1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босатудың



бет51/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана
вд ААД6, резюме, ДИНАМИКА, Untitled-1
10. Міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босатудың негіздері
Борышкерді міндеттемені орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатудың басты негізі құқық бұзушылық құрамының болмауы деп саналады, яғни жауапкершілікке тарту үшін қажетті шарттардың біреуінің болмауы
Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі міндетті тұлғаны міндеттемені орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатудың жанама негізі болып табылады. Міндеттемені орындаудың мүмкін еместігі міндеттемені орындамағандық үшін жауаптылықтан босатудың негізі деп танылуы мүмкін, егер бұл мүмкін еместік борышкер жауап бермейтін мән-жайлардан туындаса: кінә принципіне негізделген жауапкершілікте — кінә болмаса, ал келтіру принципіне негізделген жауапкершілікте - міндеттемені орындамағандық үшін оның жауапкершілігін болдырмайтын мән-жайлар болса ғана.
Несие берушінің талап қою мерзімі шегінде не жауаптылыққа тарту жөнінде талап қоюдың белгіленген мерзімі шегінде талап мәлімдемеуі де құқық бұзушыны жауапкершіліктен босатудың негізі болып табылады.
Несие берушінің борышкердің тиісінше орындағанын өз мерзімінде қабылдамауы да, АК-ның 366-бабына сәйкес, борышкерді кінә прин­ципіне де, келтіру принципіне де негізделген жауаптылықтан босатуға негіз болып табылады. Несие берушінің мерзімді өткізіп алғандығынан туындаған салдарлар үшін жауаптылықтан борышкер сол мерзім өте бастаған кезден бастап босатынады.
Кінә принципіне негізделген жауапкершіліктің түрлері үшін жауапкершіліктен босатудың басты негізі — міндетті адамның әрекеттерінде кінәнің болмауы. АК-ның 359-бабының 1-тармағына сәйкес міндеттеме бұзылған жағдайда борышкердің кінәсі бар деп болжамдалады, ал кінәсінің жоқтығын борышкердің дәлелдеуі керек делінген. Борышкердің міндеттемені тиісінше орындауға, оның ішінде міндеттеменің бұзылуын болдырмауға қатысты, өзіне байланысты барлық шараларды қабылдауы борышкерді кінәден айырады. Сондықтан, міндеттемені тиісінше орындау үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдағанын борышкер дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады және кінә принципіне негізделген жауапкершіліктен босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет