1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз



бет94/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
Моральдық зиян – бұл тұлғаның жеке мүліктік емес игіліктерінің және құқықтарының бұзылуы, кішіреюі, жойылуы және тұлғаның өзіне қарсы жасалған құқық бұзушылық салдарынан физикалық және рухани күйзеліске түсуі. Моральдық зиян тек заңға сәйкес ақшалай сипатта ғана өтеледі және оның мөлшерін белгілегенде келтірілген материалдық зиянның мөлшері ескерілмейді.
Зиянды толық өтеу қағидасы кейде қолданылмайды. Мысалы, АК 933 б. 2 тармағына сәйкес зиян келтіруге жәбірленушінің өрескел абайсыздығы себеп болса екі тараптың кінәсі салыстырыла отырып, зиянды өтеу мөлшері төмендетіледі. Осы баптың 3 тармағына сәйкес, зиян тигізушінің кінәсі ескерілмейтін жағдайда да жәбірленушінің өрескел абайсыздығы салдарынан келтірілген зиян мүлдем өтелмейді немесе төмендетіледі.
Зиян тұлғаның өміріне және денсаулығына келтірілген жағдайда оны мүлдем өтемеуге жол берілмейді. Зиян келтіруші азаматтың мүліктік жағдайы өтелетін зиянның мөлшерін төмендетуге себеп бола алады. Кінә қасақана болған жағдайда бұл ереже қолданылмайды. Зиян келтіруге жәбірленушінің қасақаналығы себеп болса, ол өтелмейді (АК 935 б.). Бұдан белгілі болғандай, заңда көрсетілген жағдайларда зиян келтірушінің кінәсі оның жауапкершілік мөлшеріне әсер етеді. Бұл әдетте азаматтарға ғана қатысты қолданылады. Кінә ескерілетін жағдайдағы зиян толық құрамды құқық бұзушылықтың салдары болып табылады. Ол кінәмен қатар құқыққа қайшылық және себепті байланысты қамтиды.
Азаматтық құқықта кінәлілік презумпциясы бекітілген. Тұлғалар нақты орнаған зиянмен қатар, белгілі бір әрекеттер салдарынан болашақта орнауы мүмкін зиянның алдын алу туралы талап арыз бере алады. Мұнда шығынды өтеумен қатар, аталған әрекеттерді тоқтату талап етілуі мүмкін. Сот ондай әрекетті тоқтату туралы талап арызды қанағаттандырмаған күнде де зиян өтелуге жатады.


2. Мемлекеттік органдардың заңға қайшы актілері нәтижесінде тұлғаға келтірілген зиян мемлекеттік қазына есебінен өтелуге жатады (АК 922 б.). Мұндағы зиянды өтеу үшін алдымен ол актіні өкілетті орган заңсыз деп тануы қажет. Құқық қорғау органдарының заңға қайшы әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу басқаларына қарағанда басқа тәртіппен жүзеге асырылады. Себебі, құқық қорғау жүйесінде тұлғаға зиян келтіру қаупі жоғары және ондағы кінәні дәлелдеу әлдеқайда күрделі. Билік актісінен келтірілетін зиян барлық мемлекеттік қызметшілердің емес, лауазымды тұлғалардың әрекеттерінен туындайды. Билік актісі негізінен жазбаша бұйрық, нұсқау, ұсыныс немесе басқа да құжат түрінде немесе ауызша болады. Актіні қабылдаған тұлға кінәлі болса ғана зиян өтеледі, бірақ мемлекеттік органдардың кез келген зиянды әрекеті кінәлі деп есептеледі. Зиянды өтеуде қаржы органдары мемлекет атынан өкіл болады.
Әкімшілік басқару және басқа қызметтегі лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиян, олар жұмыс атқаратын органдардың иелігіндегі қаржы есебінен өтеледі және мемлекет олар бойынша қосымша жауапкершілік тартады (АК 922 б., 3 т.).
Құқық қорғау органдарының заңсыз актілері әкімшілік басқару саласындағы әрекеттерге теңестіріледі. Тек, сот әділдігін жүзеге асыру кезінде заңсыз келтірілген зиян өтелуі үшін ол әрекеттің заңсыз екендігі сот үкімімен бекітілген болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өтеу кезінде лауазымды тұлғалардың кінәсі ескерілмейді.


3. АК 925 бабына сәйкес, 14 жасқа дейінгі баланың әрекетінен келтірілген зиян үшін кінәлі еместігін дәлелдемесе заңды өкілдері жауап береді. Осы бапқа сәйкес, 14 жасқа дейінгі баланың заң бойынша қорғаншысы болып табылатын, немесе бақылауды жүзеге асыруы тиіс тәрбие, емдеу, білім беру мекемесі кінәлі еместігін дәлелдемесе оның әрекетінен туындайтын зиян үшін жауап береді.
Бала кәмелетке толса немесе зиянды өтеуге жеткілікті мүлік иеленсе де қорғаншының зиянды өтеу міндеті тоқтамайды. Қорғаншы қайтыс болса, зиянды өтеуге мүлкі жоқ болса және ондай мүлік баланың өзінде бар болса, зиян өтеу толықтай немесе ішінара баланың өзіне жүктелуі мүмкін. Қорғаншының кінәсі тәрбиелеу міндетін дұрыс орындамау, бақылауды әлсірету сипатында болады.
14-18 жас аралығындағы азаматтар өз әрекетінен келтірілген зиян үшін жалпы негізде өздері жауап береді. Ал, қамқоршылары қосымша жауап береді.
Азамат кәмелетке толғанда, зиянды өтеуге жеткілікті мүлік иеленгенде немесе кәмелетке толмай-ақ әрекет қабілетін иеленгенде қамқоршыларының қосымша жауапкершілігі тоқтатылады (АК 926 б., 3т.). 14 жасқа дейінгі баланың зиян тигізуіне бірнеше тұлға кінәлі болса (мысалы, мектеп, ата-ана), немесе зиянды бірнеше бала бірігіп келтірсе олардың қорғаншылары өз кінәсінің дәрежесіне сәйкес үлесті жауапкершілік тартады.
Ата-ана ата-аналық құқығынан айырылған жағдайда содан кейінгі 3 жыл ішінде баласы келтірген зиян үшін кінәлі болса жауап береді.
Әрекет қабілетсіз деп танылған азаматтың келтірген зиянын өтеу 14 жасқа дейінгі баланың келтірген зиянын өтеу туралы нормаларға ұқсас болады. Ал, әрекет қабілеті шектелген тұлғалар өз әрекеттерінен келген зиян үшін өздері жауап береді.
14 жасқа толған немесе әрекет қабілеті толық азамат өз әрекетінің мәнін түсінбейтін жағдайда зиян келтірсе, жауапкершіліктен босатылады. Бірақ, зиян азаматтың өміріне, денсаулығына келтірілген болса, ол толықтай немесе ішінара зиян келтірушінің есебінен өтеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет