1. Глоссарий Азаматтық құқық дегеніміз


Мердігерлік шарты және оның түрлері



бет75/150
Дата17.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#169167
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   150
Байланысты:
Бөж 3. Мелдебек дана

Мердігерлік шарты және оның түрлері

1. Мердігерлік шартының ұғымы, нысаны.


2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.


1. Мердігерлік шартының ұғымы, нысаны.
Азаматтық Кодекстің 616 бабына сәйкес мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндеттенеді, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндеттенеді.
Егер шартта өзгеше көзделмесе жұмыс мердігердің тәуекелімен орындалады.
Мердігерлік шарты-консенсуалды, ақылы, екіжақты.
Шарттың тараптары:

  1. мердігер

  2. тапсырысшы.

Шарттың тараптары жеке тұлғалар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Егер шарттың бір тарабы жеке тұлға болса, оның жасы 18-ден жоғары болуы қажет.
Егер шартта өзгеше көзделмесе мердігер шартты орындауға басқа тұлғаларды (қосалқы мердігерлерді) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердігер-тапсырысшының алдында бас мердігер, ал қосалқы мердігердің алдында – тапсырысшы болады.
Бас мердігер қосалқы мердігердің алдында тапсырысшының міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауапты болады.
Мысалы, жергілікті құрылыс ұйымдары азаматтардың тапсыруы бойынша, тұрғын үйлер құрылысың салған кезде, арнайы шаруашылық ұйымдардың жұмысшыларын жұмысқа салады (электр жүйесін, су құбырын орнату және т.б.). осындай қатынастар да мердігерлік шартымен белгіленеді.
Мердігерлік шартының нысаны АК-тің баптарында арнайы белгіленбеген. Бірақ тәжірибеде осы шарт жазбаша түрде жасалады.
Ауызша нысанда жасалатын мердігерлік шарттың мысалы, қысқа мерзімде, тапсырысшының алдында затты жедел жөндеу.
Шарттың орындалу мерзімдері шарттардың өте маңызды жағдайының бірі. Мердігерлік шартта жұмыс орындаудың бастапқы және түпкі мерзімі көрсетіледі.
Тараптардың арасындағы келісім бойынша шартта жұмыстың жекелеген кезеңдерінің аяқталу мерзімдері (аралық мерзімдері) де көзделуі мүмкін.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердігер жұмысты орындайдын бастапқы және түпкі, сонымен қатар аралық мерзімдерінің бұзылғаны үшін жауапты болады.
Жұмыс орындаудың мердігерлік шартта көрсетілген бастапқы, түпкі және аралық мерзімдері шартта көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша өзгертілуі мүмкін.
Мердігер тапсырысшының тапсырмасын орындау әдістерін дербес айқындайды. Сонымен қатар, жұмыс мердігердің қармағында:
соның материалдарымен, күштерімен және қаражатымен орындалады.
Мердігер өзі берген материалдар мен жабдықтардың сапасы лайықсыз болғаны үшін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың құқықтары қосылған материалдар мен құралдарды бергені үшін жауапты болады.
Мердігерлік шартта белгіленген жұмысты тапсыру мерзімі басталғанға дейін материалдардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупін материалдарды берген тарап мойнына алады.
Жұмыс нәтижесін беру немесе қабылдау уақытын өткізіп алған кездегі тәуекелді, уақытты өткізіп алған тарап мойнына алады.
Егер мердігер жұмысты тапсырысшының материалдарымен орындаса, ол берген материалды үнемдеп және есептеп пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге немесе тапсырысшының келісімімен, мердігерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемітуге міндетті.
Мердігер тапсырысшы берген материалдардың кемшіліктері себепті тиісті дәрежеде орындалмаған жұмыс үшін, егер ол осы материалдарды тиісті қабылдау кезінде оның кемшіліктерді анықтауы мүмкін болмағанын дәлелдей алмаса, жауапты болады.
Мердігерлік шартты орындауға байланысты мердігердің иелігіне өткен заттарды немесе өзге де мүлікті өндеу үшін тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың сақталмағаны үшін мердігер жауапты болады.
Егер мердігерліктің нысанасы оны тапсырғанға дейін кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкін болмауы тараптардың кінәсінен болмаса, мердігердің жұмыс үшін сыйақы талап етуге құқығы жоқ.
Егер мердігерлік нысанасының жойылуы немесе жұмысты аяқтаудың мүмкін болмауы тапсырысшы жеткізген материал кемшіліктерінің немесе оның жұмысты орындау әдісі туралы өкімдерінің салдарынан болса, мердігер жұмыс үшін сыйақы алу құқығын сақтап қалды. (АК-тің 631 б.)
Мердігер орындаған жұмыс шарт ережелеріне, ал олар болмаса - әдетте тиісті тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиіс (орындалған жұмыстың сапасы).
Мердігер белгіленген міндетті талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Заң актілерінде немесе шартта мердігердің тапсырысшыға жұмыс сапасына кепілдік мерзім беру көзделуі мүмкін.
Жұмыс нәтижесінің сапасына кепілдік, жұмыс нәтижесін құрайтын барлық элементеррге қолданылады.
Егер мердігерлік шартта өзгеше көзделмесе кепілдік мерзімі орындалған жұмыс нәтижесін тапсырысшы қабылдаған немесе қабылдауға тиіс болған кезден басталады.
Егер жұмысты мердігер мердігерлік шарттан жұмысты нашарлататын ауытқұлармен немесе өзге де кемшіліктермен орындаса, тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердігерден:

  1. Қисынды мерзімде жұмыстың кемшіліктерін өтемсіз жоюды;

  2. Жұмыс үшін белгіленген бағаны мөлшерлес азайтуды;

  3. Тапсырысшының кемшіліктерді жою құқығы шартта көзделсе, өзінің оларды жоюға жұмсаған шығыстарын өтеуді талап етуге құқылы.

Егер жұмысқа шарттың талаптарынан ауытқу немесе жұмыстың өзге де кемшіліктері елеулі және жоюға келмейтін болса немесе анықталған кемшіліктер тапсырысшы белгілеген қисынды мерзімде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.
Шартта белгілі бір кемшіліктері үшін мердігерді жауаптылықтан босату көзделуі мүмкін.
Егер тапсырысшы кемшіліктер мердігердің кінәлі іс-әрекетінің немесе әрекетсіздігінің салдарынан пайда болғандығын дәлелдесе, аталған ереже қолданылмайды.
Тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген көлем мен тәртіп бойынша мердігерге жұмыстың орындалуына жәрдем көрсетуге міндетті.
Тапсырысшы бұл міндетті орындалған жағдайда мердігер бос тұрыс не жұмыстың орындалу мерзімін ауыстыру не жұмыстың бағасын көтеру туғызған қосымша шығындарды, қоса алған, келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы.
Тапсырысшы мердігерлік шартта көзделген мерзімде және тәртіппен орындалған жұмыстың нәтижесін мердігердің қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал шарттан жұмысты нашарлататын ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшіліктер анықталған жағдайда бұл туралы мердігерге дереу мәлімдеуге міндетті.
Жұмыстың нәтижесін тексерусіз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттегі әдісі кезінде анықталуы мүмкін жұмыс кемшіліктеріне (көрінеу кемшіліктері) сілтеме жасау құқығынан айырылады.
Жұмыс нәтижесін қабылдағанан кейін әдеттегі қабылдау әдісі кезінде анықталуы мүмкін емес (жасырын кемшіліктер), оның ішінде мердігер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшіліктерді анықтаған тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзімде бұл туралы мердігерге хабарлауға міндетті.
Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшіліктер туралы мердігерге хабарлау үшін шекті мерзім – бір жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түріне тәуелсіз-мердігердің қасақана жасырған кемшіліктеріне қатысты – жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады.
Заң актілерінде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзімдер (кепілдік мерзімдер) белгіленуі мүмкін.
Егер шартқа сәйкес тапсырысшы жұмысты бөліп-бөліп қабылдаса, осы тармақта белгіленген мерзім жұмыстың нәтижелерін тұтасымен қабылдаған күннен басталады.
Мердігерлік шартта орындалуға жататын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау әдістері көрсетіледі.
Жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Жұмыстың бағасы (смета) шамамен алынған немесе тұрлаулы болуы мүмкін. Шартта басқа нұсқаулар болмаған кезде жұмыстың бағасы (смета) тұрлаулы болып есептеледі.
Егер бір тарап шарт бойынша өзінің міндеттемесін атқарудың арқасында басқа тараптан жаңа шешімдер мен техникалық білімдер туралы ақпарат, онын ішінде құқықтық қорғауды пайдаланбайтын ақпарат, сондай-ақ коммерциялық құпия ретінде қаралуы мүмкін мәліметтер алса, оны екінші тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға хабарлауға құқығы жоқ.
Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртібі мен талаптары тараптардың келісімімен белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет