жүйесі) құрылыс нормасы мен ережесіне сай бір және екі қабаттық тұрғын үйлер салып,
жылыландырудың жергілікті түрін орнатуға болады. Жылыландырудың бұл түрі көбіне
ауылды жерлерде қолданылады.
Жергілікті жылыландыру түріне –
пеш
жатады. Онымен бір немесе бірнеше бөлмені
жылытуға болады. Пештің сыртқы қабырғасының температурасы 80
0
С жоғары болмау
керек. Сыртқы қабырғасы тегіс, шаң жиналмайтын болу керек.
Пештің кемшіліктеріне мыналар жатады: бөлменің күлмен ластануы, бөлмедегі тәуліктік
температураның тәулік бойы ауытқуы, отынның толық жанбауынан бөлменің ішіне
түтіннің шығуы, соның салдарынан адамдарда улану қаупінің болуы, өрт шығу қаупінің
болуы, күл шығарғанда бөлменің ластануы, от жағуға адамдардың уақытының кетуі
жатады.
Адам түтінмен уланған кезде мынадай белгілер байқалады: бас айналу, бастың ауыруы,
жүрек айнып, адамның құсуы, қалтырау. Егер улану ауыр түрде болса, адам өліп кетуі де
мүмкін.
Қазіргі кезде жеке тұрғын үйлерде жергілікті, пәтерлі жылыландыру кеңінен қолданылып
жүр, бұл кезде орталықтандырылған сумен жылыту жүйесінің принциптері мен
элементтері қолданылады. Бұл кезде қазандықтан қыздырылған су жылыту
қондырғыларына жеткізіледі, ал пештің өзі көмекші бөлмеде жеке орналасады және оның
кіретін есігі бөлек болады. Гигиеналық жағынан мұндай жүйе тиімді болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: