1 глоссарий 1 Стилистика



бет3/8
Дата08.11.2019
өлшемі163,94 Kb.
#51425
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
59d5cdc5-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Стилистика мәтін-1


Бақылау сұрақтары

  1. Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән ерекшелігі неде

  2. Ауызекі сөйлеу стилі мен кітаби стильдің өзіндік ерешелігі неде, мысал келтір.

  3. Сөз қолдану мәдениеті дегеніміз не?

  4. Сөздің қолданылу ерекшеліктері қандай?

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. Алматы, 1984, 39 б.


4-дәріс. Ресми стиль. Ресми стильдің прагмалингвистикалық сипаты
Дәріс сабағының мазмұны:

1.Ресми стилдің жалпы сипаттамасы

2.Ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы.

3. Ресми стиль мәдениеті


Ресми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ресми стильдің шағын түрлері; таза заң шағын ресми стилі, кеңсе қағаздары шағын ресми стилі; дипломатиялық шағын ресми стиль.

Ресми стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Ресми стильдің морфологиясы мен синтаксисі,

Ресми стиль элементтерінің ресми қарым-қатынас аясынан тыс жерлерде қолданылуы.

Ресми стиль мәдениеті. Құжат мәтіндерінің мәтіндік нормалары. Ресми сөз нормаларының динамикасы.

Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады. Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады:

1. түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы;

2. айқындық немесе жүйелілік;

3. логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;

4. баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы.

Лингвистиканың салалық тұрғысынан да мәтінге қойылатын талаптар болады.

• Лексикада — ресми құжаттар мен іс-қағаздарына тікелей қатысы бар сөздерді орнымен қолдану, көнерген сөздерді бейтарап, кітаби немесе әдеби сөздермен алмастыру;

• морфологияда — жалпылық мағына беретін сілтеу өсімдіктерін қолданбау;

• синтаксисте — сабақтас құрмалас сөйлемдердің (себеп, мақсат, салдар, шарт бағыныңқылы) көбірек жұмсалуына мүмкіндік беру;

• қыстырма конструкцияларды қолдануды дағдыға айналдырмау сияқты принциптердің сақталуы бұл стильдің ерекшелігін айқындай түседі.

Ресми стильдің шағын үш түрі бар: кеңсе (іс-қағаздары, қ. Кеңсе тілі); дипломат. және заң Ресми стильдері.

Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;   

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

-  мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.



Іс қағаздарының сипаттары:

- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);

- құқықтық ( заңдық және  жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).

- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:

-    құжаттарды дайындау;

-    құжаттарды жолдау, тіркеу;

-    сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;

-    құжаттарды қолдануға дайындау;

-    құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;

-     құжаттарды мұрағат қорына дайындау.

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі. 


Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда – азамат, жолдас, телефон станциясында – абонент, ательеде – заказ беруші, шаштаразда – клиент, ауруханада – науқас, санаторииде – демалушы, тынығушы, транспортта – жолаушы т.б. болып табылады.
Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:

-    мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

-    тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

-    сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

-    терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

-    терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология

комиссиясы бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

-    қалыптасқан  мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.


Іс-қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жіргізілетін жазу үлгілері жатады.Іс-қағаздары белгілі бма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады.Іс-қағаздардың үлгілеріне-өтініш, сенім хат, қол, хат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, акт, рапорт т.б.жатады. Іс-қағаздардың әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Ресми стильдің көлемі. мазмұн және жазылу формасы жағынан іс-қағаздарының біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа түсіп отырады. онда сөз қолданысы ерекше болады.Ресми стильде көбінесе заң, үкімет орындарының қаулылары, халықаралық шарт, келісім, нота, үкімет хабарлары жазылады. Мұндай мемлекеттік документтерде-саясипублицисти-калық лексиканың әкімшілік терминдерінің қолданылуы басым келеді. Публицистика латынша –көпшілік, әлеумет қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Публицистика стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады.Белгілі білде публицистикаөз алдында бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, арқанын көрсетеді.


Ресми стильге ресми құжаттың барлық түрі жатады: іскери, әкімшілік, низамшылық (законодательный), ресми канцелярлық, іскери шешен сөз, әскери ресми құжат, заң елшілік т.б. Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық қызметінде ресми стиль толық өзінің ақпараттық-мазмұндық мәнін толық көрсете алады. Қоғамдағы құқықтық, үкімдік, әкімшілік, халықаралық ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың мемлекеттің ішкі басқару жүйесіне қызмет ететін барлық құжат түрлері ресми стильдің құрамына кіреді. Қазақ тілінің функционалдық стильдерінің ішінде ресми стиль бізге дейін ауызша, жазбаша құжаттар арқылы жетті. Хандар жарлықтары мен қызметтік хаттардың мемлекеттік ресми өкіметті билеушілерінің, батырларының, белгілі тарихи тұлғалардың жазысқан хаттары арқылы жеткені қазақ әдеби тіл тарихынан да, тарихи мәдени жазба мұрағаттардан белгілі. Ресми стильдің жанрлары басқа стиль жанрларына қарағанда тақырыбы біршама тұрақты мәтіндерден тұрады. Ресми стильді ғылыми стиль жанрларымен салыстырып қарағанда ресми стиль жанрлары анық, дәл, тұрақты тілдік-стильдік белгілерімен ерекшеленіп тұрады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ресми стилге жалпы сипаттама беріңіз



  1. Ресми стильдің қолданыс аясы қандай?

  2. Ресми стильдің өзге функционалдық стильдерден тілдік ерешеліктері қандай?

  3. Ресми стильдегі стильдік норма?

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.

2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999

3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982

4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996

5. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. А, 1984



5-дәріс. Ғылыми стиль. Коммуникативтік норма
Дәріс сабағының мазмұны:

  1. Ғылыми стильдің жалпы сипаттамасы

  2. Ғылыми стильге тән ерекшеліктер.

  3. Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері

4. Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері.
Ғылыми стиль. Жалпы сипаттамасы. Ғылыми стильдің шағын түрлері: таза ғылыми стиль, ғылыми – оқулық шағын стилі, көпшілікке арналған шағын ғылыми стиль.

Ғылыми стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.

Ғылыми стильдің мәдениеті. Арнаулы категориялар мен ұғымдарды білдірудің құралдары.

Ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктері.

Терминологиядағы норма және оған қойылатын негізгі талаптар (мазмұнға сәйкестігі, дәлдік; бір мағыналылық синонимі болмайтындығы; қысқалық; т.б.). норманың кәсіби варианты. Терминдердің қалыптасуы; стандарттағы және сәйкестендірілуі.

Академиялық сөйлеу кезіндегі және лекция оқу үстіндегі шешендік өнер.

Ғылыми стиль туралы түсінік және ғылыми стильге тән ерекшеліктер Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірак, тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады. Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: - сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. - ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т. б. физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т. б. Сонымен бірге белгілі бір ғылымнын саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың кейбір сөздері термин сөзге айналады. Ғылым ылғи алға басып, дамып отыратыны белгілі. Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады. Оны белгілейтін жаңа сөз — неологизмдер — туады. Ғылымның белгілі бір саласында қолдану нәтижесінде пайда болған неологизмдердің өмірінің ұзақ, қысқа болуы ғылымның сол саласының өмірде алатын орнына, практикалық мәніне байланысты. Ғарыш, ғарышкер, ғарышты игеру, жердің жасанды серігі сөздері өздерінің практикалық мәнімен танылып, берік қалыптасты. Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стильдің негізгі ерекшелігі — мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мысалы, химия оқулығында былай делінген: Газ күйіндегі қандай заттың болса да граммолекулалары бірдей жағдайда, бірдей көлем алады. Физикада: Бір инерция моментінен екінші инерция моментіне көшу мына теория бойынша орындалады: кез келген айналыс осіне қатысты инерция моменті сол оське параллель, ауырлық центрінен өтетін оське қатысты инерция моменті мен дене массасының сол дене ауырлық центрінің айналыс осінен қашықтығы квадратының көбейтіндісінің қосындысына тең болады. Бұл келтірілген мысалдарда жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін молекула, инерция, масса, ось сияқты көптеген термин сөздер — осы мамандықтағы адамдарға ғана таныс. Сонымен қатар, ұғымның түсіндірілуі де ғылымның басқа салаларынан өзгеше берілген.

Ғылым тілі Ғылым тілі – ғылым негізде жасалатын өзіндік қалыптасу принциптері бар, стильдік өңі ерекше әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін бір тармағы, адам, қоғам, табиғат жөнінде ақиқат ақпарат беретін, шындықты баяндайтын ғылыми мәтін. Ғылым тілі көптеген ғылыми-зерттеулерде ғылыми стильмен теңестіріледі. Ғылым тілі жазумен тікелей байланысты. Өйткені ғылыми стиль жазу арқылы танылады. Ғылым тілі әдеби тілдің бір тармағы болғандықтан, оның пайда болуы мен қалыптасуы сол әдеби тілдің жасалуына тікелей қатысты. Өйткені сол тілде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне және ғылыми әдебиеттердің жазылуына байланысты ғылым тілі өрбиді. Ғылым тілі айтылатын ойдың анықтылығын, дәлдігін, дұрыстығын және кез келген ғалым түсінерліктей дәйектілігін қалыптастыруы тиіс. Мұны белгілі бір ұғым, мәселе турасындағы логикалық жағынан тұжырымдалған толық хабарлама десе де болады. Сондықтан логикалық маңызы зор. Ғылым тіліндегі сөздер негізінен өзінің бастапқы мағынасында жұмсалады. Келтірінді, ауыспалы мағынадағы сөздер мұнда болмайды. Ғылым тілін қалыптастыра бастаған ғылым салалары негізінен өздерінің терминдік лексикасын, термин сөздерін жүйелеп пайдаланады. Сонымен бірге ғылым тілінде интернационалдық сөздер де жиі кездеседі. Ғылым тіліне тән негізгі ерекшеліктер – ғылымның әр саласына байланысты өзінше дамиды. Мысалы, қоғамдық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдары салаларының немесе техника ғылымдары салаларының даму тарихынан өзара жіктелмейтін өзгешеліктерді байқауға болады. Қазақ тілінде ғылыми стильдің қалыптасуы бірдей емес. Оның кейбір нышандары Қазан төңкерісіне дейінгі шығып тұрған бірен-саран газет-журналдар мен кітапшаларда байқалғанымен, оның толыққанды қызмет ете бастауы ХХ ғасырдың 20–30-жылдарынан басталады. Оның көш басында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов сынды тұлғалар тұрған. Онда да ғылымның бар саласы бірдей «қазақыланбағаны» белгілі. Әсіресе, тіл мен әдебиет, өнер мен мәдениет салаларын қазақша сөйлетуде А. Байтұрсыновтың еңбегі ерекше зор. Аталған салалар бойынша қазақ тілінің ғылым тілі ретінде қалыптасып, дамуы тек осы қайраткердің еңбегіне байланысты болғаны мәлім. Ал ғылым тілі түрлі монографиялық зерттеулер, оқулықтар, мақалалар, баяндамалар, тезистер, патенттер, т.б. сан-салалы еңбектерден көрінеді. Ғылым дамуымен бірге онда жаңа ұғымдар мен атаулар пайда болып жатады. Мұндай жаңа сөздер ғылыми қолданыста неологизмдер деп аталады. Өмірдің даму заңдылығына сәйкес әлгіндей жаңа сөздердің біразы тұрақталып, біразы қолданыстан ығысып жатады. Неологизм сөздердің бәрі термин бола бермейді. Олардың бірқатары жалпыхалықтық тілдің қатарын толықтырады. Қазақ тілінде қоғамдық ғылымдардың кейбір салалары болмаса, жалпы ғылым тілі толық қалыптаса қойған жоқ.

Ғылыми стиль-жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады.Ғылыми стильде зерттеу обьектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып , дәлелденуді қажет етеді. Ғылыми шығармалар жалпы халықтың әдеби тілде жазылады.Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады.Сөздің көп мағыналық, образдары сөздер мұнда да кездеседі.Ғылыми салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сан есімөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика , лексика, фразеология, семасиология т.б. -Көркем әдебиет стильді немесе көркем сөз-ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер.Тіл көркем шығармада ерекше эстетиалық қызмет атқарады.Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма-өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та-бәрі де қатысады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ғылыми стилдің жалпы сипаттамасы

  2. Ғылыми стильдің қандай түрлері бар, олардың өзара айырмашылықтары.

  3. Ғылыми стильдегі тілдік құралдар қандай мақсатқа қызмет етеді?

  4. Ғылыми стиль-жазба стилі дегеніміз не?

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1.М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев Қазақ тілінің стилистикасы - Алматы, 2005

2. Б.Шалабай Көркем әдебиет стилистикасы - Алматы, 2000

3. Ф.Мұсабаева Қазақ тілінің практикалық стилистикасы - А,1976

4. Р.Әміров Ауызекі сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшеліктері – А., 1977
6 –дәріс. Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы
Дәріс сабағының мазмұны:


  1. Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы

  2. Публицистикалық стильдің шағын түрлері

  3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.

  4. Публицистикалық стильдің фонетикасы.

  5. Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі

Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық стилі; таза публицистикалық шағын стилі; газет шағын публицистикалық стилі; газет тілінің өз ішіндегі жүктелетіндігі (бас мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, т.б.)

Публицистикалық стиль (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) – функционалдық стильдердің бірі. Публицистикалық стиль қоғамдық өмірдің алуан саласында, саяси, мәдени экономикалық қарым-қатынастарды көрсетуге қызмет етеді. Публицистикалық стильдің екінші бір ерекшелігі бар: ол – ұлттық әдеби тілдің толығуына зор ықпал етеді әрі әдеби тілдің лексикалық- грамматикалық жүйелеріндегі даму ерекшеліктерін көрсете алады.

Публицистикалық стильге газет, журнал, радио, теледидар, деректі фильмдер тілі жатады.

Публицистикалық стильдің тақырыптық диапазоны өте кең: саясат, идеология, философия, экономика, мәдениет, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің проблемалары, қазіргі уақыттың кезектегі міндеттері, ағымдағы саясат мәселелері, әлемдегі, қоғамдағы жаңалықтар мен өзгерістер (публицистиканы “қазіргі кезең жылнамалары” деп бекер айтпайды) т.б.

Публицистикалық стильдің негізгі мақсаты өмірдегі оқиғалар мен фактілерді бағалау, философиялық дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан пайымдау мен түйін жасау болып табылады.

Публицистикалық стиль тілдің екі қызметін атқарады, бірі – хабар беру, екіншісі ықпал ету. Тілдің екі қызметі, ортақ прагматикалық “әрекеті” публицистикалық стиль тілдің құрылымдық жүйесінің ерекшелігін құрайды.

Публицистикалық стильдің хабарлама функциясы тілдің құрылымдық жүйесінің, бейтарап сөздердің қабатын құрайды. Олар – ұлттық тілдің сөз байлығы, стандарт сөздердің лексикалық қатарлар тізбегі. Мәдени коммуникацияда стилистикалық амал-тәсілдер хабарлама жеткізу үшін ауызша және жазбаша тілмен берілетін шығарманың стилистикалық нормасы жасалу қажеттігі бірінші орынға қойылады. Тілдің стилистикалық әсер ету және прагматикалық мақсат ету функциясынан концептуалды сөздер (бағалаушы лексика), көркемдік тәсіл, сөйлем құрамы, сөйлемдердің компоненттерінің құрылымдық ерекшеліктері айқындалып отырады. Хабарламалық және әсер ету функциясының өзара ортақ қызмет бірлігінен сөздің экспрессивтігі және стандартты сөз үлгілері публицистикалық стильдің негізгі стильдік базасын құрайды, оның жазылуын тездетеді және қоғамдық қызметінің әмбебаптық ролін арттырады.

Публицистика (латынша: көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.

Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздер публицистикалық стильдің ауызша түріне жатады.

Қалыптасу кезеңі

Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Ресейде XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды.Радищевтің “Санкт-Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.

XIX ғасырдың екінші жартысы публицистикаға үлкен өзгерістер енген кез болды. Бұл кезде революцияшыл-демократтар публицистиканы царизмге қарсы күрес құралы етіп жүмсады. В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский сияқты сыншы-публицистер өздерінің сын мақалаларында қоғамдық құрылысты қатты сынға алып, революциялық идеяны қуаттады. Революциялық публицистиканың ең жоғарғы үлгісі марксистік-лениндік классикалық еңбектер болып саналәды.

Жазба публицистика баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі — Қазан төңкерісінің жемісі. “Қазақстанда революциядан бұрын баспа орны болған жоқ. Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып басылып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі — “Қозы Қөрпеш — Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш -1816 жылы басылыпты). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т. б. шығармалары Санкт-Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шыққан. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде Спандияр Көбеевтің “Қалың мал” романы, “Айна”, “Қарлығаш” деген өлеңдері мен поэмалары Қазанда жарық көрді”.

Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттеудің мақсаты - жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.

Публицистика (латынша: риЫісиз — көпшілік, әлеумет)—қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұм-салады.

Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шы-ғармалардың негізінде калыптасады. Белгілі бір тілде публицис-тиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық са-наның өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси та-қырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т. б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.

Публицистикалық стильдің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтьщ жалпы мәдениеті мен экономикасына байла-нысты Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Россияда XVIII ғасырда ең бірінші газет жарық көрді; сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің “Петербургтен Москваға саяхаты” сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.

Октябрь революциясынан кейін мәдени-ағарту мәселесі қолға алынып, оны жедел өркендету талабы қойылды. “1919 жылы 26 декабрьде В. И. Лениннің қолымен Халық Комиссарлар Советі қалың еңбекші бұқараның сауатсыздығын жою туралы шаралар белгіледі. Осы қаулыда және партия мен үкіметтің 1920 жылдардың бас кезінде шыққан нұсқау-директиваларында ұлттардың ана тілінде мектеп ашу, газет-журналдар шығару, әдебиетін өркендету мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Осы жылдары шыға бастаған “Қазақ тілі” (1919 ж., Семей), “Дұрыстық жолы” (1919 ж., Орда), “Жаңа өмір” (1920 ж., Ташкент), “Тіршілік” (1918—1919 ж., Ақмола), “Ұшқын” (1919—1920 ж.ж., Орынбор), “Кедей сөзі” (1920 ж., Омбы) және басқа советтік газеттердің бетінде басылған өлевдер мен әңгімелер алғашқы революциялық жеңісті қуанышпен қарсы алған тілек-мақсатты бейнелейді”2. Бұл баспа органдарынан осындай мақсатта жазылған публицистикалық шығармаларды да көп кездестіреміз.

1920 жылдары республикалық тұңғыш газет “Еңбекші Қазақ” (қазіргі “Социалистік Қазақстан”) шыға бастайды. Бұл тұста казақ публицистикасы жаңа белеске көтеріледі4 “Осы дәуірде қазақ халқы өз тілінде марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларымен таныса бастады. Қ. Маркс пен Ф. Энгельс жазған “Қоммунистік партияның Манифесі” қазақшаға аударылды. В. И. Лениннің “Рабкринді қайта қалай ұйымдастыруымыз керек”, “Аз да болса, жақсы болсын”, “Февральдан октябрьге”, “Совет өкіметі және әйелдердің халжағдайы”, “Россиядағы саяси партиялар” т. б. еңбектері ауыл-ауылға тарап кетті. Владимир Ильичтің “Жастар одақтарының міндеттері” деген кітабы қазақтың жалынды комсомолы Ғани Мұратбаевтың басқаруымен қазақшаға аудары-лып, басылып шықты. В. И. Ленин шығармаларының 35 томдығы-ның қазақ тілінде толық шығуы — республиканың өміріндегі келелі бір оқиға болды. К- Марқстің “Қапиталы” (I том) қазақша 1963 жылы жарық көрді3. Орыстың революцияшыл-демократ жа-зушыларының шығармалары қазақ тіліне аударыла бастады. Осындай игілікті істер қазақ публицистикасының шыңдалып жетіле түсуіне белгілі дәрежеда ықпал-әсерін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет