Азаматтық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу негiздерi: Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.
Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:
1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;
2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;
3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;
4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;
5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;
6) басқа жаққа зиян келтiру салдарына, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;
7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;
8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.
Заңдылық фактілер, ерікті белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына әкелдіретін қатысушылар әрекеттері заңды және заңсыз болады.
Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары, яғни субъектілері: жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар); заңды тұлғалар (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар); мемлекет, оның атынан унитарлы Қазақстан Республикасы және әкімшілік–аумақтық бөліністер (облыстар, қалалар, аудандар, кенттер, ауылдар) болады. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін, қатысушылар құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы қажет. Аталған терминдарды түсіну үшін негізгі ұғымдар: құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болады.