ІV тарау
Өз тәжірибем
Қоқысты тиімді пайдалану үшін лайфхак жасап көруге шештім. Лайфхак-әртүрлі пайдалы кеңестер видиосы. Тұрмыста, жұмыста көмектесетін пайдалы кеңестер.Үнемдеуге, жөндеуге, қолөнер шеберлігін дамытатын жақсы кеңестер болып табылады.
Мысалы пластиктен не жасауға болады: (5-6-суреттер)
.
Өз қолымнан жасап көргенімде өте пайдалы дүниелер шығатынына көзім жетті.бастапқыда қиындау болды, ой ұшқырлығынан шек жоқ екен.
Халық арасында сұхбаттар жүргізе отырып, қоқыс жәшіктерінде тек қоқыс атауларымен қатар олардың зиянды жақтарын ойландыратындай ғып немесе қызықтығып жазып қойса, онда мұндай жәшіктің жанынан өткен адам қоқысты сортай салар еді. Мысалы:
Бұндай қоқыс жәшігінің жанынан өткен адам қоқысты дұрыс тастамауы мүмкін. Көбі ерінеді.
Менің жобам бойынша осындай түрде болса өте керемет болар еді.
Қайта өңдеу үшін сұрыптайық!
Болашақ таза болу қажет
Балаларыңа үлгілі ата-ана бол!
Пластик
100 жылда ыдырайды
Металл
10жылда ыдырайды
Киімдер мен аяқ киімдер
Рахмет саған!
Люминарлық шамдар
Оның ішіндегі сұйықтық өте зиян
Шыны
1000 жылда ыдырайды
Үлкен көлемді заттарға арналған
ІV Қорытынды
Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадамдармен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз
Достарыңызбен бөлісу: |