Микроклимат адам ағзасына үлкен әсер етеді. Ол сол жердегі өмір сүретін адамдардың
дұрыс өсіп жетілуіне, физикалық көрсеткіштерінің дұрыс жетілуіне, денсаулығын
сақтауға және күшейтуге, өмірде болып жатқан барлық процестердің қалыпты жағдайда
өтуіне әсерін тигізеді.
Егер тұрғын үйдің микроклиматы нашар болса, адамға қолайсыз жағдай (дискомфорт)
туындатады. Ол адамның өзін нашар сезінуіне, жұмыс қабілетінің төмендеуіне,
ағзада әр
түрлі патологиялық аурулардың туындауына әкеліп соқтырады. Мысалы, тұрғын үй
салқын болса, адам суықтап ауырып қалуы мүмкін.
Адам тұрғын үйде өзін жақсы сезіну үшін ең алдымен жылулық қолайлы жағдай
(комфорт) болуы керек, бұл кезде жылу субъективті түрде жақсы сезіледі. Адамның
денесінің температурасы бір қалыпты болуы үшін,
сыртқы температура өзгерсе де,
адамды қоршаған бөлме температурасы бір қалыпты болуы керек. Қоршаған ортада
температураның төмендеуі немесе жоғарылауы адам ағзасында жылу алмасудың
бұзылуын туындатады.
Ағзада жылу алмасуды реттеген кезде негізгі рөлді жылу беру анықтайды, ол үш
жолмен жүргізіледі:
1.
адам денесіне жақын ауаның жылуы (конвекция);
2.
температураның арасында айырмашылық болғандықтан (радиация) адам
денесі жылуының оны қоршаған заттарға өтуі;
3.
адамның терісінен ылғалдың шығуымен (тер бөлініп шығу) жылу бөлінумен
байланысты.
Конвекция арқылы жылу беру тек қоршаған орта температурасы адам денесінің
температурасынан төмен жағдайда ғана жүреді.
Жылу берудің негізгі жолы – радиациялы түрде жылу беру, яғни жылуды қоршаған
заттарға беру, ол бөлмеде жылу режимі жақсы сақталғанына ғана байланысты емес, оның
ішкі қабырғаларының, еденнің, терезенің де температурасына байланысты.
Егер
бөлме температурасы, қоршаған заттар температурасынан жоғары болса, ол кезде
жылу конвекция және радиация түрінде берілмейді, бұл
кезде жылу тек жылу бөлу
(терлеу) арқылы шығарылады. Егер адам көп терлесе, бұл кезде жылу бөлу көбірек
болады, терді бөліп шығару деңгейі қоршаған орта ауасының ылғалмен қаныққанына
және ауа жылдамдығына байланысты болады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы аз
болса, онда жылу бөлу жоғары болады. Ыстық климаттық жағдайда тер
шығару арқылы
жылу беру негізгі болып саналады, кейде жылуды реттеу механизмінің жалғыз жолы
болып табылады.
Жылулық қолайлы жағдай жылу алмасуды реттеген кезде қиындықтардан сақтайды.
Бөлме температурасы әр түрлі жолмен жылу бөлуді және адам ағзасында жылу
өндіруді
қажет етпейтін болуы керек. Біздің климаттық жағдайда тұрғын бөлменің температурасы
нормада 18 - 20˚С болу керек.
Радиация жолымен жылу бөлуді азайту үшін бөлмелердің ішкі қабырғаларының
температурасы жеткілікті болу керек. Қабырғалардың температурасы төмендеген сайын
радиация жолымен жылу беру артады. Бөлменің ауасының температурасымен ішкі
қабырғаларының температурасының арасындағы айырмашылық 6˚С -ден көп болмауы
керек.
Микроклиматқа температурадан басқа ауа ылғалдылығы да әсер етеді.
Бөлмеде ауа ылғалдылығы нормада 40- 60 % болуы керек.
Қоршаған ауаға жылу беру мөлшері ауа жылдамдығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: