Кибанов А.Я., Захаров Д.К, Коновалова В.Г. Этика деловых отношений : Учебник / под ред. А.Я. Кибанова. М., 2010.
Цвык В.А. Профессиональная этика : основы общей теории. М., 2010. Тема 10, 11.
горшин А.П., Распопов В.П., Шашкова Н.В. Этика деловых отношений : учебное пособие для вузов. Н.Новгород, 2008.
Коммуникационный менеджмент. Этика и культура управления / Т.Ю. Анонченко [ и др.]. Ростов-на-Дону, 2010.
Горелов А.А., Горелова Т.А. Этика : учебное пособие. М., 2006. Часть 3. Гл.1,2
Тақырып 3. Тұлғаның жеке қасиеттері.
Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні.
Адамға тән қасиеттер мен сапалар.
Тұлғаның жеке қасиеттерінің мотивтері (түрткілері).
1 Тұлға ұғымының әлеуметтік мәні
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Адам үнемі жетілу, даму үстінде болады. Талаптану, іздену арқылы жаңа әрекеттерге итермелеуші түрткілер пайда болады.
Басты түрткілер (мотив):
-қажет сенім
-қызығу мұрат
- таным талғам
- мақсат мүдде (кредо)
Адамның сан ғасырлық тарихында адамгершілік пен имандылықтың қозғаушы күші – сенім. Сенім адамда біртіндеп қалыптасады. Сенім өмір көріністерін топшылау – салыстыру- тәжірибе жинақтау – қорыту – сыннан өткізу.
1. Сенім - көзқарастар қақтығысында шыңдалады. Сенім – адамның ерік-жігер, қажыр-қайраттың қандай екенін көрсететін, өмір сүру мақсатына айналған өміршең білім.
Мифтік сенім халықтың мифтік аңыздары негізінде дамиды. Мифтік аңыздар халық санасында тұтастыққа сақталған. Мысалы, қазақтың келіндері қай жаста болмасын, атасынын, әулеттің үлкендерінің есімін ешуақытта атамайды. Олардың өмірде жоқ екендігін біле тұра, естіп қалады деген сенім берік орныққан, бұл мифтік сана нәтижесі.
2. Мифтік сенім этикалық денгейде қалыптасады. Бұл қоғамдық сипат алуы. Мұндай денгейге жеткен – дүниежүзінде еврей халқы екендігіне дау жоқ
3. Миф –мәңгілік ктегория. Миф- энергия көзі, рухани қуат. Адам мифтік сенім арқылы рухани қуаттанып, болашаққа сенеді.
4. Мифтік – атазаманғы уақыт туындысы. Алдымен әр адам өзін бағалап, өзіне сенуі шарт. Ұлт мифтік сенімнен айырылғанда күйреу алдында тұрады.
Миф халық арасында екі жолмен тарайды: әулие - алланың жолына түсу, батырлар әрекетіне сай ұрпақ тәрбиелеуге ұмтылыс тууы.
XXI ғасыр мифі: - ширығып алысқа көз тіккен жолбарысқа сендіру, жолбарыс болып ержетуге ұмтылдындыру, қам жасау.
Жастардың тарихи санасын қалыптастыруда олардың тарихи танымдарын дамытуымыз керек. Тарихты тану кейбіреулердің ойлағанынындай, тарихи оқиғалар мен деректерді білу ғана емес, сол тарихи оқиғалар мен деректер арқылы ақиқатқа жету…
Бұл ойларды профессор Ж.Наурызбаев жан-жақты талдап мәдениетті тұлға жайында: « … өз мәдениетіне де тәнтті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең бәлу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады», - деп сипаттама береді.
Шындығында жан-жақты мәдениет иесі тарихи сана белгілерін мол менгерген адам. Басқаша, айтқанда тарихи сана-этикалық және жалпы мемлекттік сананың негізі. Ұлттық ой – сана, этностың мындаған жылдық аңыз этнос санасы, бейне-белгілері, наным-сенімдері халықтың тарихын білу арқылы ғана ерекшеленеді.
2 Адамға тән қасиеттер мен сапалар
2. Қазақ даласында философияның адамның өмір салты ретінде тууы мен өркендеуі занды құбылыс. Алғащқыда мәдениет танушылық пен илософиялық идеялар мен ілімдер адамдардың күнделікті практикалық өміріне талдау жасаудан пайда болды, осыдан барып белгілі бір терең дүниетанымдық түсініктер қалыптасты.