а) топқа қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу және оларды шешуге көмек көрсету; ә) субьектілік көңіл күйді жақсарту және психикалық саулықты беріктендіру; б) психологиялық заңдылықтарды, адамдармен үйлесімді қарым-қатынас үшін тұлғааралық өзара әсердің тетіктері мен тиімді тәсілдерін зерттеу; в) ішкі және сыртқы мінез-құлықтық өзгерістерге негізделген эмоционалдық ауытқулардың алдын алу немесе түзету үшін қатысушылардың өзін өзі жете түсінуі мен өзін өзі бағалауын дамыту; г) тұлғалық даму үдерісіне, шығармашылық мүмкіндікті жүзеге асыруға, тіршілік әрекетіне, бақыт пен табысты сенуге көмектесу. Тренинг – бұл тұлғаны жетілдіруге арналған арнайы ұйымдастырылған оқыту формасы, тренинг кезінде төмендегі міндеттер шешімін табады: Әлеуметтік-психологиялық білімдерді меңгеру; Өзін-өзі тану және т.б. қабілетті дамыту; Өзінің маңыздылығы, құндылығы туралы түсінігін дамыту, жағымды Мен – концепциясын қалыптастыру. Балалармен өткізілген ӘПТ тобының міндеті – өзін-өзі көрсетуге, қабылдау мен өзін-өзі түсінуге үйрену не үшін қажет екендігін түсінуге көмектесу. Топтық тренингтің артықшылықтары: Шектеуге қарсы әрекет етеді, тұлғааралық мәселелерді шешуге көмектеседі, өз-өзіне тұйықталып қалуға және өз қиындықтарымен жалғыз қалуға жол бермейді, басқалардың мәселелерін анықтайды. Топ қоғамды кішкентай түрде бейнелейді, әріптестердің қысымы секілді жасырын факторладрды анықтайды, шынайы өмірдегі өзара қарым-қатынас және өзара байланыс жүйесін үлгілейді. Өзіне құсастардан, шынайы, баға жетпес байланыс алуға мүмкіндік, өз бейнеңді сенің қайғы-мұныңды өте жақсы түсінетін басқа адамдардың көзінен көру, өйткені олар да сондай мәселелерді басынан өткеріп жатыр; Топтағы өзара әрекеттестік әркімнің психологиялық мәселелерін анықтауға көмектесетін жағдай туғызады. Психологтың міндетті-қысымға бақылаудан шығуына және топтағы жемісті қарым-қатынасты бұзуға мүмкіндік бермеу, топ өзін-өзі ашу, өзін-өзі талдау және өзін-өзі түсіну үдерістерін жеңілдетеді. 7-тақырып бойынша сұрақтар
Достарыңызбен бөлісу: |