Энергетикалық жағынан. Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халық шаруашылық маңызы өте зор. Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің өнімдерінің ,қалдықтарының , жанама және аралық өнімдерінің энергетикалық потенциалдары . Қоқысты отын ретінде пайдалану ауылдарда жақсы дамыған деп айтуға болады. Егер де қалдықтар энергетикалық жағынан пайдалану айналымына түсірілсе, олар қоршаған ортадағы қалдықтарды көптеп жоюмен қатар, жердегі шикізат қорында үнемдейтіні сөзсіз.
Құрылыс материалы ретінде. Маңызды шикізат қорына қалдықтардың ішінде күл мен қоқысты жатқызуға болады. Осы құмды материалдың қазіргі кезде 20% дан аспайтын бөлігі ғана өңделінеді.Күл негізінде цементке толтырғыш ретінде қолданылады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр көмірдің күлі 1 т цементтің орнын толтырады. Егерде алысқа бармай -ақ өзіміздің ауылда осындай өңдейтін зауыттар ашылса, экономикамыздың өрлеуі сөзсіз болар еді.
Малдың тамағы ретінде.Сондай-ақ екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың тағы бір түрі: тамақ қалдықтарын далаға төкпей-ақ үй жануарларына
ІІІ тарау Болашақта менің басты ойым- қоқыстарды далаға шашпайтындай етіп, тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өңдейтіндей кәсіпорындар салғым келеді. Ең алдымен, мұндай мәселелерді шешуші басты құрал –қаржы болып есептеледі. Ал, қазіргі кезде қаржы мәселесін сылтау ғып алға тартпауға болады. Себебі, үкімет ”Қазақстан-2020” бағдарламасы бойынша қаншама жеңілдіктер жасап жатқанын білеміз. Ол үшін ең алдымен, өзімнің даму (бизнес) жоспарымды жасап алуым қажет. Сосын барып,үкіметтің қолдауын пайдаланып осы жобаны іске асырғым келеді және іске асырамын деп сенімді түрде айта аламын.Сондай-ақ, Шелек жері үшін біздің ең басты мәселе-алысқа бармай-ақ,мал бағу болатын болса,оның еті, жүні, терісі, сүтін өңдейтін зауыттар болса, Шелек жерінің экономикасы әлдеқайда көш ілгері болатын еді. Сондықтан, осы жобаға қатысушыларға айтарым, болашақта өз бизнес жоспарларыңызды қазірден бастап ойласып, өз мемлекетіміздің беріп жатқан қаншама жеңілдіктерін пайдаланып, Шелек жерін көркейтуге белсенді түрде ат салысайық деп шақырғым келеді. Біздің облыс бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру, тасымалдау, жинау және жою жүйелері қазіргі талаптарға сай келмейді. Сондықтан бұл мәселе шұғыл шешулерді талап ететін мәселеге айналып отыр.
Облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар ағындарын басқару жүйесі қоршаған ортаның жағдайын жақсартады және оны экономикалық, энергетикалық жағынан дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің оптималды қызметін қамтамасыз ету үшін, келесі міндеттерді шешу қажет:
•қалдықтарды олардың пайда болу көздерінде қысқарту;
•қатты тұрмыстық қалдықтарын іріктеу және қайта қолдану мәселесін шешу;
•қоршаған ортаға әсерін максималды түрде азайтуға жол беру үшін
• қолданбайтын қалдық бөлімін көму мәселесін шешу.
•полигонға жақын жерде қоқысты өртеу үшін энергетикалық станция тұрғызу.
•қоқысты дұрыс сұрыптау мақсатында әрбір контейнерлері бар жерлерде қоқыс жинайтын алаңдарын салу.