6.Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің тарихын зерттеуді олардың өздері бастап берген болатын. Бұл ретте Ә. Бөкейхановтың, М. Дулатовтың, М. Тынышпаевтың және Е. Омаровтың өз замандастырының өмірі мен қызметіне байланысты түрлі басылымдарда жариаланған еңбектерін айтқан жөн. Қазақ зиялылары кім туралы жазбасын, уақыт рухына сай қайраткердің ұстанған айқындамасы мен атқарған еңбегін бірінші кезекке қойды. Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ісі ресми саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Мұндай саясаттың астары түсінікті болатын. Қазақ бұқарасының санасын өзіне қаратып алуды көздеген большевиктер, өзінің негізгі қарсыласы ұлттық тәуелсіздік тұғырнамасында тұрған қазақ демократиялық интеллигенциясын күрес аренасынан біржола ығыстыруды алдына мақсат етіп қойған еді. 1922 жылдан бастап жоғары билікте жүрген Алаш қайраткерлері ығыстырыла бастайды. Қазақтың демократиялық интеллигенциясының қоғамдық – саяси қызметін бағалау алғашқы кезде екіге жарылып, кейін жоғарыдан берілген нұсқаумен біржақты зиянды жағынан көрсететін еңбектер шыға бастады. 1937–1938 жылдардағы интеллигенцияға қарсы жүргізілген жаппай жазалау саясаты бұл мәселені 1980 жылдарға дейін жауып қойды.
7.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы саяси партиялар қызметі
XX ғасырдың басында Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық езгісі күшейе берді, одан қоныс аударған қоныс аударушылар қазақтың шырайлы жерлерін тартып алуын көбейтті, халықтың жағдайы төмендей түсті. Сондықтан қазақтың зиялылары тығырықтан шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына артты. 1905 жылдың желтоқсанында Орал қаласында А.Бөкехановтың бастауымен Қазақстанның 5 облысының «Делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі (филиалы) құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б. мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардың өзін-өзі билеуі немесе автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А.Бөкейханов кадет партиясынан шығып, жаңа «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкілқазақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21-26 арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың саяси партиясын құру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей демократиялық федеративтік респуплика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай бәрі де тең; онда теңдік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз, одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең, қазақтардың өзіндік муфтиаты болуы керек; билік пен сот әр халақтың ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтың тілін білуі тиіс, барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы керек және басқалар.
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А.Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды, «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
Сондай-ақ, Қазақстанда 1917 жылдың күзінде «Алаш» партиясына қарсы солшыл революциялық – демократиялық ағымның бір бөлігі «Үш жүз» атты Қырғыз социалистік партиясын құрады. Ол 1918 жылы қаңтарда Кеңес өкіметін таныды. Оның төрағасы Айтпенов Мұқан, орынбасары Тоғысов Күлбай, хатшысы Қабеков Ысқақ болды. Кейінірек оның басшылығы Тоғысовтың қолына көшеді. Партия 1917 жылы желтоқсанда Петропавлда «Үш жүз» атты газет шығарады.
1917 жылы наурызда Қазақстанның оңтүстік облыстарында «Шура-и-Исламия» партиясы құрылды. Осы партияның негізгі бағыты исламділік (исламизм) пен түріктік (тюркизм) болды. Ислам ұстаушылары «таза исламды» жақтады, ал тюркизмның жақтаушылары модернизм мен прагматизммен ерекшеленді.
1917 жылы маусымда «Шура-и-Исламия» партиясының «таза ислам» жақтаушылары бөлініп өз «Шура-и-Исламия» партиясың құрды. Олардың негізгі мақсаты мұсылман және шариат қағидалардың негізінде мұсылмандардың заңды құқықтарын іске асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |