Ұсынысым...
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің оптималды қызметін қамтамасыз ету ушін, келесі міндеттерді шешу қажет:
қалдықтарды олардың пайда болу көздерінде қысқарту ;
қатты тұрмыстық қалдықтарын іріктеу және қайта қолдану мәселесін шешу;
қоршаған ортаға әсерін максималды түрде азайтуға жол беру үшін;
қолданбайтын қалдық бөлімін көму мәселесін шешу.
полигонға жақын жерде қоқысты өртеу үшін энергетикалық станция тұрғызу;
қоқысты дұрыс сұрыптау мақсатында әрбір контейнерлері бар жерлерге қоқыс жинайтын алаңдарын салу.
V Пайдаланған әдебиеттер.
1.“Атамекен” газеті
2. Биология және салауаттану негізі № 4,5. 2009ж.
3. “Еңбекшіқазақ” газеті 2002-2003 ж.ж.
4. Соқпақ Тропинка ғылыми -әдістемелік журнал №1,2 2009ж.
5. Заң газеті №154. 21 қазан 2011жыл.
6. Интернет жүйесі
7.«Қала тазалығы кімнің қолында?» 27 қазан 2011, www.kinfo.kz
8.«Қазақ даласын күл-қоқыстан қалай тазартамыз?» 11 ақпан 2012, www.egemen.kz
9.«Қазақ даласы күл-қоқыс» 14 қазан, 2011, www.thenews.kz
Ғылыми зерттеу күнделігі
Тақырыбы: « Шелек ауылындағы қоқысты тиімді пайдалану жолдары »
Зерттеу мақсаты: Ауылымыздағы қоқысты жинақтау сұрыптау және өңдеуде әдіс тәсілдеріненазар аударып, қоқысты өңдеудің тиімділігін арттыру;
Зерттеу есептері: - Шелек ауылындағы қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеуге назар аудару;
- Мектеп жанында қоқысты жинақтау және сұрыптау алаңы жасалып, қоқыстың мөлшері мен құрылымы туралы мәлімет жинақтау;
- Экспериментте алынған мәліметтер талдау және Шелек ауылының барлық аймақтарына тарату;
- Қоқыс түрлерінің мөлшерін анықтау;
- Қоқыстың түрлерінен алынатын энергия мен шикізат мөлшерін бағалау;
- Бір тәулік бойы шыққан қоқыстан алынатын энергия мөлшері бағаланып, оның экономикалық эффектісін көрсету;
Зерттеу заты: Мектеп жанына қоқыстың түрлеріне арналған контейнерлер қойылып, тәулік бойы шығарылған қоқыстың мөлшерін анықтау; Сауалнама жүргізіліп, нәтижесін есептеу;
Достарыңызбен бөлісу: |