1. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы: Индустрияландыру барысы және оның отаршылдық мазмұнына қазақ қайраткерлерінің қарсылығы


Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі



бет5/5
Дата26.12.2021
өлшемі40,2 Kb.
#105944
1   2   3   4   5
Байланысты:
Насибуллина Дильназ Практикалық сабақ 4

5. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі.

Соғыстың алғашкы күнінен бастап Қазақ жерінде Отанды қорғау үшін әскери бөлімдер жасақтала бастады. Барлығы 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полктар және батальондар жасақталды. Мәселен, Қазақстанда жасақталған 310, 312, 314, 316, 391- атқыш­тар дивизиялары және т.б. майданның алғы шептерінде шайқасты. Оның ішінде үш кавалериялық дивизия мен екі атқыштар бригадасы Қазақ ұлттық әскери бөлімдері болды. Coғыc кезінде Кеңес армиясы қатарына 1196164 Қазакстандық жауынгер шақырылды. Өнеркәсіпте жұмыс icтey үшін 670 мың адам еңбек армиясына мобилизацияланды. Соғыс жылдарында Қазақ жеріне 1,5 млн эвакуацияланған және депортацияға ұшыраған халықтар келді.

КСРО-да жүргізілген 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 6,2 миллион адам тұрған. Соғыс жылдары кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды. Оның 601 мыңы туған жерге оралған жоқ.

Қазақстаннан барған әскерлер майдан даласында ерлікпен шайқасты. 100.000-нан астам отандасымыз жауынгерлік ерліктері үшін медаль-ордендермен марапатталды. Шамамен 500 қазақстандық Кеңес одағының батыры, 100-ден астам адам "Даңқ" орденінің иегері атанды. Ал қазақстандық 4 ұшқыш: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский "Кеңес Одағының батыры" деген құрметті атаққа 2 мәрте иеленді. Қазақстандықтар арасында алғаш болып бұл атақты танк әскерінің генерал-майоры, павлодарлық Кузьма Семаченко (1941 жылдың 22-маусымында) алды. Панфиловшы, полковник Бауыржан Момышұлынан (11 желтоқсан 1991) соң бұл атақ ешкімге берілген жоқ.

Днепр үшін болған шайқаста 18 жастағы Жәнібек Елеусізов қазақтар арасындағы ең жас "Кеңес Одағының батыры" атанды.

Кеңес Одағы батырларының қатарында қазақтың екі батыр қызы: мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова да бар.

Ал Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені үшін "Жауынгерлік Қызыл ту" орденінің иегері болды. 2001 жылы "Халық қаһарманы" атанды.

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға үлес қосты. 1941-1945 жылдары КСРО-дағы әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық білім алуға аттанса, нақтыланбаған ақпарат бойынша, Қазақстанның аумағында соғыс жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны 16 000 офицер дайындап шығарған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет