Абстракт
Зертеудің мақсаты: Қоршаған ортаның қатты тұрмыстық қалдықтармен ластануын, қалдықтарды қайта өңдеу және жою жолдарын талдау, негізінде оқып-зерттеу.
Міндеттері:
1) Горбология – қоқыстану ғылымы жайлы деректер жинау
2) Қоқыстардың зияндылығын, сақталу мерзімі туралы кесте сызу
3) Тұрмыстық қалдықтарды екінші рет пайдалану жайлы оқушылармен сұхбат жүргізу, шығармашылық жұмыстар жинастыру
4) Қаланың тұрмыстық қатты қалдықтармен ластану дәрежесін бағалау;
5) Қаланың тұрмыстық қалдықтармен ластануын азайтуға арналған іс-шараларды ұсыну
6) Зертханалық жұмыстар жасау
Жұмыстың өзектілігі: Заманауи тұрмыстық қалдықтардың жағдайларын және кәдеге жарату әдістерін анықтап тексеру.
Зерттеу әдісі: Зерттеуде салыстыру, сәйкестендіру, талдау, тұжырымдау, нақты материалдарды қорытындылау арқылы жасалды. Жұмыс екі бөлімнен тұрады.
Зерттеу объектісі: Қоқыс
Қорытынды нәтижесі:
-Қоқыс қасіреті мәселесі толық ашылған.
-Негізгі нәтижесі аталған тақырып бойынша қажетті деректер дұрыс таңдай білген.
-Ізденіс жұмыстарының басты жаңалығы экологиялық тұрғыдан дұрыс алынған.
Кіріспе
Зерттеу болжамы: Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің оптималды қызметін қамтамасыз ету. Өзектілігі: Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауылымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі, ауыл халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Жұмыстың мақсаты: Шелек ауылының қоқыспен ластануының экологиялық деңгейін анықтап,қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеудің әдіс-тәсілдеріне назар аударып, қоқысты өңдеудің тиімді жолдарын қарастыру; Зерттеудің міндеттері: Ғылыми жұмыстың зерттелуі үш кезеңді қамтиды. Бірінші кезең - бастау кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан-жақты талдау жасалды. Екінші кезең - эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшіншісі- алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы Зерттеу әдісі: - Шелек ауылындағы қоқысты жинақтау, сұрыптау және өңдеуге назар аудару; -Мектеп жанында қоқысты жинақтау және сұрыптау алаңы жасалып, қоқыстың мөлшері мен құрылымы туралы мәлімет жинақтау; -Экспериментте алынған мәліметтер талдау және Шелек ауылының барлық аймақтарына тарату; -Қоқыс түрлерінің мөлшерін анықтау; -Қоқыстың түрлерінен алынатын энергия мен шикізат мөлшерін бағалау; - Бір тәулік бойы шыққан қоқыстан алынатын энергия мөлшері бағаланып, оның экономикалық эффектісін көрсету; Зерттеу заты: Мектеп жанына қоқыстың түрлеріне арналған контейнерлер қойылып, тәулік бойы шығарылған қоқыстың мөлшерін анықтау; Сауалнама жүргізіліп, нәтижесін есептеу; Зерттеу бөлімі: І зерттеу. Күнделікті тіршілікте 1 адам соңынан қаншама тұрмыстық қалдықтар шығарылады, оған әр үйде қажетке жарамайтын қаншама материалдар мен заттар қосылады. Біз ауылдан шығарылатын тұрмыс қалдықтарының құрамы зерттелді. ІІ зертте. Әлеуметтік сараптама сауалнама арқылы зерттелінді. ІІІ зерттеу. Келесі кезекте тұрғындардың өзі тұратын ауланың тазалығына қалай қарайтынын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Нәтиже: Шелек селолық округі 38 450 адамнан құралған. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса сонда 1 адам 1 айда 42 кг, жылына 1 адам жылда 504 кг қоқыс, 38450 адам 1 жылда 19378800 кг қоқыс полигонына апарылады екен. Шелек ауылында күл-қоқыс төгетін орын белгіленіп, 12 гектар жерге құжаттандыру жұмыстары аяқталды. Межелі тұрғын үйдің 25-55 жас шамасындағы 25 тұрғынымен жүргізілген сауалнаманың төмендегі нәтижесі аула тұрғындарының 53% - ы өз ауласының қоқыстылығына мән бермесе, 20%- ы тазалық жанашыры емес екендігін көрсетті. Бұл үлкен көрсеткіш! Бұл үлкен қауіп!
Шелек- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы Есік қалысынан солтүстік-шығысқа қарай 76 км жерде, Шілік өзенің сол жағалауына таяу орналасқан. Тұрғыны 45-50 мың адам (2006). Шілік көп өскендіктен ауыл бара-бара «Шелек» деп аталып кетті. Шелек ауылы тек Алматы облысында ғана емес, бүкіл Қазақстандағы ең үлкен ауыл болып табылады. КСРО кезінде Шелек ең көпұлтты ауыл болып табылатын. Онда қазақтар, ұйғырлар, орыстар, гректер, түріктер, корейлер, болгарлар, грузиндер және т.б. мекен еткен.
Қазір бұл жердің негізгі тұрғындары – қазақ, орыс, ұйғырлар. Сол себепті мұндағы мектептер үш – орыс, қазақ, ұйғыр тілдерінде оқытады. Кеңестік замандарда Шелек қамыс өңдеу зауытының арқасында атағы шыққан. Уақыт өте келе халықтың өсуімен жаңа да өндірістер қосылды, соның ішінде Шелек өзінің қызанақтары мен темекісімен белгілі болды және оларды сатудан алынған қаражаттар өндірушіліерін Қазақстандағы ең «тоқ» халық етті. Заманауи Шелекте 769 шаруашылық, 25 ЖШС , 90 дүкен, 63 тұрмыстық кәсіпорындары, 43 асхана және көптеген кафе, барлар, биллиард, казинолар және ресторандар бар. Ауылда 2 аурухана, балалар үйі, мәдениет үйі және ролик-клуб бар. 2005-ші жылы ауылда жемістер мен көкөністерді өңдейтін және сүт зауыттары ашылды. 1997 жылға дейін Шелек ауданының және темекі өсіретін кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Шелекте және округке қарасты Май, Торғай ауылдарында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары және шаруа қожалықтары құрылды. Ауылда мәдени-ағарту мекемелерімен қатар құрылыс кәсіпорындары, асфальт, сыра зауыттары, тігін фабрикасы, т.б. жұмыс істейді. Шелек арқылы халықаралық маңызы бар Алматы - Жаркент — Қорғас автомобиль жолы өтеді.
Қоқыстар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады. Адам баласының кез-келген шаруашылық әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын, қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге, зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып отыр. Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-жай шаруашылығы жатады.
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».
І тарау
« 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, суы мөлдір, жасыл желекті елге айналуға тиіс » Нұрсұлтан Назарбаев
Ауаның ластануы табиғаттан және адамның іс әрекетінен болады. Табиғи ластану жанартаулар атқылауынан, тастардың үгілуінен, дауылдан орман, дала өрттерінің әсерінен болады. Атмосфералық ауа үшін ең қауіптісі адам қызметінің нәтижесімен ластану. Ластайтын заттар өндірістен автокөліктен және тұрмыстық қалдықтардан таралады.Осы лас заттар атмосфералық ауаның төменгі қабатына күнде қосылып отырады. Қазақстанда ірі ірі өнеркәсіп орталықтары, зауыттар мен фабрикалар көп шоғырланған қалалар, мұнай газ т.с.с өндірістерді айтуға болады. 1) Нағыз тұрмыстық қалдықтар. Қоршаған ортаға қауып туғызатын көптеген құбылыстар негізінен алғанда адамның өмірін жеңілдетіп, денсаулығын жақсартуға бағытталған жаңалықтар негізінде пайда болған. Әттең, тұтанатын қозғағыштар синтетикалық жуғыш заттар, пестицидтер және медициналық препораттар адамның ізгі ниеті тұрғысында қолданылады, бірақ олардың әрекеті үлкен қолайсыздық тудырады. Біз дүкеннен, базардан әдемі целлофанға салынған азық-түлік түрлерін, ойыншықтарды және жақсы иісті пластик флакондарға құйылған сабынсуларды аласыз, біраз уақыт өткеннен соң тамақтан босаған қажетсіз заттарды лақтырасыз, 1миллион халқы бар қаладан шығатын қоқысты төгу үшін жылына 40 га жер керек екен.
- Өңделген қалдықты 2-ші рет қолданар алдында оны сорттау керек. Қоқысты сорттайтын техника жоқ , ал адамдар баяу жұмыс істейді және денсаулыққа зиян. Сол үшін қоқысты лақтырған кездің өзінде сорттау керек . Яғни әр адам қағазға , пластмассаға, тағам қалдықтарына бөлек қоқыс жәшіктерін арнау керек. Мысалы өзіміздің қалаларымызды алсақ қаланың шетіндегі күресіндер үлкен аумақты алып жатыр Күресінде жатқан улы заттар жер асты ішуге арналған суға сіңіп , далалы жерде желмен ұшып қоршаған ортаға зиян келтіреді. Кейбір пайдалы жақтары құрылыс қоқыстары мен шұңқыр және т.б. жерлерді тегістейді . Қоқысты өртеу –бұл оңай іс емес . Барлық қоқыс бірден жанбайды. Қоқыстың толық жанбауы көп мөлшерде қауіпті органикалық қосылыстардың бөлінуіне алып келеді . Сондықтан әрадам жеке бас тазалығынан бастап туған табиғат тазалығын сақтау керек .
Пластикалық немесе біржолғы (одноразовый) ыдыстар қазіргі таңда молынан өндіріледі. Себебі, мұндай ыдыстар сұранысқа ие. Неліктен? Өйткені, табиғат аясына демалуға шыққанда салдырлатып шыны, фарфор ыдыстарды алып шыққаннан гөрі әлдеқайда тиімді. Оның үстіне бағасы түкке татымайтындықтан, сауда орталығында сусын сататындар ақша үнемдеудің рахатын көруде. Ал зиянына келетін болсақ, пайдасының үлесін шаңына ілестірмейді. Пайдаланылған пластикалық ыдыстарды отқа жағуға болмайды. Иісі улы. Амалдың жоғынан қоқысқа тасталынады. «Былай тартсаң, арба сынады, былай тартсаң, өгіз өледі» демекші, тонналап өндірілетін біржолғы ыдыстардың бәрі бірдей қоқысқа тасталса, қала немесе өзге елді мекен қоқыс аралына айналуы ғажап емес. Екіншіден, пластмасса ыдыстардың құрамы да оңып тұрған жоқ. Полистирол, полипропилен, поливинилхлорид секілді химиялық құрамды ыдыстарды ережесі пайдалану аса қауіпті.
Полистиролдан жасалатын ыдыстар негізінен ақ түсті. Салқын тағамдарға арналған. Ыстық су, шай, кофе құйғанда «стирол» бөлініп шығады. Стирол – суда нашар, спирт пен эфирде жақсы еритін түссіз улы газ. Полистиролдан жасалған ыдысты микротолқынды пешке салуға болмайды. Улы заттар бөледі. Зиянды. Полистирол ыдыс салқын тағамға арналса, полипропилен,керісінше, ыстық тағамдарға арналған +150 градуста өз қалпын сақтайды. Мұндай ыдысқа алкогольді немесе спиртті ішімдіктерді құю өте қауіпті. Майлы тағамды да бұл ыдысқа салуға болмайды. Соңы жақсылыққа апармайды. Бұл шарттар орындалмаса, формальдегид бөлініп шығады. Формальдегид – (лат. formica – құмырсқа, халықаралық атауы – метаналь, ескіше – құмырсқа алдегиді) екінші топтағы аса қауіпті түссіз газ. Ол адамның тыныс алу жолдарына, көзге және теріге аса зиян. Және адамның жүйке жүйесін зақымдайды. «Егер оның мөлшері қауіпсіз шамадан көп мөлшерде асып кетсе, барлық тірі жанды құртып жіберуі ғажап емес» дейді мамандар. Формальдегид негізінен көлік газдарынан тарайды.
Поливинилхлоридтен жасалған ыдыстардың сыртқы пішіні көз қызықтырарлық және өте ыңғайлы. Десек те, винил-хлорид атты улы химиялық зат бұл ыдыстың бар пайдасын жоққа шығарады. Винилхлорид – бауырдың қатерлі ісігі (рак), тері, сүйек пен аяқ-қолдың зақымдануы секілді аурулар туғызады. Винилхлорид аэрозоль баллондарында, газ тасымалдаушы және медицинада наркоз ретінде қолданылып келген. Тек 70-жылдары ғана оның улы қасиеттері анықталды. Поливинилхлоридтен жасалған бұйым үстіне ауыр зат қойғанда, орнында із қалады. Полистирол ыдысты бүктесе, сынып кетеді. Ал полипропилен ыдыс деформацияланғанда, майысып орнына қайтып келеді.
Біржолғы целлофан қапшықтар да бір қарағанда, түк зияны жоқ секілді. Ал анығында Жер-Анаға жасайтын қатері ұшан-теңіз. Оның құрамында экологияға қауіпті күкірт көміртек атты қоспа бар. Күкірткөміртек – улы қосылыс, түссіз, оңай жанады. Ауамен жарылғыш қоспа түзеді. Жасанды жібек, желім мен тыңайтқыштар алу үшін шикізат ретінде қол-данылады. Жүйке жүйесі қызметін нашарлатады. Есірткілік әсері бар.
