Девиантті мінез-құлық кезіндегі психологиялық араласудың басты міндеттерін төмендегідей тұжырымдауға болады: а) әлеуметтік бейімделуге немесе сауығуға мотивация қалыптастыру; ә) тұлғалық өзгерістерге ынталандыру; б) ауытқушы мінез-құлықтың нақты формаларын түзету; в) тұлғалық өзгерістер немесе сауығу үшін әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдайлар жасау. Ауытқушы мінез-құлықтың түрлеріне қатысты әлеуметтік-психологиялық араласудың жалпы стратегиялары. Делинквентті мінез-құлық. Құқыққа қайшы және қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайында әлеуметтік-психологиялық ықпалдың негізгі стратегиясы қоғамдық жазалау жағдайын ұйымдастыру болып табылады. Делинквентті мінез-құлық кезінде психологиялық-әлеуметтік жұмыстың басты формалары кеңес беру, психотерапия, соттық-психологиялық сараптама, саногенді орта қалыптастыру болып табылады. Бас бостандығынан айыру орындары жағдайларында психотерапия – пенитенциарлық психотерапия – интервенцияның нашар жетілдірілген формасы болғанымен, маңызды болып табылады. Әлеуметтік ықпалдың делинквентті мінез-құлық үшін ең барабар тәсілдер қоғамдық жазалау және әртүрлі түрленудірудегі мінез-құлықтық терапия болып табылады. Аддективті мінез-құлық. Аутодеструктивті мінез-құлыққа араласу ерекшелігі аддикция түрі мен тәуелділік дәрежесіне байланысты болады. Әр түрлі елдердің тәжірибелерін бағалай отырып, тәуелді мінез-құлықты тұлғаға әсер етудің ғаламдық әлеуметтік стратегияларын 3 топқа бөлуге болады: біріншіден, жазалау саясаты; екіншіден, қауіпті азайту саясаты – прагматикалық әдіс; үшіншіден, қайтадан әлеуметтендіру саясаты. Әлеуметтік-психологиялық тренинг (ӘПТ). Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктері. Кең мағынада ӘПТ топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық тәжірибені білдіреді. Бұл білім берудің, қарым-қатынас, әрекет, тұлғалық даму мен түзету саласындағы дағдылар мен іскерліктерді үйретудің арнайы формаларын қолдану. Жұмыстың мақсаттарын әр алуан, бірақ бағыттары мен мазмұны бойынша әртүрлі тренингтік топтарды біріктіретін, жалпы мақсаттарды бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |