1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы


ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» (2 қыркүйек 2019ж.)



бет65/65
Дата26.12.2023
өлшемі384,23 Kb.
#199317
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Байланысты:
1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстанның халықы ұлттық құрамы-emirsaba.org

89. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» (2 қыркүйек 2019ж.)
2019 жылы 2 қыркүйекте таңғы сағат 11 – де ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл Мемлекет басшысы лауазымына сайланған сәттен бастап алғаш рет болды.
Жолдау барысында мұғалімдердің материалдық жағдайын жақсарту мәселесі айтылды,атап айтқанда отандық педагогтардың жалақысы төрт жыл ішінде екі есеге артады.
Президент Тоқаев Қ.Қ. бала құқығын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру мәселесі Қазақстанда басымдық болуы тиіс, жасөспірімдер арасындағы жоғары суицидтік проблемамен мақсатты түрде айналысу қажет екенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көңіл бөлуді, аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқорлық жасауды тапсырды. Бұл үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларды қолдау шаралары күшіне енуі тиіс, атап айтқанда кепілді әлеуметтік пакет енгізілді. Әлеуметтік пакетке мектеп жасына дейінгі балаларға тұрақты көмек көрсету, тегін ыстық тамақ, оқу құралдары мен барлық оқушыларға арналған нысан, медициналық көмекке ақы төлеу, қоғамдық көлікте жол жүру шығындарын өтеу кіреді.
Президент Жолдауда барлық қазақстандықтарды толғандырған ең басты сұраққа жауап берді — жер шетелдіктерге сатылмайды.
Күн тәртібінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі түспейді.
90. ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» (1 қыркүйек 2020ж.)
Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерді.

Президент білімнің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы мен денсаулық сақтау саласын дамыту жайында айта келіп, отбасылық-демографиялық жағдайына және балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, заң үстемдігі мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейінше әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір аспектісін табысты жүзеге асыру мүмкін емес. Алдымызда мемлекеттің азаматтарға қызмет етуінің жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс бар. Бұл істе маңызды рөл атқаратын құқық қорғау органдары мен сот жүйесін үлкен реформалар күтіп тұр. "Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыспен күрес саласын жаңғыртқан жөн. Бізге азаматтардың құқығын заманауи тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ететін және жоғары халықаралық талаптарға жауап беретін үлгі керек. Қазақстанда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп санаймын. Тағы да қайталап айтамын, заңдылық пен әділеттілік сөзсіз қамтамасыз етілуге тиіс. Қылмыстық істегі қателік адам тағдырын өзгертетінін естен шығармау керек", – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Жолдауда ұлттық бәсекелестікке қол жеткізуде цифрландыру ісі барлық реформалардың негізгі тетігі мен басты құралына айналатыны айтылған. Бұл тұрғыда саяси реформалар мемлекетті басқаруға азаматтарды көптеп тартуға бағытталуы керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. "Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. Баршамыз өз-өзімізді дамытуға күш салуымыз керек. Замана сынағы бізден үздіксіз қозғалысты, мықты күш-жігерді және табанды еңбекті талап етіп отыр. Сондықтан, еліміздің бақытты әрі жарқын келешегі әр азаматтың қажырлы қызметіне байланысты болмақ. Әр буынның маңдайына түрлі сынақ жазылған. Біз төл тарихымызда тағдырдың түрлі сынынан әрдайым сүрінбей өттік. Еліміз ең күрделі деген міндеттерді шеше алады. Біз бұған дайынбыз", – деді мемлекет басшысы.
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет