1. Глоссарий Орман Пирологиясында


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет11/30
Дата20.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#153971
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
îðìàí ïèðîëîãèÿñû

Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1. Орман өртінің туындау себептерін атаңыз?
2. Интенсивті орман шаруашылығын жүргізетін аудандарда орман өрті қанша пайызды құрайды?
3. Қалың орманды аудандарда орман өрттері жалпы өрт аумағының қандай аймағын қамтиды?

  1. Антропогенді өрттердің негізгі көздерін атаңыз?

  2. Конвекция деген не?

  3. Өрттің таралуына қандай факторлар шешуші әсер етеді?

(сұрақтарға жауап толық болуы керек, сұрақ мазмұны ашылуы тиіс)


4-дәріс. Тақырыбы: Өрт қауіптілігі.



  1. Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі.

  2. Ауа – райы жағдайы бойынша өрт қауіптілігі .

  3. Өрт қауіптілігі класына байланысты орман өрттерінің туындауы және даму.



1 Орман табиғи жағдайына байланысты өрт қауіптілігі.
Ормандағы ерттердің шығу және таралу қаупінің дәрежесі (ерт қаупі) темендегілер бойынша айқындалады:
орман учаскелеріндегі ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша (табиғи өрт қаупі);
нақты аймақтағы ауа райы шарттары бойынша (ормандағы жанғыш материалдардың дымқылдығы бойынша өрт қаупі).
Ағаштар мен өсімдіктердің шарттары бойынша өрт қаупі
(табиғи өрт қаупі)
Орман учаскелерінің ағаштары мен өсімдіктерінің шарттары бойынша өрт қаупін - ағаштардың түрі, жас желектердің құрылы-мы, ағаш түріне байланысты құрамы мен жасы, орман алқап-тарының санаты (категориясы), орман қорындағы ағаштарды кесу және басқа да сипаттамалар айқындайды.
Кесте №1
Ормандардағы өрт қаупін бағалау шкала

Өрт қаупінің тобы

Жану нысаны (ағаштардың және оларды кесудің сипатты түрлері, жас желектер, ағашсыз аумақтар)

Өрттердің ең көп болуы мүмкін түрлері, өрттердің шығуы және таралуы мүмкін жағдайлары мен мерзімдерінің ұзақтығы

I

Қылқанды жас ағаштар. Жап-пай кесілетін ағаштар: қына-лар, аршалықтар, шырмауық-тар және құрғақ аңғарлар (әсіресе, қоқыс басқан) бойын-дағы кесілген ағаштардың түр-лері. Қына ескен қарағайлы ормандар мен шықылдақты (верещатники) ағаштар. Сапта-ры бұзылған, қураған және қатты бүлінген (қурап қалған, дауыл сындырған, жел құлат-қан, шала кесілген) ағаштар, жағдайға байланысты және жаппай, ішінара қарқынды кесілген учаскелер. Қокырсы-ған өртеңцер.

Өрт қаупі сақталатын барлык маусым ішінде төмендегі өрттің, ал өсіп тұрған ағаштар бар учаскелерде -жоғарыдағы өрт болуы мүмкін. Құрғақ сай-салалар бойымен кесілген шырма-уықты және басқа да шөпті жерлерде кектемде айтар-лықтай өрт қаупі бар, ал кейбір аудандарда күзде де өрт қаупі сақталады.

II

Қарағайлы және итбүлдірген өсетін, әсіресе қарағайдың жас шыбықтары немесе аршаның қалындығы ортадан жоғары бұталары бар ормандар. Са-мырсын жапырақты ағаштар.

Өрт қаупі сақталатын бар-лык маусым ішінде төмендегі өрттер, ал көп өрт кезеңінде - жоғарыдағы ерттер орын алуы мүмкін.

III

Саумалдық пен қаражидек өсе-тін қарағайлы орман. Итбүл-діргенді жапырақтылар. Бұлақ бойындағы және фагналықтан басқа самырсынның барлық түрлері өсетін жерлер. Итбүл-дірген мен саумалдық өсетін шыршалы орман.

Жаздағы көп өрт кезеңінде, ал самырсын өсетін жерде, одан басқа, көктемгі және, әсіресе, күздегі көп өрт кезе-ңінде төмендегі және жоға-рыдағы өрттер орын алуы мүмкін

IV

Тобылғы және үзақ ғүмырпы ағаш түрлерін жаппай кескен (әсіресе, қоқыстанған) жерлер. Қарағайлы ормандар. жапырақ-тылар және жапырағы шөп сияқты жас желең ағаштардың түрлері. Қарағай мен шырша-ның құрамды ормандары, жөке, шаттауық, емен есетін тоғай-лар. Шырша мен қаражидек орманы. Фагналық және ұзақ ғұмырлы қарағай орманы. Бұ-лақ бойындағы және фагналық самырсын орманы. Итбүлдір-ген, саумалдық, қаражидек же­не фагналық қайың орманы. Саумалдық пен қаражидек өсетін көптеректі тоғай. Мари

Өрттер (бірінші кезекте -төмендегі) көктемде және күзде өрттердің ең көп бола-тын мерзімдерінде шөпті ормандарда және тобылғы кесілген жерлерде, ал жазда, өрттің ең көп шығатын мерзімінде - орманның бас­ка түрлерінде, ұзақ ғұмырлы ағаштар кесілген жерлерде орын алуы мүмкін

V

Шырша, қайың, үзақ ғұмырлы көктеректер өсетін ормандар. Фагналық және бұлақ бойын-дағы шыршалы тоғайлар. Қан-дағаштың барлық түрлері өсетін тоғайлар.

Өрттер аса қолайсыз жағ-дайларда ғана (ұзақ мерзімді құрғақшылық) шығуы мүмкін

Орман қоры учаскелерін оларда өрт шығу қаупінің дәрежесі бойынша орман қорының құрылысы жөніндегі нұсқаулық арқылы бағалау үшін төмендегі шәкіл (шкала) қарастырылған.


Ормандардағы өрт қаупін бағалау шәкілі
1. Төмендегілер үшін өрт қаупі бір саты (топ) жоғары белгіленеді:
а) құрылысы немесе басқа ерекшеліктері төмендегі өрттің жоғарыдағы өртке ұласуына себеп болатын қылқан жапырақты жас желек ағаштар (қылқан жапырақтылардың жас шыбықтары қалың және биік болып өскенде, қоқыс көп жиналғанда және т.б.);
б) тұтанып жануға бейім аландар қоршаған құрғақ аңғарлардағы орманның шағын учаскелері;
в) жалпылай пайдаланылатын жолдарға, паровоз тартатын немесе от қолданатын орман кәсіпорындарына тікелей жақын өтетін теміржолдарға жанасып жатқан орман учаскелері.
Жас шыбықтары қалың өскен немесе жабыны тік тұтасқан әр жастағы самырсын ағаштары өрт қаупінің II тобына жатады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет