Осыған орай Шелек ауылында басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолданылып, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануына, судың ластануын үнемдейді екенбіз. Шелек ауылында қоқыстың көбі: 35% қағаз, кардон,15% полимер,5% резенке, тері, 10% текстиль болып табылады.
Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.
Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен.
Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді. Осыған орай мен сараптама жүргізген едім.
Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді: 1. Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?
2.Сіздің ойыңызша келешекте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салатынына сенесіз бе?
3. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?
4. Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?
5. Сізді Шелек ауылының экологиясы қызықтыра ма?
6. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?
Сараптаманың нәтижелері: Гарбология терминінің мағынасын ауыл тұрғындарының 85% нақты білмейді.
Ауыл тұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді.
Ауыл тұрғындарының 65 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.
74 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.
Ауыл тұрғындарын 45% қызықтырмайды.
Шелек ауылының 35 % білмейді.
ІІІ зерттеу Біз мамыр айының 26- шы жұлдызында Нұрғазина көшесіндегі үй есіктеріне хабарландыру іліп, аула тұрғындарын кездесуге шақырдық. Олардың аула тазалығы туралы пікірлерін, ұсыныстарын білгіміз келді. Бұл жиынға бірінші жолы бар болғаны 4 адам, ал қайтадан шақырғанымызда 25 адам ғана келді. Мұның өзі жекеленген аула тұрғындарының бізге берген сұхбаттарының шындығын растады. Келесі кезекте тұрғындардың өзі тұратын ауланың тазалығына қалай қарайтынын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Оның нәтижесі төмендегідей болды. Сауалнама 1.