Австралия 2004 жылдан бері полиэтиленді ыдыстарды қолданбайды. Ағылшындар биоыдырағыш (биоерігіш) қапшықтар қолданады. Шынымен-ақ, бұл құрал тиімді және қызметі жарты жылға кепілдік береді. Көмірқышқыл газы тисе болды, аты айтып тұрғандай, ыдырап кетеді. Целлофан мен полиэтиленді ыдыстардың жалпы тіршілікке зиянын білдік. Олай болса, пайдасынан зияны көп біржолғы ыдыстардан құтылудың қандай жолы бар? Шешілмейтін түйін жоқ. Әрине, бар. Үкімет басындағылар, бюджеттен ақша бөліп, Қазақстанның әр бұрышына пластикалық ыдыстарды қайта өңдейтін зауыттар салса, біржолғы ыдыстармен күрес қарқынды жүріп кетер еді. Орта есеппен 50-100 теңге аралығында баға қойса, оларды жинайтындардың қарасы сөзсіз көбейеді. Әсіресе, балалар құтыларды жинап, алған ақшасын өз еңбегі болғандықтан, үнемдеп ұстауға машықтанар еді. Бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Балалар компьютер алдында да күндіз-түні отырмай, еңбек етеді. Ең бастысы – табиғат аясы тазарады. Ал олардың орнына матадан жасалғанын тұтынсақ ше? Немесе біржолғы ыдыстарды қатты қағаздан-ақ жасауға болады. Қағаз ыдыстарды пайдаланғаннан кейін, отқа жағамыз ба, басқа бір қажетке жаратамыз ба, қалауымыз біледі. Сондай-ақ, қағаз ыдыс температурасын ұзағырақ сақтайды. Қызу өткізгіштік қабілеті де төмен. Ыдысты ұстағанда қол күймейді. Микротолқынды пеште қыздырғанда улы заттар бөлмейді. Технология жетістігінің арқасында қағазға желім жапсырылмайды. Қысқасы, пластикалық ыдыстармен салыстырғанда қағаз ыдыстар сапалы, зиянсыз әрі ыңғайлы.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі жылдан-жылға өсіп отырған қазіргідей шақта қаламызда қазіргі заманғы полигон құрылысын жүргізу мәселесі өткір күйінде қалып келеді.Осы түйінді шешу үшін 2014 жылы облыс бюджеті есебінен Шелек ауылының тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны мен сұрыптау, қаттау цехының болжамды құны 102 миллион теңгені құрайтын құрылысын жүргізудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленген болатын. 2015 жылы аталған жоба Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің тарапынан қолдау тапты.
Ауылда тұрмыстық қатты қалдықтардың адамдар денсаулығына қолайсыз әсерін төмендету бағытындағы айқын мақсатты жұмыстар жалғасын тауып келеді.Атап айтқанда, Шелек ауылының шеткері аймағында орналасқан жалпы алаңы 12 гектар полигонды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп, оның аумағы темірбетонмен қоршалды.
Үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында табиғат қорғау заңнамаларын орындамағандарға қатысты 80,9 мың теңгеге 2 әкімшілік айыппұл салынып, қалдықтарды рұқсатсыз орналастырғандарға 56,8 теңгенің талабы беріліп, аталған сомалар түгелімен айыптылардан өндіріліп алынды.
Осылайша Қазақстанда тұрмыстық қатты қалдықтарды басқарудың жаңа жүйесін әзірлеу ісі басталды.Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, жаңа бағдарлама халықаралық тәжірибе есепке ала отырылып жасалынбақ.Енді ТҚҚ-ды басқарудың негізгі өлшемі- аталған мәселені шешу жолдарының кешендігі мен жүйелілігі.
Қазіргі уақыты еліміздің қалаларында ілкі (пилоттық) жобалардың инвестициялық негізін әзірлеу жөніндегі жұмыстар басталды. Осы орайда, Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істер жөніндегі агенттігі талдап жасап жатқан ТҚҚ басқару жүйесін жаңғырту бағдарламысына 2012 жылы техникалық-экономикалық негіздемелерді талдап жасау үшін енгізілген тоғыз қаланың бірі- біздің Алматы қаласы болып отырғаны қуанышты оқиға. Бұл облысымыздың орталығы мен оған іргелес аудандардың, елді мекендердің тұрғындарын алаңдатып отырған тұрмыстық қатты қалдықтар проблемасының оң шешілуі ісіне негіз қаланғанын көрсетеді.
Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу – мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп отырған экологиялық талап. Бұл талаптың орындалуы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының үнемі назарында.
Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады. Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |