1. Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы: Индустрияландыру барысы және оның отаршылдық мазмұнына қазақ қайраткерлерінің қарсылығы


Жаппай ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары



бет2/5
Дата26.12.2021
өлшемі40,2 Kb.
#105944
1   2   3   4   5
Байланысты:
Насибуллина Дильназ Практикалық сабақ 4

2. Жаппай ұжымдастыруды жүргізудің зардаптары.

Ұжымдастыру барысында бай-кулактарды кәмпескелеудің нақты көлемін анықтау қиынға соғады. Бізге тек 1930-1931 жылдар аралағында Қазақстаннан шеткері аймақтарға жер аударылған адамдардың саны 6765 жеткен белгілі. Сонымен бірге өзге аймақтардан Қазақстанға 180 015 жер аударылды. Кәмпескелеу идеологиясы таптық күресті қолдан жандандырып, саяси қуғын-сүргін нәубітіне ұласты. 1932 жылдың 7 тамызында «Мемлекеттік кәсіпорындар, ұжымшарлар мен кооперациялардың мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту жөнінде» заң шықты. Бұл заң идеологиялық қарсыластарды жазалауға бағытталған нағыз антиконституциялық заң еді. Наразы болған немесе бидай қаптарын тапсыра алмаған адамдар 10 жылға сотталып, барлық мүлкісі тәркіленетін болды. Осы заң қолданысқа енген жылында-ақ Қазақстанда 33 345 адам сотталды. 1929 -1932 жылдар аралығында Қазақстанда ОГПУ үштігімен 9805 қарастырылып, 22933 адам сотталып, олардың 3386 адамы ату жазасына кесілді.

Ұжымдастыру жергілікті халықтың ерекшеліктерін ескерместен, күштеу саясатымен жүргізілді. 1928 жылы Қазакстанда ұжымдастырылған шаруа- шылықтар 2%-ды құраса, 1930 жылы 1 сәуірде бұл көрсеткіш 50,5%-ғa, 1931 жылы қазанда 65%-ғa жетті. Кейбір облыстарда мұндай “екпінді” көрсеткіш бұдан да өciп кeттi. Мысалы, Орал, Петропавл округтерінде қазақтардың жеке шаруа қожалықтарын ұжымдастыру 70%-ғa жеткен. 1931 жылдың күзінде республикадағы 122 ауданның 78-де ұжымдастыру 70-100%-ғa орындалған. Қатал күш қолдану әдісімен жүргізген ұжымдастыру саясаты өрескел заң бұзушылықтармен жүзеге асырылды. Әcipece адам құқығы аяқ асты етілді. Шаруаларды заңсыз тұтқындау, сайлау құқығынан айыру, жер аудару, ату және т.б. жазалар қолданылды. Тек 1933 жылы Біріккен Мемлекеттік Саяси Басқарма (БМСБ) органдары Қазақ өлкесінде 21 мыңнан астам адамды тұтқындаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет