29. Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) туралы жалпы мәліметтерді көрсетіңіз. ЖМҚ классификациясы, қасиеттері, алу әдістері. Медицинада қолданылуы туралы мәліметтер беріңіз Жоғары молекулалық қосылыстар (полимерлер) - бұл өте үлкен молекулалық массасы бар заттар, олардың молекулаларында мономер атомдарының қайталанатын топтары болады.
Жіктелуі:
Химиялық құрамы бойынша полимерлер : органикалық, бейорганикалық жəне элементоорганикалық болып бөлінеді.
Шығу тегіне байланысты полимерлер табиғи, жасанды жəне синтетикалық болып табылады.
Полимерлердің мономерлі байланыстарының құрамы бойынша жіктелуі полимерлерді гомополимерлер мен гетерополимерлерге бөледі.
Негізгі тізбектің құрылымына байланысты мыналар бөлінеді: гомо жəне гетеро тізбекті полимерлер.
Жоғары молекулалық қосылыстар алыну тəсіліне байланысты полимерленген қосылыстар - полиқосылу реакциясы бойынша алынған қосылыстар (полиэтилен, полипропилен, солистирол жəне т.б.) жəне поликонденсациялы қосылыстар – полиалмасу реакциясы бойынша алынған қосылыстар (полиамидтер, полисилоксандар, феноло- жəне карбомиформоальдегидті қосылыстар жəне т.б.) деп бөлінеді..
Механикалық қасиеттері:
• серпімділік - салыстырмалы түрде аз жүктеме кезінде жоғары қайтымды деформациялану қабілеті
• шыны тəрізді жəне кристалды полимерлердің аз сынғыштығы
• қаттылық
• жұмсақтық
Медицинаның әртүрлі салаларына полимерлердің өте кең қолданылуы кездеседі: науқастарға күтім жасайтын заттарды, арнайы ыдыс — аяқтарды және дәрі-дәрмектерге арналған әр түрлі қаптамаларды жаппай шығаруға мүмкіндік береді. Медицинада жиі қолданылатын полимерлер-силикондар.. Силикондар бетке, сүт бездеріне косметикалық операциялар жасау үшін, катетерлер, жүрек клапандары, күйіктер кезінде терінің бетін қорғауға арналған пленкалар жасау үшін қажет.
Медицинада қолдану бойынша 3 топқа жіктеледі:
-Ағзаға енгізуге арналған полимерлер: ішкі протездер, пломбылар, желімдер,
қан алмастырғыштар, дезинтоксикаторлар, антидоттар;
-Ағзамен жəне оған енгізілетін заттармен түйісетін полимерлер: хирургиялық құралдар, шприцтер, медициналық аппараттар мен приборлардың тетіктері;
-Ағзаға енгізілмейтін жəне ағзаға енетін заттармен түйіспейтін полимерлер: лабараториялық ыдыс, штативтер,операция бөлмелері жабдықтары