1. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы: Индустрияландыру барысы және оның отаршылдық мазмұнына қазақ қайраткерлерінің қарсылығы


ХХ ғ. 20-30 жж. білім, ғылым және мәдениет саласындағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары



бет4/5
Дата26.12.2021
өлшемі40,2 Kb.
#105944
1   2   3   4   5
Байланысты:
Насибуллина Дильназ Практикалық сабақ 4

4. ХХ ғ. 20-30 жж. білім, ғылым және мәдениет саласындағы кеңестік реформалардың қарама-қайшылықтары.

Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке тұрғындардың сауатын ашу мәселесін көтерді. Әсіресе ол үкіметтің 1929 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс туралы» қаулысынан кейін өрістеді. Алайда сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мұғалімдердің, оқулықтар мен оқу кұралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиындықтармен жүргізілді.

Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ісі қолға алынды. 1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жеті жылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жүмыс істеді. Білім беру саласында ұлттық мектептер жүйесі калыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. XVІ партия конференциясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса, орындықтары жоқ, орындықтары болса окулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту жұмыстары жүргізілді. 1929 жылы мектеп жасындағы казақ балаларының 34,7% оқуға тартылды. 1926 жылы мектеп жасындағы балалардың бар болғаны 16%-ды қамтыған еді. Екінші бесжылдыктың аяғында жаппай бастауыш білім беруге көшу аякталды. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартылды. Бірақ орта және толық емес орта білім беру жүйесі артта қалды. Соғыс қарсаңында жетіжылдық мектептер үлесі 1/3-ден артпады, қазақ орта мектептерінің калыптасуы созылып кетті. 1935/36 оқу жылында алғаш рет 11 ғана қазақ балалары орта мектепті бітірді.

Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы - санитарлық-бактериологиялық институты ашылды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тәжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б ғылыми орталықтар жұмыс істеді. Осы кезде КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылып, 1938 жылы КСРО ҒА-ның филиалы болды. Геология және биология ғылымдарынң нәтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды. Алайда большевиктік кеңес үкіметі таптық мүддені ұлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық және пролетарлық. Сондыктан да қазақ халқының қалыптаскан дәстүрлі мәдени мүралары, ескі феодалдық құрлыстың қалдықтары деп, үлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халыктың тарихи санасын жоюға бағытталған шараның бірі 20-шы жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауыстыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір ұрпактың ғана ғұмырында қазақтар өзінің төл жазуы мен дүниеге келген ұлттық рүхани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бүл жүргізілген шаралардың бәрі де большевиктік тәртіптің күшейгенін, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет