1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


АК 931 бабында жоғары қауіп көзіне



бет95/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
4. АК 931 бабында жоғары қауіп көзіне көлік құралдары, құрылыс органдары, жанармай, улы заттар сақтайтын қоймалар т.б. обектілер жатқызылған. Бұл объектілерді жоғары қауіп көзі деп тануға себеп болған қасиеттерінен келтірілген зиян ғана АК 931 бабына сәйкес өтеледі. Олардың басқа қасиеттерінен келтірілген зиян жалпы негізде өтеледі.
Жоғары қауіп көзінің түрлері:

  1. Физикалық (электрлік, механикалық, жылу объектілері).

  2. Физика-химиялық (радиоактивті материалдар).

  3. Химиялық (улаушы, жарылғыш, от қаупі бар заттар).

  4. Биологиялық (жануарлар, микробиологиялық организмдер).

Жоғары қауіп көзінен келтірілген зиян үшін ол объектіні заңды құқық негізінде иеленуші тұлға жауап береді ал, объектіні басқарушы тұлға (мысалы, автокөлік жүргізуші) объектінің иесі алдында регрессті жауапкершілік тартады. Объект жұмыстан тыс немесе басқа мақсатта қоданылып жүрген кезде зиян келтірілсе де ол үшін иесі жауап береді.
Егер жоғары қауіп көзін үшінші тұлға заңсыз иеленсе, одан келтірілген зиян үшін иесі жауапкершілік тартпайды. Бұл жағдайда келтірілген зиянды заңсыз иеленуші тұлға өтейді. Дүлей күштің немесе жәбірленушінің қасақана әрекеттерінің салдарынан орнаса зиян өтелуге жатпайды.


5. Егер тұлғаның өмірі мен денсаулығына басқа тұлға зиян келтірсе, ол әдетте құқыққа қайшы құбылыс болып табылады. Сондықтан, ол зиян өтелуі тиіс. Бұл жағдайда міндеттеме пайда болуының негізі – кінә. Өмірге, денсаулыққа зиян келтірілгенде нақты шығын, алынбай қалған табыс, денсаулыққа зақым келтіруден туындайтын шығындар өтелуге жатады. АК 937 б. 2 тармағына сәйкес, зиянды өтеу кезінде жәбірленушіге мемлекет тарапынан берілген жәрдемақы, зейнетақы төлемдері, сондай-ақ денсаулыққа зиян тигеннен кейін алынған табыстар есептелмейді. Алынбай қалған табыс құрамына салық салынатын барлық кірістер, жүктілік пен босану үшін берілетін жәрдемақы, кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс, авторлық қаламақы есептеледі, ал бір реттік төлемдер есептелмейді.
Зиян келтірілгенге дейінгі 12 ай ішіндегі осы табыстың жалпы жиынтығын сол 12 айға бөлу арқылы орташа айлық табыс анықталады. Егер, жәбірленушінің жұмыс істеу айлары 12-ден аз болса, сол уақыттағы жалпы табыс сол айлардың санына бөлінеді (АК 938 б.). Кәмелетке толмағандардың денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тәртібі бөлек реттеледі. 14 жасқа дейінгі азаматтарға келтірілген зиян денсаулыққа келтірілген нақты залал мөлшерінде өтеледі. 14-18 жас аралығындағыларға бұл шығынмен қатар еңбек қабілетінің төмендеуіне байланысты 10 а.е.к. мөлшерінде төлем беріледі. Егер 18 жасқа толмаған азаматтың табысы бар болса, зиянды өтеу мөлшері соған негізделіп анықталады, бірақ 10 а.е.к. кем болмауы тиіс. Егер азамат зиян келтіруден кейін еңбек қызметін бастаса, зиянды өтеу мөлшерін өз табысына сәйкес жоғарылатуды талап ете алады.
Азамат қайтыс болған жағдайда зиянды өтету құқығын қайтыс болған адамның асырауында болған азаматтар иеленеді. Олар мыналар:

  • қайтыс болған тұлғаның асырауында болған еңбекке қабілетсіз тұлғалар. Бұл жерде асырау мерзімі, арадағы туыстық қатынастар, асыраудың ерікті немесе сот шешіміне негізделгендігі ескерілмейді;

  • қайтыс болған адамның асырауында болмаған бірақ одан жәрдем ақша алуға құқылы болған адамдар;

  • адам қайтыс болғаннан кейін туылған баласы;

  • қайтыс болған адамның асырауында болған 14 жасқа дейінгі балаларын немесе күтімді қажет еткен басқа да азамттарды күтумен айналысқан және жұмыс істемеген тұлға (ата-анасының бірі, жұбайы т.б.);

  • қайтыс болған адамның асырауында болған және ол қайтыс болғаннан кейін 5 жыл ішінде еңбекке қабілетсіз болып қалған азаматтар (АК 940 б.).

Осы баптың 3 тармағына сәйкес зиянды өтеу мерзімдері мынадай:

  • кәмелетке толмағандарға - 18 жасқа дейін;

  • күндізгі оқу бөлімінде оқитындарға - оқуын аяқтағанға дейін, бірақ ары кеткенде 23 жасқа дейін;

  • 58 жастан асқан әйелдер мен 63 жастан асқан ер азаматтарға - өмір бойы;

  • мүгедектерге - мүгедектік мерзіміне;

  • қайтыс болған адамның асырауындағы тұлғаларды күтумен айналысқан азаматтар - сол тұлғалар 14 жасқа толғанға дейін немесе денсаулығының жағдайы өзгеріске ұшырағанға дейін.

Зиянды өтеу мөлшері АК 938 бабындағы тәртіппен жүзеге асырылады және өлген адамның тірі кезінде алып отырған зейнетақы, жәрдемақылары да есептеледі.
Күнкөріс құны артқан жағдайда және айлық есептік көрсеткіш өзгерген жағдайда адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдері соған сәйкес көбейтіледі. Жәбірленушінің еңбек қабілеті артқан жағдайда зиянды өтеуші төлем мөлшерінің төмендетілуін талап етуге құқылы. Сондай-ақ, денсаулыққа келтірілген зиянның әсерінен жәбірленушінің еңбек қабілеті бұрынғыдан төмендеп кетсе, немесе зиянды өтеу мөлшері АК 935 бабының 5 тармағына сәйкес төмендетілген болып, зиянды өтеушінің мүліктік жағдайы жақсарса, жәбірленуші зиянды өтеу төлемінің көбейтілуін талап ете алады.
Зиян келтіруші заңды тұлға қайта құрылса зиянды өтеу міндеті мирасқорына өтеді. Ал таратылса, заңға сәйкес өтеледі. Таратылған заңды тұлғаның мүлкі жеткіліксіз немесе мүлдем жоқ болса, зиянды өтеу төлемін заң актісінде белгіленген тәртіппен мемлекет төлейді.
6. Жалпы, тауарлардағы, қызмет көрсетулердегі, жұмыс нәтижелеріндегі кемшіліктерден келтірілген зиянды өтеуге байланысты міндеттеме шарттық емес міндеттемеге жатады. Оның тарапындағы субъектілерді әдетте шарттық қатынастар байланыстырады. Бірақ, біріншіден жәбірленушімен тікелей қарым-қатынасқа түсетін сатушымен (орындаушымен) қатар, тауар өндіруші де зиянды өтеуге міндетті болуы мүмкін. Екіншіден, зиянның өзі шарттағы құқықтарды бұзу емес, тұлғаның мүлкіне, денсаулығына залал келтіру болады. Тауарлардағы кемшіліктен келтірілген зиянды өтеу туралы нормалар сол тауар тұтынушылық мақсатта алынған жағдайда ғана қолданылады.
Жарамдылық мерзімі белгіленген тауардан сол мерзім ішінде келген зиян өтеледі, ал жарамдылық мерзімі белгіленбесе, тауар өндірілгеннен бастап 10 жыл ішінде келтірілген зиян өтелуі тиіс (АК 946 б). Егер, тауарға жарамдылық мерзімі белгіленбесе және ол заңсыз болса, сондай-ақ заттың жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін тұтынушы қандай әрекеттер жасау қажет екендігі туралы ескертілмесе, келтірілген зиян жоғарыда аталған мерзімнен тыс өтелуге жатады.
Тауарды өндірушіде, сатушыда, жұмысты (қызметті) орындаушыда кінә жоқ екендігі ескерілмейді. Зиянды кім өтейтіндігін жәбірленуші таңдауға құқылы.
Зиянның нысаны тұтынушының денсаулығына зақым келтіру, табысын жоғалту, мүлкіне залал тигізу түрінде болады. Мұндай зиянды өтеу Азаматтық Кодекспен қатар, 05.06.1991ж. қабылданған «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР Заңымен де реттеледі.
АК 950 бабына сәйкес, тауарларды өндіруші, сатушы, жұмысты, қызметті орындаушы зиянды өтеуден екі жағдайда ғана босатылады:

  • зиян дүлей күштің әсерінен орнаса;

  • тұтынушы тауарды сақтау, пайдалану ережесін бұзса.

Бұл жерде қарапайым ережелермен қатар арнаулы ережелер де есептеледі. Арнаулы ережелерді тауар өндіруші тауарға тіркелетін құжаттарда көрсетеді. Ал, сатушы оларды тұтынушы назарына жеткізуі тиіс. Бұл талап орындалмаса, сондай-ақ арнаулы ережелер тұтынушыға басқа тілде ұсынылса, келтірілген зиян өтелуі тиіс. Зиян өтеуден босатудың екі негізін де сатушы (өндіруші) немесе орындаушы дәлелдеуі тиіс.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:



  1. Зиян тигізуден туындайтын міндеттемелерге жалпы сипаттама.

  2. Билік органдарының актілерінен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

  3. Кәмелетке толмағандардың және әрекет қабілеті жоқ тұлғалардың келтірген зияны үшін жауапкершілік.

  4. Жоғары қауіп көзінен келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

  5. Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік.

  6. Тауарлардағы жұмыс нәтижелеріндегі және қызмет көрсетулердегі кемшіліктерден келтірілген зиян үшін жауапкершілік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет