32. Босқындарды халықаралық-құқықтық қорғау мәселелері
Баспана берілетін тұлғалардың мəртебесіне қатысты кейбір ережелер босқындар мəселелері жөніндегі бірқатар келісімдерде орын алған. Босқындар бұл - тұрақты тұрып жатқан елдерін көбіне өзі азаматы болып табылатын елдерін қудалау, əскери қимылдар немесе өзге де төтенше жағдайларға байланысты тастап шыққандар. Босқындар проблемасы бірқатар хадықаралық шарттарда көрініс тапқан. БҰҰ аясында босқындар мəселесі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы бар. 1951 ж. босқындардың құқықтық мəртебесі туралы көп тарапты конвенция жасалды. 1967 ж. дейін конвенция тек 1951 ж. 1 қаңтарына дейін болған оқиғалар нəтижесінде босқындарға айналған тұлғаларға ғана қолданылып келді. Кейінірек, 1967 ж. 4 қазанында өз күшіне енген конвенцияның қосымша хаттамасына сəйкес, босқындардың жаңа тобы да 1951 ж. конвенция бойынша босқын мəртебесін алған тұлғалар сияқты қорғауда болатын болды.
Босқындар туралы конвенциялық нормалар оларды шетелдіктер мəртебесіне біртабан жақындатты деуге болады, ал бастауыш білім, əлеуметтік қамсыздандыру сияқты бірнеше құқықтары мен еңбек құқықтарының кейбірі оларды келген елдердің өз азаматтарымен теңестіріп жіберді. Өз елдерін мынадай себептерге байланысты тастап шыққан адамдар босқындарға жатқызылады:
• елінде нəсілі немесе ұлты, белгілі бір əлеуметтік топқа жатуына байланысты, діни нанымы немесе саяси сенімі үшін қудалаудан немесе қудалау құрбаны болудың айқын қатерінен еліне бару мүмкіндігі жоқ адамдар;
• сыртқы басқыншылық, басып алуға, шетелдіктердің үстемдік етуіне немесе елдің тəртібін не бір бөлігін бұзған оқиғаларға байланысты;
• өмір сүрудің материалдық негіздерін жоятын табиғи сипаттағы (шөл, жер сілкінуі, су тасқыны жəне басқалары) құбылыстарға байланысты.
Қазақстан Республикасы тəуелсіздігін алғалы бері түрлі сипаттағы көші-қон (миграциялық) процестері жүріп жатыр. КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға этникалық қазақтар, орыстар, немістер жəне басқа ұлт өкілдері, сондай-ақ өмір сүрудің материалдық негіздері жойылған аумақтардан қашқан адамдар қайтадан оралуда.
1999 ж. 15 қаңтарында Қазақстан босқындар мəртебесіне қатысты 1951 ж конвенцияға жəне оның 1967 ж. хаттамасына қосылды. Қазақстан Республикасының "Көші-қоны туралы" заңында босқын ұғымына анықтама берілген, алайда Қазақстанда босқындардың мəртебесін айқындайтын арнайы заң жоқ. БҰҰ-ның босқындар мəселесі жөніндегі Жоғарғы комиссарының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Абдуль Карим Гульдің мəліметтері бойынша Қазақстанда бүгінгі таңда ТМД мен Орталық Азияның түрлі аймақтарынан келген 20 мыңнан астам босқындар өмір сүреді екен. Босқындардың ең көбі соғыс салдарынан Шешенстаннан Қазақстанға қашып келушілер, олардың жалпы саны 12 мың адам Қазақстан Республикасының аумағында соғыстың жəне тəлібтер режимінің салдарынан отандарын тастап шыққан 2 мыңға жуық босқын-ауғандар бар. Қазақстанға Тəжікстаннан 4 мыңнан аса босқындар келген.
34. Халықаралық қауіпсіздік құқығы халықаралық құқықтың саласы ретінде.
Құлжабаева 10,1
Достарыңызбен бөлісу: |