Нидерланд
50. Ескі өнеркәсіпті аудандар қандай дамыған салалармен айналысты?
Көмір өнеркәсібі, кеме жасау
51. Ескі өнеркәсіпті аудандарға қандай елдерді жатқызуға болады?
Батыс Мидленд,Эльзас, Франция
52.Жаңадан игеріліп жатқан аудандар қандай болады?
Табиғат жағдайы қатал, ресурсқа бай
53. ... – бір елдің ақшалай бірліктерінің санын бірдей тауарлар мен қызметтер жиынтығын алуға болатын басқа елдердің ақшалай бірлестіктерінің санына қатысты есептеу әдісі.
Сатып алу қабілетінің паритеті
54. Либералды моделге тән белгіні көрсет;
Меншік үлесінің төмен болуы
55. ТМД елдерінің ерекшеліктеріне не жатпайды?
Ынтымақтастығы жоқ мемлекет
56. ... – шетелдік компаниялар үшін кәсіпкерлікті жүргізудің айрықша жағдайлары бар ел немесе аумақ.
Оффшор
57. Жаңа индустриялық елдерге не жатады?
Экономикалық даму
58. Постиндустриялық экономикада не дамиды?
Инвестиция
59. Жапонияда алдыңғы қатарлы технологиялармен айналысатын қанша университет бар?
450
60. Лондон маңында қанша серік қала салынған?
8
61. Дамудың алғышарттарына не жатпайды?
Нарықтағы құлдырау
62. Өтпелі экономика елдері?
Албания, Болгария
63. Дамушы елдердің көпшілігіне тән мәселесі?
Кедейшілік
64. Даму деңгейі төмен ел?
Африка
65. Геосаясат терминінің авторы кім?
Рудольф Челлен
66. Дүниежүзі бойынша халық саны жоғары көшбасшы қай ел?
Қытай
67. Геосаясат қандай ілім?
Экономикалық ілім
68. ... – өзара байланысқан және даму үстіндегі географиялық нысандар орналасқан аумақ.
Геокеңістік
69. Неміс ғалымы Ф.Ратцель экспансияның неше заңын ойлап тапты?
8
70. Геосаясат субъектісіне не жатпайды?
Мәдени-ақпараттық ықпал ету
71. Саяси, идеологиялық, экономикалық, әскери, ақпараттық, мәдени құралдары арқылы не жүзеге асады?
Геосаяси ықпал жасау
72. ... – субъектінің танымдық немесе басқа әрекеті бағытталған нысан.
Объект
73. Лаңкестіктің ерекшеліктері қандай?
Ақпараттық лаңкестіктің пайда болуы
74. Халықаралық лаңкестік аса қауіпті түр ретінде қай жылы пайда болды?
1960
75. ... – жаңа тәуелсіз мемлекет құру мақсатында немесе кең құқықты автономия мәртебесін алу үшін мемлекет аумағының жеке бөлігін оқшаулап, бөліп алуға бағытталған саясат пен әрекеттер.
Жікшілдік немесе сепаратизм
76. Антиглобализмнің алғашқы ресми ұйымы « АТТАК-Франция» қай жылы пайда болды?
1998
77. АҚШ Халық санағы бюросының 2017 жылғы деректері бойынша әлемдегі халық саны 100 млн адамнан асатын 13 мемлекеттің жетеуі қайда орналасқан?
Азия
78. 2003 жылдан бастап, АҚШ бастамасымен Иракта « демократия орнату » үдерісі жүргізіліп, кім бастаған билік өкілдері халықаралық сот шешімімен жазаланды?
С.Хусейн
79. Орталық Азия аумағында қай елдердің стратегиялық мүдделері тоғысқан?
Ресей, Қытай, АҚШ
80. ... – алуан түрлі табиғат жағдайларымен сипатталатын, ғасырар бойы саяси оқиғалар аренасы болған аумақ.
Еуропа
81. Европол деген не?
Полиция қызметі
82. 1991 жылы Кеңес Одағының ыдырауына байланысты не аяқталды?
Қырғиғабақ соғыс
83. НАТО аясында жүзеге асырылған шара?
АҚШ пен Канада арасындағы ынтымақтастық
84. Гвианада не орналасқан?
Ғарыш айлағы
85. МЕРКОСУР ұйымы қайда орналасқан?
Оңтүстік Америка
86. НАФТА ұйыма қай жылы құрылған?
1994
87. Латын Америкасындағы геосаяси жағдайға ықпал етпейтін фактор?
Ынтымақтастықтың болмауы
88. Қай елдер дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайды?
Парагвай мен Боливия
89. ... – мемлекеттің теңіз арқылы басымдылыққа ие болуы.
Талассократия
90. Мемлекеттің неше геосаяси басымдылық негіздері бар?
3
91. ... – экономикасы дамыған, жаңа технологияларға негізделген өндірісі бар елдер.
Әлемдік саясаттағы көшбасшылар
92. Британдық географ Питер Тейлор нені зерттеген?
Геосаясаттағы экономикалық факторлардың маңыздылығы
93. ... – ақпараттық қауіпсіздік жүйесіне қастандық.
Кибершабуыл
94. Қазақстан қандай мемлекет?
Толлерантты
95. ... – әлемдік экономика орталықтары мен маңызды халықаралық қатынас жолдарынан шалғайда орналасқан елдер.
Перифериялық елдер
96. Экономикалық-географиялық орны қалай анықталады?
Кеңістіктегі жағдайы мен маңызды нысандарға қатысты анықталады
97. Ұсақ мемлекеттердің алып жатқан аумағы?
1,3%
98. ... – шегараларды зерттейтін ғылым саласы.
Географиялық лимология
99. Қазақстан құрлықтағы шегаралары ұзын болатын мемлекеттер арасында нешінші орында?
5
100. ... – халықаралық құқықта келісуші жақтардың ортақ принциптері мен мақсаттарын зерттейтін құжат.
Декларация

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет