Машықтану № 1.
Тақырыбы:Пәнге кіріспе.Инклюзивті білім беру моделі.
1.Инклюзивті білім берудің критерийлерімен көрсеткіштері, модельдер мен компоненттері.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзв сөзі –латын тілінен аударғанда «өзімді», ал ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзив білім берудің мақсаты: даму мүмкінділігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру жүйесі болып табылады. Яғни, адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып – үйретудің бір формасы. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады.
Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім берудің жағымды көрсеткіштері анық:
- инклюзивті ортадағы ерекше білімді қажет ететін балалар, арнайы мектепте оқитындармен салыстырғанда, өздерінің қалыпты деңгейдегі құрбыларымен әлеуметтік өзара байланысқа түсуде жоғары деңгейді көрсетеді.
- Инклюзивті ортада ерекше білімді қажет ететін балалар күрделі бағдарламалар бойынша оқиды, нәтижесі – дағдылар мен академиялық жетістіктердің жақсаруы. Әрине, арнайы мектепке қарағанда жалпыға білім беру бағдарламалары жоғары әрі күрделі білім деңгейін талап етеді. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті мектепте академиялық міндеттерді шешуге көбірек уақыт жұмсайды, және де, салыстырмалы деңгейде жоғары академиялық нәтижелерді көрсетеді.
- Ерекше білімді қажет ететіңбалаларды әлеуметтік қабылдау, инклюзивті сыныптарда кіші топтарға бөліп оқытуға байланысты, нәтижелі қалыптасады. Балалар кіші топтарда педагогтың тапсырмасын орындау барысында кейбіреулерінің даму ерекшеліктері бар екендігін ұмытады. Біртіндеп, қалыпты деңгейдегі балалар өздерінің мүмкіндігі шектеулі балалармен ұқсастықтары көп екендігін түсінеді.
- Инклюзивті сыныптарда қалыпты деңгейдегі балалар мүмкіндігі шектеулі балалармен дос болады.
- Инклюзивті білім беру дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білімдерінің қалыптасуына әсер етеді.
- Инклюзивті сыныпта оқыған балалар үлкейгенде де даму ерекшеліктері бар адамдармен араласады.
- Қалыпты деңгейдегі балалар (тіпті дарынды, қабілеттері жоғары балалар) білім берудегі инклюзивті бағытта бірқатар жаңаша қарастырылған жұмыс түрлеріне қатысады: жақсартылған білім беру сапасы мен педагогикалық іс-әрекетте қолданылатын түрлі технологиялар мен әдіс-тәсілдердің пайдалануы.
- Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда жаңа білім беру технологиялары қажет: мысалы, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда мәліметтік технологиялар өте қажет. Мұндай технологияларды оқыту процесінде қолдану басқа балаларға да пайдалы.
- Инклюзивті білім беру жағдайында материалдық ресурстар мен материалдық қамтудың арттырылуы қалыпты деңгейдегі де және дарынды да балаларға да пайдалы. «Арнайы бағдарламаларға» бөлінген қаржылар тек мүмкіндігі шектеулі балаларды ғана емес, олардың қалыпты деңгейдегі құрдастарына да қолдануға жұмсалуы мүмкін.
- Қаржылай көмекті түрлі бағыттарда пайдалануға болады: мысалы, сыныптан тыс белсенділікті ұйымдастыруда, сыныпты қосымша оқыту техникалық құралдармен жабдықтауда, ал мұның барлығын тек ерекше білімді қажет ететінбалалар ғана емес, барлық балалар пайдалана алады.
- Инклюзивті оқытудың тағы бір жағымды жағы – сыныппен қосымша педагогикалық мамандардың жұмыс жүргізуі.
- Жиі қосымша қаржыландыру ерекше білімді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдауға, арнайы педагог (дефектолог), логопед-мұғалімдер, психолог және басқа да мамандардың жұмыс жүргізуіне бөлінеді.
- Қалыпты деңгейлі немесе дарынды оқушылардың ерекше білімді қажет ететінбалалардың оқыту процесіне қосылуында өзіндік бағалауы жоғарылап, академиялық дағдыларды меңгеру сапасы артады.
- Бұл балалардың «Мен - концепциясы», өзіндік ұстанымдары, әлеуметтік білімдері мен іс-әрекеттері анық болып қалыптасады. Маңыздысы, оқу процесінде ерекше білімді қажет ететін балаларға көмек көрсететін қалыпты деңгейлі балалардың академиялық көрсеткіштері, олардың инклюзивті процеске қатыспайтын құрдастарымен салытырғанда, әлдеқайда жоғары болады.
- Инклюзивті сыныпта оқу барысында қалыпты деңгейлі немесе дарынды балалардың Брайль тілін немесе ым-ишара тілін меңгеруге мүмкіндіктері бар.
- Инклюзивті сыныпта оқитын қалыпты деңгейлі немесе дарынды балалар өздерінің ерекше білімді қажет ететін балақұрдастарын сыйлауға, олардың психофизикалық дамуындағы бұзылыстардың түпкі мәнін түсінуге үйренеді.
Инклюзивті білім беру келесідей ұйымдарда ұйымдастырылуы мүмкін: жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық орталық), түзету мекемесіне қарасты жалпы білім беретін мектеп, кешкі мектеп, девианттық мінез -құлықты балаларға арналған білім беру ұйымы, мектеп-интернат, ерекше режимдегі балаларға арналған білім беру ұйымы және ауруханаға қарасты мектеп.
Достарыңызбен бөлісу: |