Байланысты: 1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы-emirsaba.org
88. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы 2018 жылы 21 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Елбасы өз мақаласында «Ұлы Даланың өткен тарихын жаңғырту және сақтаудың бірегей тұжырымдамасын ұлт құндылығы ретінде ұсынды. Онда «Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» деп нақты атап көрсетті.
Президент біздің халқымыздың тарихи мұрасының 7 негізгі аспектілерін айқындап, оларды: Атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Аң стилі,Алтын адам,Түркі әлемінің бесігі,Ұлы Жібек жолы,Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны – деп атап, Ұлы Даланың жеті қырын сипаттай отырып, ғылыми дәлелдер келтіріп, біздің дүниетанымымыздың іргелі негіздерін байыпты ұғыну қажеттілігінің мәселесін нақты көтерген. Осы жұмысты орындау үшін президент бірнеше ірі жобаларды ұлт деңгейінде көтеруді және қолданысқа енгізуді ұсынды.
Орта білім беру жүйесіне келер болсақ, мектептер жанынан тарихи-археологиялық ұйымдарды құру міндетімен қоса «Ұлттық тарихқа деген құштарлық барлық қазақстандықтардың өз бастауларының бірлігін қалыптастырады»-деп атап көрсетті.
«Ұлы Дала тұлғалары» атты жоба ғылыми – көпшілік сериясын құру және тарату ретінде ерекше орын алды. Бұл жұмыс тек тарихшы ғалымдар ғана емес, педагогтар мен оқушылардың да, ғылыми- зерттеулеріне кеңірек жол ашады. Сондай-ақ, ол «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты тарихи қайта қалпына келтірудің жалпыұлттық клубын құруға, оның негізінде Астана мен Қазақстан аймақтарында ежелгі сақ, ғұн, Ұлы Түркі қағаналарының дәуірі тақырыптары бойынша фестивальдар өткізуге және Қазақстанның әр түрлі аймақтарына, басқа да елдерге фольклорлық дәстүрдің жалпы тарихи негіздерін іздеу үшін ғылыми-іздестіру және зерттеу экспедицияларының топтамасын ұйымдастыруға шақырады. Біздің оқушылар мен педагогтер алдағы уақытта осы іс-шараларға белсенді қатысады деген сеніміміз зор, себебі біздің қалада тарихшы-мұғалімдер, ҚарМУ археологиялық экспедицияларына қатысып, іздестіру, зерттеу жұмыстарын жүргізуде.